Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5 және 6-тармақтарына, 106-бабының 2-тармағына және 107-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы "2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларды кедендік декларациялау және тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышына өзгерістер енгізу туралы" № 43 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 39 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 43 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы, 1-тармағының екінші және үшінші абзацтары "2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын" деген сөздерден кейін ", 2020 жылғы футбол бойынша UEFA әлем біріншілігін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Аталған Шешіммен бекітілген Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларация ретінде және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде пайдалану тәртібінде:

      а) атауы, 1-тармағы "2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын" деген сөздерден кейін ", 2020 жылғы футбол бойынша UEFA әлем біріншілігін" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 3-тармақтың соңғы абзацында "ТД электрондық көшірмесін" деген сөздер "қағаз тасымалдағыштағы құжат ретінде ТД электрондық көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар ТД ретінде пайдаланылған кезде қағаз тасымалдағыштағы құжат ретінде ТД электрондық көшірмесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген тауарларға декларацияның және транзиттік декларацияның электрондық көшірмелерінің құрылымына және форматына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 43 шешімімен бекітілген 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын, 2020 жылғы футбол бойынша UEFA әлем біріншілігін ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларациясын және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны толтыру тәртібінің 6 және 7-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып ұсынылады және осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген деректер қамтылуы тиіс.";

      г) 23-тармақта "ТД электрондық көшірмелерін" деген сөздер "қағаз тасымалдағыштағы құжат ретінде ТД электрондық көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) аталған Тәртіпке қосымшада:

      нөмірлік тақырып "2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын" деген сөздерден кейін ", 2020 жылғы футбол бойынша UEFA әлем біріншілігін" деген сөздермен толықтырылсын;

      атауы "2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын" деген сөздерден кейін ", 2020 жылғы футбол бойынша UEFA әлем біріншілігін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарлар туралы өтініштің негізгі және қосымша парақтарының атауы:

      "2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын" деген сөздерден кейін ", 2020 жылғы футбол бойынша UEFA әлем біріншілігін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Russia 2017" деген сөздерден кейін ", the UEFA European Football Championship 2020" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Аталған Шешіммен бекітілген 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарларға декларацияны және шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны толтыру тәртібінде:

      а) 2-тармақтың екінші абзацында:

      "электрондық көшірмелерінің" деген сөздер алып тасталсын;

      "2013 жылғы 12 қарашадағы № 254" деген сөздер "2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады