Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің 28.11.2011 № 19 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына және 2011 жылғы 12 мамырдағы N 13 Алакөл аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Жанама ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жанама ауылдық округінің Жанама елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жанама ауылдық округінің бас маманы Керімбай Сәметұлы Актымбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жанама ауылдық | |
округінің әкімі: | Қ. Мухаметкалиев |