Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 109-бабының 9-тармағына және 261-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Жолаушы кедендік декларациясы, егер мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының жалпы сомасы оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір мезгілде әкелген немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір мезгілде әкеткен кезде кеден органына жолаушы кедендік декларациясын тапсырған күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша 100 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын болса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау үшін құжаттар ұсынумен бірге жүргізіледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |