Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 28.02.2024 № 17/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдыстық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы "30" қарашадағы № 321 шешіміне 1-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ержелер
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықның бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округінің Есіл ауылы, Колхозное ауылы (бұдан әрі – Есіл ауылдық округі) көшелерінің тұрғындарына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Есіл ауылдық округінің аумағы көшелерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін әр көшеден саны үш адамнан аспайтын мөлшерде Есіл ауылдық округінің көшелерінің өкілдері сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықның бөлек жиының Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі -Есіл ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері Есіл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Есіл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Есіл ауылдық округінің аумағындағы көшенің, қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Есіл ауылдық округінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің), көшелердің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Есіл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Есіл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Есіл ауылдық округінің көшелерінің өкілдерінің үміткерлірін Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Есіл ауылдық округінің әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны
2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы "30" қаршадағы №321 шешіміне 2-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданының Есіл ауылдық округінің Есіл ауылы, Колхозное ауылы көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Есіл ауылдық округінің, Есіл ауылы, Колхозное ауылы көшелерінің атауы | Көше өкілдерінің саны |
Есіл ауылы | ||
1 | Ленина көшесі | 3 |
2 | Советская көшесі | 3 |
3 | Литвинская көшесі | 3 |
Набережная көшесі | 3 | |
4 | Октябрьская көшесі | 3 |
5 | Колхозная көшесі | 3 |
6 | Школьная көшесі | 3 |
Колхозное ауылы | ||
7 | Новостройка көшесі | 2 |
8 | Литвинская көшесі | 2 |
9 | Қазақстан көшесі | 3 |
10 | Советская көшесі | 3 |
11 | Сарыарқа көшесі | 2 |
12 | Бастау көшесі | 2 |
13 | Астана көшесі | 1 |
Барлығы | 36 |