Тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қаңтар N 135. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.19. N 673 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi - республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен, аумақтық денсаулық сақтау органдары - жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн медициналық қызметтерге ақы төлеу жөнiндегі уәкiлеттi органдар болып белгіленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi осы қаулыны барлық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының назарына жеткiзсiн, оның жергiлiктi жерлерде атқарылуын бақылауды қамтамасыз етсiн және жылына екi рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне оның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын. 
      4. "Азаматтарға 1999 жылға арналған республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражатының есебiнен мемлекеттiк тапсырыстың шеңберiнде қаржыландырылатын медициналық көмектiң тегiн кепiлдiктендiрілген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 70  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 2, 18-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                
2000 жылғы 27 қаңтардағы          
N 135 қаулысына қосымша          

            Тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген
                           көлемi       

      1. Азаматтарға республикалық бюджеттiң есебiнен орындалатын тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi:
      1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен балаларға оңалту көмегiн қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, терi-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлiк-гинекологиялық және зиянды әрi қауiптi өндiрiстiк факторларға байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезiнде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудi; 
      2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетудi; 
      3) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезiнде медициналық көмек көрсетудi; 
      4) <*> 
       Ескерту. 4-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.09.12. N 1182  қаулысымен .  
      2. Азаматтарға жергiлiктi бюджеттiң есебiнен орындалатын тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi: 
      1) алғашқы медициналық-санитарлық көмектi; 
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмектi; 
      ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейiнгi балаларға, жүктi әйелдерге және тiсi қатты ауырған науқастарға стоматологиялық көмектi; 
      18 жасқа дейiнгi балаларға физиотерапевтiк көмектi; 
      2) жедел және шұғыл жәрдем көрсетудi; 
      3) шұғыл көмек көрсетудi; 
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша аурулардың барлық түрлерi, оның iшiнде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтiк, травмотологиялық, терi-венерологиялық, жүктi әйелдер мен аурулардың гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен және нашақорлықпен, туберкулезбен, қант диабетiмен, тыныс жолы-өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы көмек көрсетудi қоса алғанда, жергiлiктi деңгейде ересектер мен балаларға стационарлық медициналық, оның iшiнде оңалтушылық көмек көрсетудi; 
      4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезiнде медициналық көмек көрсетудi;
      5) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетудi қамтиды.
      3. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiне заңдарда белгіленген тәртiппен тегiн медициналық көмек көрсетіледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады