Қарабұлақ ауылында халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 8-25 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарабұлақ ауылында халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Сатанов

  шешімге 1 қосымша

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Қарабұлақ а. жеке тұлғалар үшін (кәдеге жарату және қайта өңдеуді есепке алмағанда)

Атауы

Есептеу бірлігі

Бағасы ай (тенге)

1

Қосымша құн салығын есепке алмағанда, абаттандырылған үй-жайлардың тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

202

2

Абаттандырылмаған үй-жайлардың тұрғындары үшін қосымша құн салығын есепке алмағанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

240

  шешімге 2 қосымша

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған Тариф Қарабұлақ ауылында заңды тұлғалар үшін (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда)

Атауы

Есептеу бірлігі

Тариф, теңге

 
1

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 м3

2 400

 
2

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған Тариф

1 м3

384

1 тонна

1920


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады