2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 235 қаулысы. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 13.10.2023 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
А. Өксікбаев

  Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 235 қаулысына қосымша

2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмысшы лардың тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмысшылардың тізімдік санынан)

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

3,0

4

2

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммунальдық кәсіпорыны

288

4,0

11

3

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" Ырғыз ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

3,0

3

4

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ырғыз гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

3,0

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады