Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың IV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 226 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың IV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жетісу облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы "___" ______ № ____ қаулысына қосымша

Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың IV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

IV
тоқсан

1

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

442

2

Бірінші сортты бидай ұны

теңге/
килограмм

259

3

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

753

4

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

теңге/
килограмм

201

5

Түтік кеспе (өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

448

6

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

теңге/
килограмм

2451

7

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

теңге/
килограмм

1227

8

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

теңге/
литр

337

9

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

347

10

Сүзбе: майлылығы 5-9%

теңге/
килограмм

1521

11

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

теңге/дана

484

12

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

теңге/
килограмм

4088

13

Күнбағыс майы

теңге/
литр

1112

14

Ақ қауданды қырыққабат

теңге/
килограмм

99

15

Басты пияз

теңге/
килограмм

109

16

Асханалық сәбіз

теңге/
килограмм

162

17

Картоп

теңге/
килограмм

189

18

Ақ қант – құмшекер

теңге/
килограмм

653

19

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

теңге/
килограмм

74

      Облыс әкімдігінің 2023 жылғы "_____" ___________ "Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың IV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы" №______ қаулысына келісім беті

      Енгізуші:

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы


 
Д.Серіков

Келісілді:






Облыс әкімінің орынбасары


Ә. Жақанбаев

Облыс әкімінің орынбасары


Р. Али

Облыс әкімі аппаратының басшысы


Н. Егінбаев

Облыстың экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы


 
Ж.Әмірханов

Облыстың қаржы
басқармасының басшысы


 
Ж. Керімбекова

Облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу
және ТҚК жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің басшысы


 
А. Дауылбаева

Облыс әкімінің аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы


 
Б. Ақылбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады