Мәслихаттың 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 93 шешімі. Күші бұзылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 62 шешімімен

      Ескерту. Күші бұзылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9742 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы", орыс тіліндегі тақырыбында "кент" деген сөз алынып тасталсын;

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшаларында:

      "Мәслихаттың 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген" деген сөздер "Мәслихаттың 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешіміне 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Мәслихаттың 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешіміне қосымша" деген сөздер "Мәслихаттың 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешіміне 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл аудандық мәслихатының хатшысы Д. Қойшыбаев

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 9 ақпандағы
  № 93 шешіміне
  1-қосымша
  Мәслихаттың
  2021 жылғы 26 қаңтардағы
  № 9 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін кент аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Құсмұрын кентінің аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Құсмұрын кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Құсмұрын кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.

      7. Көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Құсмұрын кентінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Бөлек жиынды Құсмұрын кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Құсмұрын кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Құсмұрын кенті әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 9 ақпандағы
  № 93 шешіміне
  2-қосымша
  Мәслихаттың
  2021 жылғы 26 қаңтардағы
  № 9 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Құсмұрын кентінің көшелер атауы

Өкілдер саны (адам)

1

К. Маркс

3

2

Ленин

3

3

М. Горький

3

4

Суворов

3

5

Кутузов

3

6

Свиридов

3

7

Степная

3

8

Калинин

3

9

Серіков, Железнодорожный қиылысы, Садовый қиылысы

3

10

Кавкетаев, Валиханов, Омаров, Шахтерская

3

11

Спортивная

3

12

Киров қиылысы, Жамбыл, Комсомольская

1

13

Әскери қалашық, Орджонекидзе, Чапаев

2

14

Фурманов, Первая, Вторая

1

15

Абай

3

16

Пришкольная, Прорабская

2

17

Первомайская, Убаганский қиылысы, Больничный қиылысы

2

18

Деповская, Дзержинский, Баймағамбетов

1

19

Фрунзе қиылысы, Луговая, Путевая, ЗелҰная

1

20

Павлов қиылысы, Шевченко қиылысы, Матросов

1

21

Фадеев, Вагонная, Гастелло

2

22

Буденный, Гоголь, Дорожник

1

23

Закарьерная, Караганская, Панфилов,

1

24

Пушкин, Разведчиков, Сенная, Советская

1

25

Строительная, Чкалова, Щорс, Южная

1


Всего

53


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады