Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қыркүйек N 1481. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 574 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.06.  N 574  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.30.  N 285,  2005.07.27.  N 779  қаулыларымен.  

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.30.  N 285 , 2005.07.27.  N 779  қаулыларымен.        
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы: 
      реттік нөмірі 13-жолдағы: 
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі"; 
      3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын; 
      2) <*>
      3) <*>
       Ескерту. 3) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы  N 124 , 2)-тармақшаның күші жойылды - 2006.03.15. N  168  қаулыларымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2000 жылғы 30 қыркүйектегі     
N 1481 қаулысымен         
бекітілген         

Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

       Ескерту. Тақырыбына және мәтінге өзгерту енгізілді, 1,3,4-бөлімдер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.30.  N 285 ,  тақырыбына өзгеріс енгізілді - 2005.07.27.  N 779  қаулыларымен.

      1. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге мынадай біліктілік талаптары:       заңды тұлғалар үшін: 
      1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс; 
      2) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы; 
      3) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы; 
      4) әскери және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді. 
      Жеке тұлғалар үшін: 
      1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы; 
      2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы; 
      3) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы; 
      4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.
      2.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 779  қаулысымен .
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады