Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1251. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға акциздер ставкасы және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 P000137_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56 -құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы: "2402** Темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар физ.көлемi 0,75 евро/1000 дана 2 евро/1000 дана" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "2402** Фильтрлi темекi бұйымдары физ.көлемi 145 теңге/1000 дана 2 евро/1000 дана. Фильтрсiз темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар физ.көлемi 95 теңге/1000 дана 2 евро/1000дана".
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады