Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 02.10.2015 № 5 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңды қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 3 қаулысына (2002 жылғы 28 маусымдағы өзгерістері және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтың бесінші абзацындағы " жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын ескере отырып банкроттық рәсімдерді қолдану Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 21-бабымен және "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38 - 45-баптарымен реттеледі " деген сөздер " жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын ескере отырып банкроттық рәсімдерді қолдану Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 21-бабымен (бұдан әрі - АК) және "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабымен реттеледі " деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Борышкерді банкрот деп тану туралы тұлғаның өтінішін:
- егер борышкердің шартқа немесе деликтіге негізделген ақшалай міндеттемесінің орындалмауы негізіндегі несие беруші алдындағы жиынтық берешегі Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген соманы құраса, борышкердің несие берушісі;
- егер борышкердің салықтық берешегі, соның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктерінің берешегі Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген соманы құраса, салық органы;
- Заңның 26-бабы 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларымен қарастырылған жағдайларда прокурор беруі мүмкін.
Егер акционерлер немесе серіктестікке қатысушылар заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаса не жеке кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаса, бірақ борышкердің несие берушілер алдындағы міндеттемесі заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мүліктері есебінен толық қанағаттандырыла алмайтын болса, борышкер сотқа өзін банкрот деп тану туралы өтініш беруге міндетті.
Ақша міндеттемесінің сомасына және оны орындау мерзіміне қарамастан, жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішті прокурор немесе борышкердің кез келген несие берушісі бере алады.";
3) 6-тармақтағы "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңның 38-бабында " деген сөздер ""Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында " деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.";
5) 24-тармақтағы "Заңның 10-1-бабының 9) тармақшасына" деген сөздер "Заңның 10-2-бабының 5) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 25-тармақта:
үшінші абзацтағы "ҚР" деген сөз алып тасталсын;
төртінші абзац алып тасталсын;
7) 35-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.";
8) 37-тармақтың үшінші абзацындағы "Заңның 106-бабының 2-тармағы негізге алына отырып," деген сөздер алып тасталып, "егер" деген сөз бас әріппен жазылсын;
9) 38-тармақта:
бірінші абзацтағы "10-1" цифрлары "10-2" цифрларымен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 72-бабының 3-тармағына сәйкес, кредиторлар мен конкурстық басқарушы арасындағы кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу мәселелері туралы дауларды сот Заңның аталған бабында белгіленген мерзімде мүдделі тарап берген шағым бойынша қарауы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ. Мәми |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |