Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін және цифрлық күн тәртібін одан әрі дамыту туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 5 Өкімі.

      1. "Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары туралы" 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкімін іске асыру барысы туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасы назарға алынсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше мемлекеттермен бірлесе отырып:

      2023 жылдың І тоқсанында Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жұмысты қайта ауқымдау, сондай-ақ Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамашылықтарды қарау және іске асыру рәсімдерін жетілдіру туралы мәселе әзірлесін;

      2023 жылғы ІІ тоқсанда осы тармақтың екінші абзацы ескеріле отырып, Одақтың органдарының актілеріне өзгерістер енгізу туралы актілердің жобаларын әзірлесін;

      2023 жылғы ІІ тоқсанда бизнес пен мемлекет арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сенім білдірілген үшінші тарабының қызметінің куәландырушы орталығын пайдалану мүмкіндігін әзірлесін;

      Сенім білдірудің трансшекаралық кеңістігін дамыту мақсаттарында 2023 жылғы ІІІ тоқсанда Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамаларының талаптары және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің атқарушы өкімет органдарымен трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде, электронды цифрлы қол қоюдың (электронды қол қоюдың) ұлттық криптографикалық стандарттарын пайдалану туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 3 шешімінің 4-тармағын іске асыру ескеріле отырып, Одақтың сенім білдірілген үшінші тарабының сервистерінің және интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректер берудің қорғалған желісінің дайындығын қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкіміне қосымшада белгіленген мерзімдерді сөзсіз сақтау қажеттілігі негізге алына отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесе отырып, Одақ шеңберінде жалпы процестерге қосылу үшін қажетті іс-шараларды іске асыруды уақтылы қамтамасыз етсін.

      4. Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша Алқа мүшесі (Министр) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырыстарында Еуразиялық экономикалық комиссияға осы өкімнің 3-тармағын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Осы өкім ол Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап, 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан
ДЕПОЗИТАРИЙ

Беларусь Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Қазақстан Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Қырғыз Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Ресей Федерация
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады