2019 жылғы 18 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 101-шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 31 шешімі

      2021 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 130-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінде көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) мұнайға қатысты техникалық реттеу шараларын сақтаудың орындылығы туралы мәселені қарастыра отырып, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2019 жылғы 18 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 101 "Кедендік декларацияны беру Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнім тізбесін бекіту туралы" (ЕАЭО TP 045/2017)" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады