Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы "Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 11-1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 5-410 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 30 мамырда № 2739 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 21.07.2016 № 286 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы "Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 2254 тіркелген, 2013 жылы 18 қаңтарда аудандық "Іле таңы" газетінің № 4 жарияланған) № 11-1219 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Іле ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Іле ауданының әкімі Б. Абдулдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады