Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 21 наурыздағы № 37 шешімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.10.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 260-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдаушы кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып экспресс-жүк ретінде жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 21 наурыздағы
№ 37 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2018 жылғы16 қазандағы № 158 шешіміне енгізілетін
Ө З Г Е Р І С Т Е Р

      1. Аталған Шешіммен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының нысаны мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Аталған Шешіммен бекітілген экспресс жүкке арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтырудың тәртібінде:

      а) 12-тармақтың бірінші абзацындағы "тұратын (болатын) жері" деген сөздерден кейін ", жүрген жері" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 231 -тармақпен толықтырылсын:

      "231. "Тауарлардың тұрған жері" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда ЭЖКЖД берген кезде жеке пайдалануға арналған тауарлардың тұрған жері немесе тұратын жері туралы мәліметтер:

      тауарлардың тұрған жерінің сыныптауышына сәйкес тауарлардың тұрған орнының коды;

      мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес тауарлардың тұрған жерінің кедендік органының коды;

      егер тауарлар уақытша сақтау қоймасында тұрған болса, уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізілімге енгізілгені туралы куәліктің нөмірі;

      осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес тауарлардың тұрған жері немесе темір жол стансасының атауы (егер темір жол стансасының аумағында (кіре беріс жолдарда) болса немесе теңіз портының атауы (егер тауардың тұрған жері теңіз (өзен) портының аумағында болса) немесе әуе өткізу пунктінде (егер тауарлардың тұрған жері әуе аумағының өткізу пунктінде болса) алдын ала кедендік декларациялау кезінде көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақтың бесінші абзацында көзделген мәліметтер бағанда көрсетілмейді.

      Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында баған толтырылмайды.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 158 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 21 наурыздағы
№ 37 шешімінің редакциясында)

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының
НЫСАНЫ

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы

Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)
 

Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)

A
 

ЭЖКЖД

Ерекшелік

Алдыңғы құжат

Парақтар саны

Жалпы мәліметтер

Тауарлар туралы мәліметтер

Құжаттар туралы мәліметтер

Ескертпе

Р/с

Жалпы жүкқұжат

Жеке жүкқұжат

Жеке жөнелтуші1

Жеке
алушы2

Р/с

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Саны

Салмағы брутто

Валюта,
құны

Валюта, мүше мемлекет валютасы құны

Код,
белгі

Күні,
нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1





1










2










Жеке жүкқұжат бойынша барлығы
(жалпы салмағы брутто,
мүше мемлекеттің валютасындағы құны)


2





3










4










Жеке жүкқұжат бойынша барлығы
(жалпы салмағы брутто,
мүше мемлекеттің валютасындағы құны)

























Жеке жүкқұжат бойынша барлығы
(
жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)



500























Жеке жүкқұжат бойынша барлығы
(
жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)


Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша барлығы
(жалпы салмағы брутто, мүше мемлекеттің валютасындағы құны)



ЭЖКЖД толтырған адам туралы мәліметтер, күні






C





D





      _____________

      1 Декларант тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде.

      2 Декларант тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде.

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады