2017-2018 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыстың барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 19 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017-2018 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыстың барысы туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері 3 айлық мерзімде қосымшаға сай тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның актілеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында жұмыс істеу шеңберлеріндегі тосқауылдарды жоюға бағытталған шаралар қабылдасын.

      2.Еуразиялық экономикалық комиссия осы Өкімнің 1-тармағында көзделген шараларды іске асыру нәтижелері туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында баяндасын.

      3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады