Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 53 шешімі.


      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес микроорганизмдердің зат алмасу өнімдерінің ұрықсыз су субстраттары негізінде препаратты сыныптау туралы" 2019 жылғы 8 қазандағы № 173 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауындағы "су" деген сөз алып тасталсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құрамында әсер ететін заттар ретінде микроорганизмдердің зат алмасу өнімдерінің ұрықсыз субстраттары (бактериялардың, бациллалардың немесе басқа микроорганизмдердің жасушасыз культуралогиялық сұйықтығының метаболиттері), сондай-ақ қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті қалыпқа келтіруге және адам организмінің тамақ қорыту жүйесінің микрорганизмдерінің өсуін реттеуге арналған, терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалану үшін сілтемесі жоқ қосалқы заттары бап препарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады