Астана қаласында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 270/34-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасы Экология кодексі 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

  Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 14 ақпандағы
№ 270/34-VIII шешіміне
қосымша

Астана қаласында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Р/с

Тарифтің атауы

Қосылған құн салығы ескертілген тариф (теңге)

1.

Абаттандырылған секторда тұратын жеке тұлғаларға (айына 1 жеке тұлғаға) арналған тариф

637*

2.

Абаттандырылмаған секторда тұратын жеке тұлғаларға (айына 1 жеке тұлғаға) арналған тариф

679*

3.

1 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф

3540

      * Ескерту: мынадай жеңілдіктер мөлшері қарастырылған:

      100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

      50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы аналарға, оның ішінде балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға;

      25% жеңілдік – II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жасы бойынша зейнеткерлерге.

      Халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап есептеуге жеңілдіктер қолданады.

      ________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады