Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімнің 10-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісім күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде 2021 жылғы 1 сәуірден кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 183 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 29-тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың (бұдан әрі – бақылануға жататын тауарлар) қадағалану механизмі туралы келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тізбеге енгізілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты 15 нөмірімен бақылауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігіндегі саны, мұндай өлшем бірлігінің шартты белгісі және (немесе) коды көрсетіледі.
Санамаланған мәліметтер мынадай тәртіппен көрсетіледі:
егер қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес негізгі өлшем бірлігімен сәйкес келсе (килограмм), онда мәліметтер 35 ДТ бағанынан көшіріледі;
егер қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес 41 ДТ бағанында көрсетілген қосымша өлшем бірлігімен сәйкес келсе, онда мәліметтер 41 ДТ бағанынан көшіріледі;
егер пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі қадағалауды жүзеге асыру мақсатында осы бағандағы 1 нөмірмен көрсетілген өлшем бірлігімен сәйкес келетін болса, онда мәліметтер осы бағанның 1 нөмірінен көшіріледі;
егер пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі қадағалауды жүзеге асыру мақсатында 35 және 41 ДТ бағандарында және осы бағанның 1 нөмірімен көрсетілген тауардың өлшем бірліктерінің ешқайсысына сәйкес келмесе, онда қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауарды сандық өлшеу бірлігінде тауардың саны және Еуразиялық экономикалық одақтың өлшем бірліктерінің және шотының сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігінің шартты белгісі мен коды көрсетіледі.
Осы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да – ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ТД-да бос орын арқылы көрсетіледі;".
2. 31-тармақша бесінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қадағалауға жататын тауарларға қатысты "П" әрпі;".