Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар және үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтерінің құрамы және мұндай мәліметтерді алу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 шілдедегі № 129 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 89-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесі шеңберінде өзара ақпараттық іс-қимылды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының аталған жалпы процесті енгізуді көздейтін өкімі күшіне енгеннен кейін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар және үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтерін алуы мүмкін екендігі белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар және үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтерінің құрамы және мұндай мәліметтерді алу тәртібі бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 129 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар және үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтерінің құрамы және мұндай мәліметтерді алу тәртібі

I. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін мәліметтердің құрамы

      1. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялардың (бұдан әрі – лицензиялар) мәліметтері:

      а) лицензияны берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) уәкілетті органының атауы;

      б) лицензияның нөмірі;

      в) лицензияның қолданылу кезеңі;

      г) лицензияның түрі (бас, айрықша, біржолғы);

      д) лицензияның типі ("экспорт", "импорт");

      е) сыртқы сауда мәмілесін жүзеге асыруға келісімшарттың (шарттың) нөмірі және оған қол қойылған күн (біржолғы лицензия үшін);

      ж) өтініш берушінің атауы, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілген нөмір және заңды мекенжайы – заңды тұлға үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілген нөмір – жеке кәсіпкерлер үшін;

      з) сатып алушының (экспортқа арналған лицензия үшін) немесе сатушының (импортқа арналған лицензия үшін) атауы және мекенжайы не "Келісімшарттардың (шарттардың) талаптарына сәйкес" (бас немесе айрықша лицензия үшін) жазбасы;

      и) межелі елдің (экспортқа арналған лицензия үшін) немесе жөнелтуші елдің (импортқа арналған лицензия үшін) қысқаша атауы және коды не "Келісімшарттың (шарттың) талаптарына сәйкес" (егер келісімшартта (шартта) бірнеше межелі (жөнелтуші) ел көзделген жағдайда) немесе "ЕО елдері" (егер келісімшартта (шартта) көрсетілген елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын жағдайда) (біржолғы лицензия үшін) жазбасы;

      к) сатып алушының елінің (экспортқа арналған лицензия) немесе сатушының елінің (импортқа арналған лицензия) қысқаша атауы және коды не "Келісімшарттардың (шарттардың) талаптарына сәйкес" (бас немесе айрықша лицензия үшін) жазбасы;

      л) келісімшарт (шарт) валютасының толық атауы және оның цифрлық коды не "Келісімшарттардың (шарттардың) талаптарына сәйкес" (бас немесе айрықша лицензия үшін) жазбасы;

      м) тауардың келісімшарт (шарт) валютасындағы құны (біржолғы лицензия үшін);

      н) тауардың АҚШ долларымен статистикалық құны;

      о) тауар шығарылған елдің қысқартылған атауы және коды не "Келісімшарттардың (шарттардың) талаптарына сәйкес" (бас немесе айрықша лицензия үшін, сондай-ақ егер келісімшартта (шартта) тауар шығарылған бірнеше ел көзделген немесе егер тауар шығарылған ел туралы мәліметтер болмаған жағдайда) немесе "ЕО елдері" (егер келісімшартта (шартта) көрсетілген елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын жағдайда) жазбасы;

      п) тауар саны;

      р) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауар өлшем бірлігінің (негізгі және қосымша (бар болған жағдайда) қысқартылған атауы;

      с) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды;

      т) тауардың сипаттамасы;

      у) лицензия беру үшін негіздеме;

      ф) қосымшаларда берілген ақпарат (бар болған жағдайда);

      х) лицензияға қол қойған мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды тұлғасының аты-жөні, тегі және лауазымы.

      2. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына берілген рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) мәліметтері:

      а) рұқсат берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы;

      б) рұқсаттың нөмірі;

      в) рұқсаттың қолданылу кезеңі;

      г) рұқсаттың типі ("экспорт", "импорт");

      д) сыртқы сауда мәмілесін жүзеге асыруға келісімшарттың (шарттың) нөмірі және оған қол қойылған күні;

      е) өтініш берушінің атауы, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілген нөмір және заңды мекенжайы – заңды тұлға үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілген нөмір – жеке кәсіпкерлер үшін;

      ж) сатып алушының (экспортқа берілген рұқсат үшін) немесе сатушының (импортқа берілген рұқсат үшін) атауы және мекенжайы;

      з) межелі елдің (экспортқа берілген рұқсат үшін) немесе жөнелтуші елдің (импортқа берілген рұқсат үшін) қысқаша атауы және коды не "Келісімшарттың (шарттың) талаптарына сәйкес" (егер келісімшартта (шартта) бірнеше межелі (жөнелтуші) ел көзделген жағдайда) немесе "ЕО елдері" (егер келісімшартта (шартта) көрсетілген елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын жағдайда) жазбасы;

      и) сатып алушының елінің (экспортқа берілген рұқсат үшін) немесе сатушының елінің (импортқа берілген рұқсат үшін) қысқартылған атауы және коды;

      к) келісімшарт (шарт) валютасының толық атауы және оның цифрлық коды;

      л) тауардың келісімшарт (шарт) валютасындағы құны;

      м) тауардың АҚШ долларымен статистикалық құны;

      н) тауар шығарылған елдің қысқартылған атауы және коды не "Келісімшарттардың (шарттардың) талаптарына сәйкес" (егер келісімшартта (шартта) тауар шығарылған бірнеше ел көзделген жағдайда) немесе "ЕО елдері" (егер келісімшартта (шартта) көрсетілген елдер Еуропалық одақ елдеріне жататын жағдайда) жазбасы;

      о) тауар саны;

      п) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар өлшем бірлігінің (негізгі және қосымша (бар болған жағдайда) қысқартылған атауы;

      р) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды;

      с) тауардың сипаттамасы;

      т) рұқсатқа қол қойған мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды тұлғасының аты-жөні, тегі және лауазымы.

      3. Үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылардың (рұқсат беру құжаттарының) (бұдан әрі – қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтері:

      а) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) берген мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органының атауы;

      б) қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірі;

      в) өтініш берушінің атауы, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілген нөмір және заңды мекенжайы – заңды тұлға үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілген нөмір – жеке кәсіпкерлер үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер, жеке нөмірі (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерінің мекенжайы – жеке тұлға үшін;

      г) тауардың орын ауыстыру түрі (әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету, транзит);

      д) үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесі бөлімінің нөмірі;

      е) тауар саны;

      ж) тауар өлшем бірлігінің атауы;

      з) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды;

      и) тауардың атауы;

      к) қорытынды (рұқсат беру құжаты) рәсімделген соңғы пункт болып табылатын межелі (жөнелтуші) елдің атауы, шетелдік алушының немесе жөнелтушінің мекенжайы және атауы (бар болған жағдайда);

      л) тауарларды әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету мақсаты;

      м) тауарларды уақытша әкелу немесе уақытша әкету мерзімі;

      н) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру үшін негіздеме;

      о) қорытындыда (рұқсат беру құжатында) қамтылған қосымша ақпарат (бар болған жағдайда);

      п) аумағында транзит жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің атауы (бар болған жағдайда);

      р) қорытындының (рұқсат беру құжатының) қолданылуы аяқталатын күн;

      с) қорытындыға (рұқсат беру құжатына) қол қойылған күн;

      т) қорытындыға (рұқсат беру құжатына) қол қойған мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы тұлғасының аты-жөні, тегі және лауазымы.

II. Мәліметтерді алу тәртібі

      4. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының осы құжаттың І бөлімінде көрсетілген мәліметтерді алуы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпаратық жүйесі құралдарымен "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру шеңберінде сұрау салу бойынша кедендік операцияларды жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

      а) лицензияның мәліметтерін сұрату кезінде:

      сұрау жіберілген мүше мемлекеттің кеден органы туралы мәліметтер;

      лицензияны берген мүше мемлекеттің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес коды және қысқартылған атауы (қажет болған жағдайда);

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәліметтері сұратылған құжат түрінің коды;

      лицензияның нөмірі;

      б) рұқсаттың мәліметтерін сұрату кезінде:

      сұрау жіберілген мүше мемлекеттің кеден органы туралы мәліметтер;

      рұқсатты берген мүше мемлекеттің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес коды және қысқартылған атауы (қажет болған жағдайда);

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәліметтері сұратылған құжат түрінің коды;

      рұқсаттың нөмірі;

      в) қорытындылардың (рұқсат беру құжаттарының) мәліметтерін сұрату кезінде:

      сұрау жіберілген мүше мемлекеттің кеден органы туралы мәліметтер;

      қорытындыны (рұқсат беру құжатын) берген мүше мемлекеттің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес коды және қысқартылған атауы (қажет болған жағдайда);

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәліметтері сұратылған құжат түрінің коды;

      қорытындының (рұқсат беру құжатының) нөмірі.

      5. Сұрауды жіберу және мәліметтерді алу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпараттар жүйесі ресурстарының құрамына енетін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      6. Лицензияның мәліметтерін алу лицензияның мәртебесі ("қолданыста", "қолданылуы тоқтата тұрылған", "қолданылуы тоқтата тұрудан кейін қайта қалпына келтірілген", "қолданылуы тоқтатылған"), лицензияның тоқтата тұрылған, тоқтата тұрудан кейін қайта қалпына келтірілген немесе қолданылуы тоқтатылған күні (тиісінше лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған, тоқтата тұрудан кейін қайта қалпына келтірілген немесе тоқтатылған жағдайда) туралы ақпаратпен бірге жүргізіледі.

      7. Қорытындының (рұқсат беру құжатының) мәліметтерін алу қорытындының (рұқсат беру құжатының) мәртебесі ("қолданыста", "қолданылуы тоқтатылған") туралы ақпараттармен (бар болған жағдайда) бірге жүргізіледі.

      8. Мәліметтер болмаған жағдайда мүше мемлекеттің кеден органына тиісті мәліметтердің жоқ екені туралы ақпарат ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады