ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 9-т. қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі – Платформа) арқылы педагогтерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті, Мектепке дейінгі білім департаменті, Техникалық және кәсіптік білім департаменті, Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті, Қарағанды облысының Білім басқармасы (келісім бойынша), "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз етсін.
4. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы және пилоттық жобаға қатысатын ақпараттандыру объектілері:
1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректеріне қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисімен интеграцияны;
2) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-тармағына сәйкес пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша хаттамаларының болуын;
3) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын (бұдан әрі – АҚМЖО) құруды немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан АҚМЖО қызметін сатып алуды қамтамасыз етсін.
5. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы ақпараттандыру объектілері Заңының 54-бабы 3-2-тармағы, Қағидаларының 4-тармағы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелердің интеграциясын, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуын қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін осы бірлескен бұйрықтың 4 және 5-тармақтарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін хабардар етсін.
9. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
__________Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
__________Е. Оспан |
Қарағанды облысы бойынша педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы арқылы мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды.
2. Осы Алгоритмда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Алгоритмға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы – осы Алгоритмға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) ("Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог;
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Алгоритмға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;
8) біліктілік санаты – "Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
10) педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы (ақпараттандыру объектісі) – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Платформа).
11) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет.
3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
4. Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді.
5. Аттестаттау педагогтардың барлық лауазымдары үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.
Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін қызмет нәтижелерін таныстыра отырып, сондай-ақ Комиссия отырысында әңгімелесу өтеді.
Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға болмай құрылымдық бөлімше болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімінен өткізбей:
жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болса – "педагог-модератор";
жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болса, "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарын береді.
Біліктілік санатын беру жөніндегі Комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
7. Комиссия өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей:
Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне, қолданыстағы Сэлта CELTA сертификаты (сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг ту адалтс. Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пасэндэбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне "педагог-модератор" біліктілік санатын береді;
қолданыстағы Дэлта DELTA сертификаты (диплом ин инглш лэнгуидж тичинг ту адалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пас энд эбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне "педагог-сарапшы" біліктілік санатын береді.
8. Аттестаттаушы органның Комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз) тілі мұғаліміне педагогіне өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді:
1) "педагог-модератор":
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 79-84 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэцэтификат (GoetheZertifikat) – В2.
2) "педагог-сарапшы":
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) – 85-93 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэцэтификат (GoetheZertifikat) – В2;
3) "педагог-зерттеуші":
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичингноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуиджлернин Content and Language Integrated Learning); тикитийанлернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners).
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэцэтификат (GoetheZertifikat) – С1;
4) "педагог-шебер":
ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 102-109 балл; тикити TKT (тичингкноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернинг Content and Language Integrated Learning); тикити йанлернерс TKT YL (йанлернерс Young Learners);
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэцэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.
9. Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын педагогтерге жеке өтініш пен бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия:
В2 деңгейі - "педагог-модератор";
С1 немесе С2 деңгейі - "педагог-сарапшы" біліктілік санатын береді.
10. "Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту Қағидаларын бекіту туралы (Арнайы бағдарлама)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған мұғалімдерге аттестаттау рәсімінен өтпестен өтініші бойынша:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – "педагог-модератор";
"педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты бар педагогтерге – бір деңгейге жоғары біліктілік санаты беріледі.
Басқа білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде педагогтерге Арнайы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
11. Білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей "бірінші санатты басшы" біліктілік санаты беріледі.
12. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау) туралы бұйрық шығарады және білім беру ұйымы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік береді.
1-параграф. Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызметінің тәртібі
13. Білім беру саласындағы уәкілетті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін 2024 жылғы 1 қыркүйегіне дейін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін Комиссиялар құрылады:
1) білім беру ұйымдарында: "педагог-модератор";
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органында: "педагог-сарапшы", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы";
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:
"педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін, "бірінші санаттағы басшының орынбасары", "бірінші санаттағы басшы";
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: "педагог-сарапшы", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы";
4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:
"педагог-шебер";
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін: "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "бірінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы", "бірінші санаттағы басшы".
14. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар және "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдардың әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
15. Комиссияның өкілеттігі қолданыста болған кезеңде аттестаттауға жататын педагогтер Комиссия құрамына кірмейді.
16. Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.
17. Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
18. Комиссияның отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Комиссия педагогтердің (ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа) аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді.
20. Комиссия шешімі осы Алгоритмның 2-қосымшасына сәйкес хаттамамен рәсімделеді. Осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамадан үзінді көшірме үш жұмыс күні ішінде педагогтің электрондық поштасына жіберіледі. Аттестаттаудан өткен педагогтердің тізімі шешім шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде аттестаттаушы органның интернет-ресурсында жарияланады.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
21. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.
КДП сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісе отырып, Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде педагог аттестаттаудан өту үшін осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
22. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.
23. Мемлекеттік қызмет Платформа арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Платформа арқылы құжаттарды беру кезінде бір жұмыс күні ішінде осы Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Алгоритмге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
Өтініш Платформа арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсетуге келісімін алу талап етіледі, сондай-ақ аттестаттаудан өтуге өтінішті, аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімін қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу көзделген.
Біліктілік санатын беру/растау туралы шешімге аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылады. Хаттама Платформада автоматты түрде қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі шешім негізінде автоматты түрде қалыптастырылатын біліктілік санатын беру/растау туралы электрондық куәлік болып табылады.
24. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелдерін көрсететін материалдар (портфолио) осы Алгоритмге 8-қосымшаға сәйкес әртүрлі дерекқорлардан құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы Платформадағы "жеке кабинетте" автоматты түрде қалыптастырылады. Педагогтің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бақылау осы алгоритмге 9-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. Педагог өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерін қадағалайды, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары туралы хабарлама, ПББ нәтижесі, біліктілік санатының сәйкестігі туралы шешім, біліктілік санатын беру/растау туралы электрондық куәлік алады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Алгоритмға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
26. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шағымдалған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Платформадағы Жеке кабинетте орналастырылған сілтеме бойынша e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-параграф. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі
27. Педагог қызметінің және жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.
Материалдарға (портфолиоға) педагогтің эссесі қосылады. Эсседегі сөздердің саны 250-300 сөзден құралу керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды және оны ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.
28. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді
29. Комиссия мүшелері қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарының мәлімделетін біліктілік санатына сәйкестігін растайды.
30. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жалпылау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке біліктілік санаты беріледі:
біліктілік санатын растау кезінде бір деңгейге төмен;
біліктілік санатын беру кезінде ПББ нәтижелерінен жоғары емес.
31. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатынан өту мерзімдері мен дәйектілік қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) "педагог" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және қайта даярлау туралы құжаты бар, бейіні бойынша кемінде бір жыл педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
ПББ өткен "педагог-тағылымдамашы", оның ішінде:
педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (тиісті бейіні бойынша жалпы педагогикалық өтілі кемінде 1 жыл болған кезде педагогикалық лауазымды қайта бастау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды) және біліктілік санаты жоқ;
білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау туралы құжаты бар білім беру ұйымдарына педагог лауазымына қабылданған біліктілік санаты жоқ тұлғалар;
қосымша білім беру жүйесінде 5 (бес) және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар;
оқу пәнінің мазмұнын, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке дамуына арналған педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;
жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын және бағалау құралдарын меңгереді;
танымдық (білім беру) үдерісінің қағидаттарын ескере отырып, сабақ (оқу, қызмет, іс-шаралар) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады;
ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқыту (тәрбиелеу) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімін (дамуын) талқылайды;
оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара әрекеттеседі;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;
2) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар тұлғалар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушының (тәрбиеленушінің) жетістіктерін ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) талқылайды және оқытудың (дамытудың) жеке траекториясын әзірлейді;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін өзінің практикасын және әріптестер практикасының өзекті нәтижелерін талдайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушысы болып табылады;
3) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейініне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге және облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар табылады;
5) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар тұлғалар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жоспарлайды және жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамыту бойынша ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді немесе бағдарламаларды немесе әдістемелік материалдарды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізіміне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары бар болады;
республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының республика деңгейінде ұйымдастырған педагогтері үшін (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибені таратады.
32. "Екінші санат", "бірінші санат", "жоғары санат" біліктілік санаттары бар педагогтер өтініш негізінде осы Қағидаға сәйкес тиісінше немесе жалпы негіздерде "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
Мәлімделген біліктілік санаттарына өтпеген педагогтерге санат ПББ нәтижелері негізінде беріледі. "Педагог-модератор" біліктілік санатын беру үшін ПББ ұпайлары жеткіліксіз болған жағдайда, педагогке "педагог" санаты беріледі.
33. Педагогтер біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
34. Біліктілік санаттарын сақтай отырып, аттестаттау педагогтердің өтініші негізінде, екі жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар бар болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарынан, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға беріледі;
5) егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса.
35. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер осы Алгоритмге 31-тармағына сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.
36. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес немесе (бірінші басшылар, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілер), білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, арнайы педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері үшін) атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып жүзеге асырылады.
37. Білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.
38. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (оқу-өндірістік комбинаттары) педагогтеріне кезекті біліктілік санатын беру (растауды) оқытатын бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес өтеді.
"Педагог (оқытушы)" лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты "бөлімше меңгерушісі", "өндірістік оқыту шебері", "аға шебер" лауазымдарына қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызмет ауысқан немесе жүзеге асырылған кезде сақталады.
"Бөлімше меңгерушісі", "өндірістік оқыту шебері", "аға шебер" лауазымдары бойынша берілген біліктілік санаты "педагог (оқытушы)" лауазымына ауысқан және қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызметті жүзеге асырған кезде сақталады (таратылады).
39. "Көркем еңбек", "Еңбекке баулу" пәні бойынша сабақ беретін педагогтер "Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу" мамандықтары бойынша; "Графика және жобалау" пәні бойынша – "Бейнелеу өнері", "Сызу", "Информатика" мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатына сәйкес кәсіптік оқуы ескеріледі.
40. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда оның бұрын алған санаты сақталады. Кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру туралы құжаты болған жағдайда жалпы негізде жүзеге асырылады.
41. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
4-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) тәртібі
42. Қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі.
1) "педагог-сарапшы" - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған педагогтер;
аудандық/қалалық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.
2) "педагог-зерттеуші" - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыстық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.
3) "педагог-шебер" - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар;
Қазақстан Республикасының "Үздік педагогі" атағына ие болған адамдар.
Комиссия "мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған кезде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
5-параграф. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшы орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі
43. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының біліктілік санаты үш жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинет (орталық) басшысы орынбасарларының біліктілік санаты бес жылға жарамды.
Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын осы Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
44. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары ПББ нәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес кезектілікті сақтамай біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. Кейінгі аттестаттау бірізділік принципіне сәйкес жүргізіледі.
45. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде Платформадағы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
Білім беру ұйымының бірінші басшысының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың), білім беру ұйымы басшысының орынбасарының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) қызметі мен жетістіктерінің дәлелдерін көрсететін материалдары (портфолиосы) осы Алгоритмге 11-қосымшаға сәйкес әртүрлі дерекқорлардан құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы Платформадағы "Жеке кабинетте" автоматты түрде қалыптастырылады.
46. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшыларын, басшылардың орынбасарларын кезекті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді;
қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
мәлімделген біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;
біліктілік санатына сәйкес келмейді (.
47. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары осы Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі біліктілік санатын беруге тиісті деңгейдегі комиссияға қызмет нәтижелерінің мәлімделген біліктілік санатына сәйкес екі жыл ішінде үздіксіз қол жеткізу негізінде мерзімінен бұрын өтініш беруге құқылы.
"Мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес келмейді" шешімін қабылдаған кезде Комиссия осы Алгоритмге 12-қосымшаға сәйкес хаттама жасайды және үш жұмыс күні ішінде осы Алгоритмге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені платформада "жеке кабинетте" орналастырады. Бұл ретте қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
48. "Басшы-ұйымдастырушы" біліктілік санаты "үшінші санаттағы басшы" біліктілік санатына; "басшы-менеджер" біліктілік санаты "екінші санаттағы басшы" біліктілік санатына; "басшы-көшбасшы" біліктілік санаты "бірінші санаттағы басшы" біліктілік санатына теңестіріледі.
49. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты басшы, басшының орынбасары лауазымындағы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Бірінші басшы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына және керісінше ауысқан кезде басшының (басшының орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты келесідей лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:
"бірінші санатты басшы" - "бірінші санаттағы басшының орынбасары";
"екінші санаттағы басшы" - "екінші санаттағы басшының орынбасары";
"үшінші санаттағы басшы" - "үшінші санаттағы басшының орынбасары".
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне |
|
1-қосымша |
Біліктілік санатын беру (растау) туралы КУӘЛІК
Осы куәлік_______________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
20__ "__"__________ Біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша аттестаттау
комиссиясының шешіміне сәйкес
______________________________________________________________
(білім беру ұйымының немесе білім басқармасы органының толық атауы)
"___" __________ 20 ___жылғы № ____ бұйрығымен______________біліктілік санаты
_____________________________лауазымы бойынша берілді (расталды). (лауазымның
атауы)
Осы куәлік "___" ___________ 20 __ жылға дейін жарамды.
Білім беру ұйымының/ білім беруді басқару органының басшысы
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Басып шығару орны Тіркеу нөмірі __________________
Берілген күні 20 ____ жыл "____" __________
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 2-қосымша Нысан |
Педагогтің/бөлім басшысының (меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған Комиссия отырысының хаттамасы
20____ жылғы "___" __________________
Комиссия төрағасы
________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
1. _____________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша Комиссияның шешімі
Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді
№ |
Т.А.Ә. | Лауазымы | Кезекті / мерзімінен бұрын педагогтер үшін | Біліктілік санаты | Мәлімделген біліктілік санаты | Берілген біліктілік санаты |
Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді
№ |
Т.А.Ә. | Лауазымы | Кезекті/ мерзімінен бұрын педагогтер үшін | Біліктілік санаты | Мәлімделген біліктілік санаты | Берілген біліктілік санаты | Себебі |
Қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді
№ |
Т.А.Ә. | Лауазымы | Кезекті / мерзімінен бұрын педагогтер үшін | Біліктілік санаты | Мәлімделген біліктілік санаты | Берілген біліктілік санаты |
Қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді
№ |
Т.А.Ә. | Лауазымы | Кезекті / мерзімінен бұрын педагогтер үшін | Біліктілік санаты | Мәлімделген біліктілік санаты | Берілген біліктілік санаты |
Комиссия төрағасы
____________________________(қолы)
Комиссия мүшелері
___________________________ (қолы)
___________________________ (қолы)
___________________________ (қолы)
___________________________ (қолы)
Хатшы: ____________________ (қолы)
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 3-қосымша |
20______ жылғы "___" _________ __________________________________
(комиссияның толық атауын көрсету)
Аттестаттау комиссиясы отырысының № ___ Хаттамасынан үзінді
Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша Комиссия
ШЕШІМІ ________________________________________________________________
(аттестатталушы педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді (сәйкес келмейді)
________________________________________________________________
біліктілік санаты
Біліктілік санатына сәйкес келеді
________________________________________________________________
Комиссия хатшысы ____________ _________________________________
қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 4-қосымша |
"Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 5-қосымша |
Педагогті, бөлім басшысын (меңгерушісін), әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерін аттестаттау рәсіміне қатысуға өтініш
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
ЖСН________________________________________________________________
Лауазымы, жұмыс орны, электрондық пошта _____________________________
_________________________________________________________ 20____жылы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы (мамандығы) атқаратын лауазымына сәйкестігіне/сәйкессіздігіне, біліктілік
санатты беру/ растау аттестаттау рәсіміне қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта менің ____ (күні) ____ (айы) _______ жылға дейін жарамды
_______________________________________ біліктілік санатым бар.
Білім беру ұйымының атауы_______________________________________
____________________________________________________________________
Біліктілік санатын беру (растау) тәртібімен таныстым.
Педагог, бөлім басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинет (орталық) әдіскері
аттестаттаудан өту үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға
беруге келісім беремін. Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы туралы
хабарлаймын, сондай-ақ жалпыға қол жетімді дереккөздерде дербес деректердің
таратылмауы туралы.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә, ЖСН, электрондық пошта, телефон нөмірі.
"_____" __________ 20 ___ жыл __________________ (қолы)
Аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсіміне қатысуға өтініш қабылданды.
Осы хабарлама "____" __________20___ жылы жіберілді.
Аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсіміне қатысуға өтініш
____________________________________________________________________,
атап айтқанда /жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсету/:
1)_________________________________;
2)_________________________________;
3)_________________________________ байланысты қабылданбады.
Осы хабарлама "____" __________20___ жылы жіберілді.
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 8-қосымша |
Педагог материалдарын бағалау парағы (портфолио)
"______" ____________ 20_____ ж
_______________________________________________________________
Қолы Комиссия мүшесінің толық аты-жөні
Бөлім меңгерушісінің, білім беру ұйымы әдіскерінің, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы
20_____ ж. "______" ____________ ________________
_____________________________________________________
(қолы) (Комиссия мүшесінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Портфолионы бағалау парағына түсініктеме
Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау кезінде педагог материалдары мәлімделген біліктілік санатына қойылатын талаптарға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді көрсетуі тиіс.
1. "Білім беру сапасын қамтамасыз етудің тиімділігі" өлшемшарттары бойынша балл қою кезінде мыналарды ескеру қажет:
- білім сапасының динамикасы, соңғы 3 жылдағы білім беру бағдарламасын игеру;
- білім беру ұйымы басшысының (орынбасарының, әдіскерінің), педагогінің; әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің соңғы оқу жылындағы сабақты (сабақты, ұйымдастырылған қызметті, іс-шараны) бағалау парақтарының болуы: "педагог-модератор" - 5, "педагог-сарапшы" - 5, "педагог-зерттеуші" - 5, "педагог-шебер" - 5;
- "оқыту (өткізу, ұйымдастыру) сапасы" көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мән (кемінде бес бақылау парағы) қойылады.
2. "Жетістіктер" өлшемшарттары бойынша балл қою кезінде мыналарды ескеру қажет:
- конкурстық іс-шаралар білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі;
- көрсеткіштің әрбір бірдей атауы (жұмыс түрі) бойынша ұсынудың ең жоғары деңгейі ескеріледі: мысалы, кезеңдер бойынша олимпиадаға қатысқан жағдайда қатысудың ең жоғары бір деңгейі ескерілетін болады;
- әртүрлі атаулар (жұмыс түрлері) бойынша балдар жинақталады: мысалы, республикалық деңгейде 2 түрлі жоба ұсынылған жағдайда әрбір жоба үшін балл ескерілетін болады;
- әр көрсеткіште кемінде бір жеңімпаз сертификаты болған жағдайда 1 балл қосылады (бірақ жеңімпаздар саны бойынша емес: мысалы, республикалық деңгейде 2 жеңімпаз болған жағдайда бұл деңгейде тек 1 балл қосылады)
3. "Тәжірибені жалпылау және тарату" өлшемшарттары бойынша балл қою кезінде мыналарды ескеру қажет:
- тәжірибені тарату жөніндегі іс-шаралар республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі ("педагог-шебер") немесе облыстың білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік бекіткен материалдар негізінде жүргізіледі;
- көрсеткіштің әрбір бірдей атауы (жұмыс түрі) бойынша ұсынудың ең жоғары деңгейі ескеріледі: мысалы, семинарда сөз сөйлеген жағдайда қатысудың ең жоғары деңгейі ескеріледі немесе сол материал жарияланған жағдайда жарияланымның ең жоғары деңгейі ескеріледі;
- әр түрлі атаулар (жұмыс түрлері) бойынша балдар жинақталады: мысалы, 2 түрлі топқа қатысқан жағдайда бір деңгейде әр жоба үшін балл ескеріледі; - "Оқу-әдістемелік материалдар" көрсеткіші бойынша (авторлық бағдарламадан басқа) бірлескен авторлық жағдайда (3 автордан аспайтын) республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған материалдар үшін 2 балл қойылады 1 балл - Облыстың білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе аудан/қала білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік, бұл ретте әртүрлі деңгейлерде ұсынылған бір жұмыс үшін балдар қосылмайды;
- "Зерттеу қызметі (практиканы зерттеу) негізінде жариялау" көрсеткіші бойынша бірлескен авторлық жағдайда 2 балл қойылады, бұл ретте әртүрлі басылымдарда және әртүрлі деңгейлерде жарияланған бір жұмыс үшін балл қосылмайды;
- "Біліктілікті арттыру" көрсеткіші бойынша біліктілікті арттыру курстары шеңберінде сағат санына сәйкес балл қойылады, бұл ретте, егер педагог екі және одан да көп курстарға қатысқан жағдайда сағат саны жинақталады.
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 9-қосымша |
Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бақылау парағы
_________ __________________________________________________________ (қолы) (Бақылаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"Танысты" ______________________________________________________________ (қолы) (Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мектепке дейінгі ұйым мен жалпы бiлiм беретiн мектеп, лицей және гимназияның мектеп алды сыныптары педагогінің ұйымдастырылған қызметін бақылау парағы
_________ __________________________________________________________ (қолы) (Бақылаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"Танысты" __________________________________________________________________ (қолы) (Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері сабақтарын (ұйымдастырылған қызметті, іс-шараны) бақылау парағы
_________ __________________________________________________________
(қолы) (Бақылаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"Танысты"
_________________________________________________________________
(қолы) (Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Білім беру ұйымдары басшыларының, басшы орынбасарларының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларының, басшы орынбасарларының аттестаттау рәсіміне қатысуға өтініш
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жығдайда)
ЖСН________________________________________________________________
Лауазымы, жұмыс орны, электрондық пошта _____________________________
_________________________________________________________ 20____жылы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________ лауазымы (мамандығы) бойынша біліктілік санатына
20__ жылы атқарып жүрген лауазымға сәйкес келу (сәйкес келмеу), аттестаттау/біліктілік санатын беру (растау) процесіне қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Бүгінгі таңда____ (күні) ___ (айы) _____ (жыл) дейін жарамды ________________, біліктілік санатым бар. Білім беру ұйымдары басшыларының, басшысының орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының, басшысының орынбасарларының біліктілік санатын беру (растау) бойынша аттестаттауға қатысу үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы туралы хабарлаймын, сондай-ақ жалпыға қол жетімді дереккөздерде дербес деректердің таратылмауы туралы.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә, ЖСН, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Білім беру ұйымының атауы ______________________________________.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарымен таныстым.
"____" __________ 20 ___ жыл __________________
(қолы)
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 11-қосымша |
Білім беру ұйымы басшысының материалдары (портфолиосы) бойынша бағалау парағы
20_____ ж. "______" ____________ ___________
___________________________________________________
(қолы)
(Комиссия мүшесінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Әдістемелік кабинет (орталық) басшысының материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы
№ | Критерийлер | Біліктілік санаты | Комиссия бағалауы | ||
Үшінші санаттағы басшы | Екінші санаттағы басшы | Бірінші санаттағы басшы | |||
1 | Қызметтің және өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ету | ||||
1.1 | Білім беру ұйымының ашықтығы | сайттың (сілтеменің), әлеуметтік желілердегі парақшалардың (сілтеменің) болуы және айына кемінде 2 рет жаңартылуы | |||
балл | 2 | 2 | 2 | ||
1.2 |
Материалдық-техникалық базаны жақсарту (заманауи жабдықтарды, цифрлық зертханаларды, интерактивті жабдықтарды, оқу кабинеттерін және т. б. сатып алу) | жақсарту | |||
балл | 2 | 2 | 2 | ||
1.3 | Білім беру ұйымдарымен, түрлі деңгейдегі әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастық | Келісімдер жасасу, іс-шаралар өткізу | |||
аудандық деңгей | облыстық (республикалық маңызы бар қала) деңгей | республикалық (халықаралық) деңгей | |||
балл | 2 | 2 | 2 | ||
2 | Кадрлық әлеуетті дамытудың тиімділігі | ||||
2.1 | Білім беру ұйымы педагогтерінің жалпы санынан "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты бар педагогтердің саны (динамика) | тұрақсыз динамика (бір оқу жылында өсу динамикасының болуы) | 3 жыл ішінде бір деңгейде | өсу динамикасының болуы | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
3 | Тәжірибені жалпылау және тарату | ||||
3.1 | Басшы әзірлеген бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар | аудандық/қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған | білім беру басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес, тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестікпен ұсынылған | білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен (республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңес) ұсынылған | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
3.2 | Басшының инновациялық (эксперименттік, шығармашылық) қызметке, әлеуметтік (білім беру) жобаларға қатысуы | аудан/қала | облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) | республикалық(халықаралық) | |
балл | 2 | 3 | 4 (5) | ||
3.3 | Басшының жұмыс / шығармашылық топтарға немесе сараптамалық кеңестерге немесе конкурстық комиссияларға қатысуы | аудан/қала | облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) | республикалық(халықаралық) | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
3.4 | Басшы әзірлеген бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар | аудандық/қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған | білім беру басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес, тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестікпен ұсынылған | білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен (республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңес) ұсынылған | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
4 | Біліктілікті арттырру | ||||
4.1 | Білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстары (жалпы сағат саны) | 36 | 72 | 72 сағаттан астам | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
барлығы | 18 | 24 | 30 (31) | ||
Ұсыныстар: |
20_____ ж. "____" ____________ ___________
__________________________________________________________
(қолы)
(Комиссия мүшесінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Білім беру ұйымы басшысы орынбасарының материалдары (портфолио) бойынша бағалау парағы
20_____ ж. "____" ____________ ________________
____________________________________________________
(қолы)
(Комиссия мүшесінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары материалдарын бағалау парағы (портфолиосы)
№ | Критерийлер | Біліктілік санаты | Комиссия бағалауы | ||
Үшінші санатты басшының орынбасары | Екінші санатты басшының орынбасары | Бірінші санатты басшының орынбасары | |||
1 | Қызметтің ашықтығын және өзара іс-қимылды қамтамасыз ету (қызмет бағыттары бойынша) | ||||
1.1 | Білім беру ұйымының ашықтығы | қызмет бағыты бойынша сайтта (сілтеме), әлеуметтік желілердегі беттерде (сілтеме) материалдардың болуы және айына кемінде 2 рет жаңарту, БАҚ | |||
балл | 2 | 2 | 2 | ||
1.2 | Әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарымен, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық | Келісімдер жасасу, іс-шаралар өткізу | |||
аудандық деңгей | облыстық (республикалық маңызы бар қаланың) деңгейі | республикалық (халықаралық) деңгей | |||
балл | 2 | 3 | 4 | ||
2 |
Тәжірибені жалпылау және тарату | ||||
2.1 | Басшысының орынбасары әзірлеген бағдарлама, оқу-әдістемелік, әдістемелік материалдар, ұсынылды | аудан/қала білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі | білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес, тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік | білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі) | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
2.2 | Басшы орынбасарының семинарларда, конференцияларда, форумдарда, тренингтерде, шеберлік сыныптарында, біліктілікті арттыру курстарында және т. б. сөз сөйлеуі | аудан/қала | облыс (республикалық маңызы бар қала және Астана) | республикалық(халықаралық) | |
балл | 2 | 3 | 4 (5) | ||
2.3 | Зерттеушілік қызметі негізінде басшының орынбасарын жарияланымы (3 автордан артық емес) Ескертпе: бірлескен авторлық жағдайда көрсеткіш бойынша 2 балл қойылады (Платформа жұмыс істей бастағаннан кейін) |
| |||
балл | 5 | 6 | |||
2.4 | Басшы орынбасарының инновациялық (эксперименттік, шығармашылық) қызметке, әлеуметтік (білім беру) пилоттық жобалар мен бағдарламаларға, инновациялық алаңдарға қатысуы | аудан/қала | облыс (республикалық маңызы бар қала және Астана) | республикалық(халықаралық) | |
балл | 2 | 3 | 4 (5) | ||
2.5 | Басшы орынбасарының жұмыс / шығармашылық топтарға немесе сараптамалық кеңестерге немесе конкурстық комиссияларға қатысуы | аудан/қала | облыс (республикалық маңызы бар қала және Астана) | республикалық(халықаралық) | |
балл | 2 | 3 | 4 (5) | ||
3 | Біліктілікті арттыру | ||||
3.1 | Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген менеджмент немесе әдістемелік жұмыс саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары (жалпы сағат саны) | 36 | 72 | 72 сағаттан астам | |
балл | 2 | 3 | 4 | ||
қорытынды | 14 | 25 | 32 (35) | ||
Ұсыныстар: |
20_____ ж. "____" ____________
________________ _____________________________________________________
(қолы)
(Комиссия мүшесінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 12-қосымша Нысан |
Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық)) басшысының (басшы орынбасарының) біліктілік санатын беруге (растауға) арналған аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы
20____ жылғы "___" ___________________
Комиссия төрағасы:
__________________________________
Комиссия мүшелері:
1._________________________________
2. _________________________________
Аттестаттау комиссиясының ШЕШІМІ:
1) сәйкес келеді:
- мәлімделген біліктілік санатына (атқаратын лауазымына);
- мәлімделгеннен төмен біліктілік санатына (атқаратын лауазымына)
р/с | Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Лауазымы | Бар біліктілік санаты | Мәлімделетін біліктілік санаты | Берілген біліктілік санаты | Комиссия шешімі |
2) мәлімделген біліктілік санатына сәйкес емес (атқаратын лауазымына сәйкес емес)
р/с | Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Лауазымы | Бар біліктілік санаты | Мәлімделетін біліктілік санаты | Берілген біліктілік санаты | Комиссия шешімі |
Комиссия төрағасы:
___________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Комиссия мүшелері:
___________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
___________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
___________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Хатшы: ___________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритміне 13-қосымша Нысан |
_____________________________________________________________________
(комиссияның толық атауын көрсету)
Аттестаттау комиссиясы отырысының 20____ жылғы "__" _________
№ ___ хаттамасынан үзінді
Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссия
ШЕШІМІ
_____________________________________________________________________ (аттестатталушы білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді (сәйкес келмейді)
____________________________________________________________________
(біліктілік санаты)
Біліктілік санатына сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
Комиссия хатшысы ____________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)