"Шаруашылық Басқармасы" жабық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N 1597

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 маусымдағы Z980281_ Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Z952335_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Шаруашылық Басқармасы" жабық акционерлiк қоғамының оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң баспаханасы - еншiлес кәсiпорнын қосу арқылы қайта ұйымдастырылуына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм

 

бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк

және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен

осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

     3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                             Қазақстан Республикасы

                                                 Үкiметiнің

                                            2000 жылғы 26 қазандағы

                                                N 1597 қаулысына

                                                   қосымша


           Қазақстан Республикасы Үкiметiнің

           күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің

                       тiзбесi



 
       1. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 672 P960672_ қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 828 P960828_ қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң баспаханасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1327 P961327_ қаулысы.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы

 

N 170 


P970170_


  қаулысына 3-қосымшаның 4-тармағы (Қазақстан Республикасының

ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 6, 46-құжат).

     6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы

N 1545 және 1996 жылғы 3 маусымдағы N 672 


P960672_


  қаулыларына өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997

жылғы 9 шiлдедегi N 1090 


P971090_


  қаулысы.



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады