"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 264 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.12.2017 № 445 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 6 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіндегі:

      13-тармақтағы:

      функциялардағы:

      61), 63), 64), 67), 68) және 71) тармақшалар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Е.Г. Беспалиновқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспа сөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастапкүнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына жариялауды

      4) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бір ай ішінде әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Ақпарат және коммуникациялар


министрі

Д. Абаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады