Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 тіркелген) сәйкес, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Белсенді ұзақ өмір" және "Тең қоғам" функциялары берілуіне байланысты Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А.Узаков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) мекеме ережесін қаулы қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
3) мемлекеттік мүлік тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізуді;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | А.Сәбитов |
"БЕКІТІЛГЕН" Сайрам ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "10" тамыздағы № 290 қаулысымен |
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурызындағы № 330 қаулысына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына және басқа қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес құрастырылды.
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ары қарай "мекеме", жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеменің меншік түрі: коммуналдық.
4. Мемлекеттік мекеме Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы "09" тамызындағы № 655 қаулысымен құрылды.
5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Сайрам ауданының әкімдігі болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Түркістан облысы, 160800, Сайрам ауданы Ақсу ауылы, Саттарханов көшесі н/з.
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттар, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапта болады.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді
3.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Коммуналдық мекеме қызметінің мәні аудан аумағында:
- бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтарға;
- ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдарға;
- өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтарға;
- жалғыз тұратын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
- психоневрологиялық потологиясы бар мүгедектігі бар балаларға;
- психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға
- "Белсенді ұзақ өмір сүру" және "Тең-қоғам" концепсиясын халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
13.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты :
1) Денсаулық сақтау білім беру және басқада қоғамдық органдармен бірлесіп үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж жалғызбасты қарттарды, мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі барбалаларды анықтау және есепке алу.
2) Жалғысбасты қартты, мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік тексеру, оның мүддесі мен мұқтаждығын білу мақсатында қоршаған микроортаны тексеру.
3) Ата-аналарға ауру баланы жалпы күтудің практикалық машықтарын, әдістерін және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдерді үйрету.
4) Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларында балаларды жүріп тұру мен әлеуметтік машықтарға (киіну, жуыну, асхана құралдарымен пайдалану, ақша ұстау, заттар сатып алу және тамақ әзірлеу, телефонмен, көлікпен пайдалану және т.б) мінез-құлық, өзін-өзі бақылау мен қарым-қатынас дағдыларын үйретуге көмек көрсету.
5) Оңалту іс-шараларын іске асыру және қартты, мүгедектігі бар адамдарды, баланы қоғамдық ортаға, отбасыға бейімдеу мақсатында жеке азаматтармен ата-аналармен жұмыс жүргізу.
6) Жалғызбасты қарттың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың бос уақытын ұйымдастыру (ойындар, кітаптар, газет, журналдар оқу, оларды талқылау, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, басқа азаматтармен хат-алмасуды ұйымдастыру және т,б)
7) Жалғызбасты қарттармен, мүгедектігі бар адаммен, ата-аналармен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингтар және т.б.) ұйымдастыру арқылы ағарту-профилактикалық жұмыстар жүргізу.
8) Қажет арнайы медициналық жәрдем алуға және медициналық қызмет көрсетуге, атап айтқанда дәрігерді үйге шақыруға, емханаға бірге баруға көмектесу шұғыл жағдайларда бірінші медициналық көмек көрсету.
9) Жалғысбасты қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына демеуші көмек көрсету үшін, бұрын еңбек еткен ұжымдармен және қайырымдылық қорларымен тығыз байланыс жасау және дамыту.
10) Қамқорлықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау, интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және көмектің басқа түрлері үшін құжаттар рәсімдеуге жәдемдесу.
11) Консультативтік, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелері бойынша көмек көрсету.
12) Аз қамтамасыз етілген қатарындағы мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуга құжаттар рәсідеуге жәрдемдесу.
13) Жалғызбасты қарт, мүгедектігі бар адамдар қайтыс болған жағдайда жерлеу жұмыстарын ұйымдастыру.
14) Жалғызбасты қартқа, мүгедектігі бар адамдарға үйлеріне азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын, дәрі-дәрмектерін жеткізіп отыру.
15) Жалғызбасты қарттың, мүгедектігі бар адамдардың киімдерін және үй-тұрмыстық заттарын химиялық тазалауға, жөндеуге тапсырып, қайтып жеткізіп беру.
16) Жалғызбасты қарттың, мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үйін тазалауға, үйін жөндеуге ықпал жасау.
17) Медициналық көрсеткіштер бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
18) Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын ұйымдастыру.
19) Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегіп, дағдарысқа ұшыраған жәбірленушілерге әлеуметтік психологиялық сүемелдеу қызметін көрсету.
20) Мүгедектігі бар адамдар және зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау.
21) "Белсенді ұзақ өмір сүру" және "Тең-қоғам" концепсиясын жүзеге асыру.
22) Мүгедектігі бар адамдардың және зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартуға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмыстарының инфрақұрылымын құру.
23) Мүгедектігі бар адамдарды және зейнеткерлік жастағы азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз ету.
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- әлеуметтік – тұрмыстық;
- әлеуметтік – медициналық;
- әлеуметтік – психологиялық;
- әлеуметтік – педагогикалық;
- әлеуметтік – мәдени қызмет;
- әлеуметтік – экономикалық;
- әлеуметтік құқықтық;
- әлеуметтік – еңбек;
Психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандары жасайтын жеке бағдарламаны есепке ала отырып, жеке оңалту жоспарын түзу.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
4. Коммуналдық мемелекеттік мекемені басқару
16. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
17. Тиісті саланың уәкілетті органы заңмен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) Коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздерін айқындайды;
7) Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) Жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
9) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
10) Жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
11) Осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың жергілікті атқарушы органына тікелей бағынады және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
20. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызетінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
21. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру барысында коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет ете алады.
2) Мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді.
3) Шарттар жасайды.
4) Сенімхаттар береді.
5) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді.
6) Банк шоттарын ашады.
7) Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
8) Тиісті саланың өкілетті органының келісімімен орынбасарын, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
9) Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады.
10) Өз орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды.
11) Оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және жергілікті атқарушы органның жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
23. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құны оның теңгерімде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналар:
1) Оған меншік иесі берген мүлік;
2) Өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады;
24. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
26. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың жергілікті атқарушы органы қаржыландырады.
27. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
28. Коммуналдық мемлекеттік мекемеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
29. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамысының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
30. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органы шешімі бойынша жүзеге асырады, және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
31. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
33. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және таратуды жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органы қайта бөледі.
35. Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.