БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператордың базасында автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:
- "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
- "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
- "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
- "Сот сарапшыларын аттестаттау";
- "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау";
- "Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау"
- "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру";
- "Сот сарапшысының біліктілігін беру".
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру тәртібі осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | А.Н. Есқараев |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж.Х. Мәдиев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру ТӘРТІБІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) кәсіптік қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу ("Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Сот сарапшыларын аттестаттау"; "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау", "Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау") және біліктілік беру ("Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларының бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру", "Сот сарапшысы құқығына біліктілік беру") жөніндегі мемлекеттік қызметтерін "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде көрсету процесін айқындайды.
2. Тәртіп келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) Көрсетілетін қызметті алушы – кәсіптік қызметпен айналысуға және біліктілік беруге үміткер жеке тұлға;
2) ӘД – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Әділет департаменттері;
3) ССО – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы;
4) Тестілеу операторы – "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы;
5) ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
5) Портал – "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.
Тәртіпте пайдаланылатын барлық өзге терминдер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында қолданылатын мағынада пайдаланылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
1 параграф. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі
3. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестацияға өту үшін көрсетілетін қызметті алушы ӘД портал арқылы осы Тәртіптің 7-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестацияға өту үшін көрсетілетін қызметті алушы ӘД портал арқылы осы Тәртіптің 7-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20775 болып тіркелген) "Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестацияға өту үшін көрсетілетін қызметті алушы ӘД портал арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) "Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосышасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
4. ӘД құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
5. ӘД құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда ӘД құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10270 болып тіркелген) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10270 болып тіркелген) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10308 болып тіркелген) жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
6. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын ӘД құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін ӘД көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын ӘД оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша ӘД үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
ӘД аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей қызмет алушыға қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы "жеке кабинетке" жібереді.
8. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы ӘД оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы "жеке кабинетке" беру арқылы хабардар етеді.
9. ӘД аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестацияға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.
10. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.
11. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (адвокаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10; нотариаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Жер кодексі – 15, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 15, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 15; жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша – 100 сұрақ: "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 45, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi – 10, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 10, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексі – 5).
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
12. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.
13. Үміткерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болады.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде үш нұсқасы қамтылады.
14. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Министрлік Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
15. Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
16. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі, олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтеді.
18. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде мобильдік телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
19. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
20. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.
21. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт - 60 (алпыс) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
22. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
23. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
24. Аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін Тестілеу операторы ӘД көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді.
25. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы тәртібінің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады (пилоттық аймақтар үшін).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, ӘД уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
26. ӘД компьютерлік тестілеу процесінде не практикалық тапсырмаларда (көрсетілетін қызметті алушыға тәуелді емес) техникалық ақаулар және/немесе қателер анықтаған жағдайда, техникалық іркілістер туралы актімен дәлелденген кезде ӘД Тестілеу операторының атына дәлелді хат жолдау арқылы аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдайды.
Аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70% (жетпіс) және одан да көп жинауға мүмкіндік беретін дұрыс белгіленген жауаптарында қателердің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) негіз болып табылады.
Практикалық тапсырмаларда қателер (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушы екінші кезеңге қайта жіберіледі.
27. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден ӘД бекіткен басқа күні өте алады. Өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 (жұмыс) күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл ретте ол аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
28. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының адвокатура, нотариат және жеке сот орындау саласындағы заңнамасы бойынша білімін тексеру, сондай-ақ аттестациядан өтуге дайындалу мақсатында сынақ тестілеуден өте алады.
Сынақ тестілеу нәтижелері аттестаттау/аттесттамау туралы уәжделген шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
29. Аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.
Параграф 2. "Сот сарапшыларын аттестаттау"; "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
30. ССО Тестілеу операторын және аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушыларды аттестаттауды өткізу туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
31. "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағына сәйкес лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы шешімді Министрліктің сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссиясы қабылдайды, ал сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларын ССО басшысы қабылдайды.
32. Сот сарапшысының бір уақытта 1 (бір) сараптамалық мамандықтан аспайтын біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау бойынша аттестаттаудан өтуге жол беріледі.
33. Көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №336 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15033 тіркелген) Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды портал арқылы ССО жібереді.
34. ССО құжаттарды қараудың және рұқсат берудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
35. ССО құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
36. ССО құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
37. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өтуге жіберіледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
38. ССО аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушыларды аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама немесе портал арқылы "жеке кабинетке" беру арқылы жазбаша хабардар етеді.
39. Аттестаттау 2 кезеңде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі:
1) заңнаманы білуге компьютерлік тестілеу (100 сұрақ) қылмыстық процестік құқық (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық (20 сұрақ); криминалистика (20 сұрақ); әкімшілік құқық (20 сұрақ); "Сот-сараптама қызметі туралы" ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) (20 сұрақ);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеу.
40. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.
41. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Министрлік Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
42. Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басын куәландыратын құжатты немесе "цифрлық құжаттар" сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде тестілеуге жіберіледі.
43. Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыты - 90 минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеу уақыты - белгілі бір мамандық бойынша 30 (отыз) минут 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы құрайды).
44. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
45. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайта өте алады.
46. Заңнаманы білуге тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70% және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша дұрыс жауаптардың кемінде 50% құрайды.
Егер заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден өтудің шекті деңгейі ситуациялық міндеттердің жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 % құрайды.
47. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
48. Нәтижелер түпнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ССО мөрімен расталатын екі данада басып шығарылады. Бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті алушының қолымен көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау ісінде сақталады.
49. Аттестаттаудан өтпеген көрсетілетін қызметті алушы бір реттен артық емес қайта аттестаттауға жатады.
50. Қайта аттестаттау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №336 бұйрығымен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларының 12-тармағында айқындалған тәртіппен аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кешіктірілмей өткізіледі.
51. Қайта аттестаттау кезінде заңнаманы білуге тестілеу бойынша шекті деңгейден өткен көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуге жіберіледі.
52. ССО 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттаудан өту/өтпеу туралы шешімді электрондық форматта ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ССО басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
53. Аттестаттаудан өту туралы шешім ол шығарылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде жарамды болып табылады.
54. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден ССО бекіткен басқа күні өте алады. Өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 (жұмыс) күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл ретте ол аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
55. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының сот-сараптамасы саласындағы заңнамасы бойынша білімін тексеру, сондай-ақ аттестациядан өтуге дайындалу мақсатында сынақ тестілеуден өте алады.
Сынақ тестілеу нәтижелері аттестаттау/аттесттамау туралы уәжделген шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
Параграф 3. "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру"; "Сот сарапшысының біліктілігін беру"
56. Сот сарапшысының біліктілігін беру көрсетілетін қызметті алушы біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне толықтыруды бере отырып, заңнаманы білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуді тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
57. Тестілеуден өту кестесін ССО оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бекітеді.
Тестілеуді тапсыру кестесінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыны таныстыру үшін ССО ресми сайтында бір мезгілде Тестілеу операторын хабардар ете отырып орналастырылады.
58. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуді тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ССО осы тәртіптің 6-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №335 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) Сот сарапшысының біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес электрондық құжат нысанында біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне толықтыруды алу үшін құжаттарды жібереді.
59. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
60. ССО құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
61. ССО құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
62. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
63. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) жұмыс күні бұрын тестілеуді өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама беру арқылы немесе портал арқылы "жеке кабинетке" хабардар етіледі.
64. Тестілеу 2 кезеңде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі:
1) заңнаманы білуге компьютерлік тестілеу (100 сұрақ) қылмыстық процестік құқық (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық (20 сұрақ); криминалистика (20 сұрақ); әкімшілік құқық (20 сұрақ); Заң бойынша (20 сұрақ);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеу.
65. Тестілеуге енгізілуі тиіс сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.
66. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Министрлік Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
67. Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басын куәландыратын құжатты не "цифрлық құжаттар" сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде тестілеуге жіберіледі.
68. Заңнаманы білуге тестілеу уақыты 90 (тоқсан) минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеу уақыты - белгілі бір мамандық бойынша 30 (отыз) минутты (2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы) құрайды.
69. Тестілеуді өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де тасығыштарда, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы тестілеуден шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Тестілеуден шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң сот сарапшысы біліктілікті алу үшін тестілеуге жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
70. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайта өте алады.
71. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін заңнаманы білуге тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70% құрайды.
72. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.
73. ССО 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық форматта біліктілік емтиханынан өту/өтпеу туралы шешімді ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" ССО басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
74. Тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы оны сот сараптамаларының біліктілік даярлығынан өткеннен кейін үш айдан ерте емес және алты айдан кешіктірмей қайта өте алады.
75. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден ССО бекіткен басқа күні өте алады. Өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 (жұмыс) күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл ретте ол аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
76. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының сот-сараптамасы саласындағы заңнамасы бойынша білімін тексеру, сондай-ақ аттестациядан өтуге дайындалу мақсатында сынақ тестілеуден өте алады.
Сынақ тестілеу нәтижелері аттестаттау/аттесттамау туралы уәжделген шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
Параграф 4. "Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау"
77. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда №17322 болып тіркелген "Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық құжат нысанында жібереді.
78. Министрлік құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
79. Министрлік құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
80. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Министрлік құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
81. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Министрлік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша Министрлік оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша Министрлік үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
82. Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді Министрлік өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
83. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы Министрлік оның абоненттік нөміріне хабарлама жіберу арқылы немесе портал арқылы "жеке кабинетке" аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
84. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген адамдардың тізімін жібереді.
85. Аттестаттауды Министрлік құжаттарды тіркеген күннен бастап 10 жұмыс (он) күні ішінде жүргізеді.
86. Аттестаттау зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі.
87. Аттестаттау тесттеріне енгізуге жататын мәселелердің тізбесін Министрлік қалыптастырады.
88. Үміткерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың (100 сұрақ: өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау – 25, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау – 25, селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау – 25, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау – 25) жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болуы тиіс.
89. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Министрлік Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
90. Аттестаттау компьютерлік техниканы пайдалана отырып, Тестілеу операторының базасында жүргізіледі.
91. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы үміткерді аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі, олардың ұзақтығы және үміткерлерді іріктеу рәсімінің мазмұны туралы хабардар етеді.
92. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
93. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайта өте алады.
94. Заңнаманы білуге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт-90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өтті деп есептеледі.
95. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
96. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады, олардың біреуі тестілеу аяқталғаннан кейін танысу және жеке қол қойылған нәтижелерімен танысу фактісінің көрсетілуі үшін кандидатқа ұсынылады.
Министрлік 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттаудан өту/өтпеу туралы шешімді электрондық форматта ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Министрлік басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
97. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
98. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуге келмеген жағдайда аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі. Аттестаттау нәтижесін Министрлік көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Тестілеу операторы Министрлікті тестілеу өткізілген күні көрсетілетін қызметті алушының келмегені туралы хабардар етеді.
Дәлелді себептермен (ауру, жақын туыстарының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күштің жағдаяттары) аттестаттауға келмеген адам өтінішті және растайтын құжаттарды ұсынған кезде Министрлік белгілеген басқа күні тестілеуден өтуі мүмкін. Өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 (жұмыс) күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
99. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының зияткерлік құқық саласындағы заңнамасы бойынша білімін тексеру, сондай-ақ аттестациядан өтуге дайындалу мақсатында сынақ тестілеуден өте алады.
Сынақ тестілеу нәтижелері аттестаттау/аттесттамау туралы уәжделген шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
3-тарау. Аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
100. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Министрлікке немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
101. Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
102. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Номер_________
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім
қала_________ | күні______ |
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.
Басшы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Номер________
Нотариаттық қызметімен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім
қала______ | күні_______ |
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.
Басшы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Номер__________
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткені туралы шешім
қала__________ | күні__________ |
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өтті деп танылсын.
Басшы ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот сарапшысының аттестаттаудан өту туралы шешім
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____
Астана қаласы | "__"______ 20__ж. |
Осы куәлік ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1.________________________________
2.________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
_________________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
№_____ сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша
Астана қаласы | "__"______ 20__ж. |
Осы куәлік ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1.________________________________
2.________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
______________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)
Өтініш
Сізден, мені келесі сарапшылық мамандықтар: ______________________ бойынша сот сарапшысының біліктілігін беру үшін тестілеу тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:
Қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________
Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін:
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қызмет алушының қолы)
Өтініш беру күні
Өтініш
Сізден, мені адвокаттық/нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге жіберулеріңізді сұраймын.
Осымен: мен анық мәліметтерді ұсыну үшін жеке жауап беретінім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сотпен өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салмаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені расталады.
Қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________
Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін:
_______________________________________________________________________
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қызмет алушының қолы)
Өтініш беру күні