Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Булаев қаласының және ауылдық округтердегі ауылдардың көшелері тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 11-4 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 24.10.2023 № 7-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Булаев қаласының және ауылдық округтердегі ауылдардың көшелері тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маслихат хатшысы Т. Әбілмәжінов

  Мағжан Жұмабаев ауданы
  мәслихатының 2022 жылғы
  14 ақпандағы № 11-4
  шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Булаев қаласының және ауылдық округтердегі ауылдардың көшелері тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Булаев қаласының және ауылдық округтердегі ауылдардың көшелері тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында Булаев қаласының және ауылдық округтердегі ауылдардың көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Булаев қаласының, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Булаев қаласының, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Булаев қаласының, ауылдық округтің әкімі жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, азаматтар көп жиналатын жерлердегі хабарландарулар арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Булаев қаласының көшелері, ауылдық округ ауылдары көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Булаев қаласының, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті Булаев қаласы көшелерінің, ауылдық округ ауылдары көшелерінің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Осы қалада, ауылдық округтің ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны өтті деп есептеледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағының екінші бөлімінде көрсетілген тұлғалар жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Булаев қаласының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Булаев қаласының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Булаев қаласы, ауылдық округ ауылдары көшелерінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар мына тәртіпте ұсынады:

      1) Булаев қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны:

      Булаев қаласының әр көшесінен жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар 1 (бір) өкілден;

      2) Ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар ауыл тұрғындарының жалпы санының 1 (бір) % (пайызы), бірақ 1 (бір) дамнан кем емес және 3 (үш) адамнан артық емес.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Булаев қаласының, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады