Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 желтоқсандағы № 223 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2020 жылғы 2 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 223 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Нөмірленген бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден одағы Комиссиясының

      2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен

      БЕКІТІЛГЕН".

      2. 15-тармақтың 28-тармақшасының сегізінші абзацында (кестеден кейін) "тауарларды уақытша мерзімдік декларациялау" деген сөздер "Кодекстің 104-бабының 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген ерекшеліктермен тауарларды декларациялау (бұдан әрі – тауарларды уақытша мерзімдік декларациялау)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Мынадай мазмұндағы X4 бөлімімен толықтырылсын:

"X4. Егер декларантта декларациялау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаған жағдайда Ресей Федерациясында тауарларды уақытша мерзімдік декларациялау кезінде ТД толтыру ерекшеліктері

      4116. Осы бөлім егер декларантта декларациялау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаған жағдайда Ресей Федерациясында тауарларды уақытша мерзімдік декларациялау кезінде қолданылады және уақытша ТД (соның ішінде тауарлар тізбесіне енгізілген, соның ішінде оларға қатысты тауарларға арналған уақытша декларацияда (уақытша кедендік декларацияда) оларды Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес белгіленген экспорт кедендік рәсіміне орналастырған жағдайда декларанттың қалауы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бір сыныптауыш кодын көрсете отырып декларациялауға рұқсат етілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының әртүрлі кодтарымен сыныпталатын тауарларды декларациялау кезінде) және толық ТД толтыру ерекшеліктерін айқындайды.

      4117. Бір уақытша ТД-да жасалған мәмілені (шарттарды (келісімшарттарды) растайтын бірнеше құжаттар бойынша орын ауыстыратын тауарлар туралы мәліметтерді көрсетуге рұқсат етіледі.

      4118. Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде қосымша парақтар пайдаланылмайды, ал тауарлар тізімі ретінде уақытша ТД 31-графасындағы 1.1 нөмірімен қосымша көрсетілген мәліметтер пайдаланылады.

      Бір уақытша ТД-да тізбеге енгізілген тауарлар туралы және өзге де тауарлар туралы мәліметтерді көрсетуге жол берілмейді.

      4119. Уақытша ТД және толық ТД графалары (ТД құрылымының деректемелері) осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып осы Тәртіптің ІІІ бөліміне сәйкес толтырылады.

      4120. ТД 5, 7, 9, 12, 17, 17 (a;b), 18, 21, 22, 26, 29 – 33, 35, 38, 40 – 43, 45 және 46 графалары мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады:

      1) 5-графа. "Барлық тауарлар"

      Уақытша ТД-да тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде графада уақытша ТД 31-графасында 1.1 нөмірімен көрсетілген тауарлар атауының жалпы саны цифрлық символдармен көрсетіледі;

      2) 7-графа. "Анықтамалық нөмір"

      Графада тауарларды уақытша ТД-да кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышына сәйкес "УТД", ал толық ТД-да "ТТД" көрсетіледі;

      3) 9-графа. "Қаржылық реттеуге жауапты тұлға"

      Уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      4) 12-графа. "Жалпы кедендік құны"

      Уақытша ТД-да тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде графа толтырылмайды;

      5) 17-графа. "Межелі ел"

      Егер уақытша ТД тапсырылған күні белгілі болған мәліметтерде межелі елдер әртүрлі болған жағдайда не егер тауарлар бірнеше елге жеткізілетіні анықталған жағдайда графада "ӘРТҮРЛІ" жазбасы жазылады.

      Егер толық ТД тапсырылған күні белгілі болған мәліметтерде тауарлар бірнеше елге жеткізілетіні анықталған жағдайда графада әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тауарлардың брутто салмағы бойынша ең көп саны жеткізілетін елдің қысқаша атау көрсетіледі;

      6) 17-графа (a;b). "Межелі елдің коды"

      Егер уақытша ТД-ның 17-графасында "ӘРТҮРЛІ" көрсетілген болса, "а" кіші бөлімінде "99" екі мәнді цифрлық коды көрсетіледі;

      7) 18-графа. "Жөнелту/келу кезіндегі сәйкестендіру және көлік құралы тіркелген ел"

      Уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      8) 21-графа. "Сәйкестендіру және шекарадағы белсенді көлік құралы тіркелген ел"

      Уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      9) 22-графа. "Валюта және шот бойынша жалпы сома"

      Уақытша ТД-да тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде графаның екінші кіші бөлімінде тауарлардың жалпы құны уақытша ТД 31-графасында 1.1 нөмірде көрсетілген тауарлар құнының шамаларын қосу арқылы алынған шарт (келісімшарт) бағасының валютасымен көрсетіледі;

      10) 26-графа. "Ел ішіндегі көлік түрі"

      Уақытша ТД-да графаның бірінші кіші бөлігінде көлік құралы түрінің коды көлік және тауарларды тасымалдау түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      Графаның екінші кіші бөлігі толтырылмайды;

      11) 29-графа. "Келу/кету органы"

      Уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      12) 30-графа. "Тауарлар тұрған жер"

      Уақытша ТД-да және толық ТД-да графа толтырылмайды;

      13) 31-графа. "Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да мыналар көрсетіледі:

      1 нөмірімен – коды уақытша ТД-ның 33-графасында көрсетілген тауардың атауы;

      1.1 нөмірімен – тізім ретінде: тауарлардың атауы және "/" бөлу белгісі арқылы ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кодтары.

      Электрондық құжат түріндегі ТД-да бұл мәліметтер ТД құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      Графада бірнеше тауарлар және межелі елдер туралы мәліметтерді көрсету қажет болған жағдайда мұндай мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаздағы жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД-да үтір арқылы көрсетіледі.

      Осы Тәртіпке № 4 қосымшаның І бөлімінде көзделген мәліметтер көрсетілмейді.

      Егер уақытша ТД-ның 17-графасында "ӘРТҮРЛІ" көрсетілген жағдайда 14 нөмірімен межелі елдердің қысқаша атаулары көрсетіледі;

      14) 32-графа. "Тауар"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД графасының бірінші кіші бөлімінде 1.1 нөмірімен "1" саны көрсетіледі;

      15) 33-графа. "Тауардың коды"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да графаның бірінші кіші бөлімінде уақытша ТД-ның 31 графасында 1 нөмірімен көрсетілген, оған қатысты кедендік әкету бажының неғұрлым жоғары ставкасы белгіленген тауардың он мәнді коды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бос орынсыз көрсетіледі. Бұл ретте ТД құрылымының тиісті деректемесінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да уақытша ТД 33-графасының екінші кіші бөлігінде "О" әрпі көрсетіледі;

      16) 35-графа. "Брутто салмағы (кг)"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да уақытша ТД-ның 31-графасында 1.1 нөмірімен көрсетілген барлық тауарлардың брутто салмағы килограммен көрсетіледі;

      17) 38-графа. "Нетто салмағы (кг)"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да уақытша ТД-ның 31-графасында 1.1 нөмірімен көрсетілген барлық тауарлардың нетто салмағы килограммен көрсетіледі;

      18) 40-графа. "Жалпы декларация/Алдыңғы құжат"

      Толық ТД тапсыру кезінде графада уақытша ТД-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      19) 41-графа. "Қосымша бірліктер"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      20) 42-графа. "Тауардың бағасы"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      21) графа 43. "ХСҰ коды"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да графа толтырылмайды;

      22) 45-графа. "Кедендік құны"

      Тізбеге енгізілген тауарларды декларациялау кезінде уақытша ТД-да уақытша ТД-ның 31-графасында 1.1 нөмірімен көрсетілген тауарлардың кедендік құнының шамаларын қосу арқылы алынған тауарлардың кедендік құны цифрлық символдармен көрсетіледі.

      Егер мұндай тауарларға қатысты олардың кедендік құнына қарай есептелетін кедендік баждар мен салықтар белгіленбеген жағдайда графа толтырылмайды;

      23) 46-графа. "Статистикалық құны"

      Уақытша ТД-да графа толтырылмайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады