РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының, Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-3 "2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттері арасындағы жалпы тұрғыдағы трасферттердің көлемдері туралы" шешімінің негізінде, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы № 19/2 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (2013 жылы 21 қарашада Ақмола облысы әділет Департаментінде № 3890 тіркелген, 2013 жылы 6 желтоқсанда "Сандыктауские вести" газетінде № 49 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізсін:
Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасының 2-тарауы 5-абзацы 11-тармағының 1)-тармақшасындағы "облыстық бюджеттен бөлінетін, нысаналы трансферттер есебінен" сөздері жойылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Амрина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Клюшников |
Келісілді
Сандықтау ауданының әкімі |
Е.Сағдиев |
2015 жылғы 15 мамыр