Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410
қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
"Ембімұнайгаз" АҚ 85
"Теңізмұнайгаз" АҚ 85"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақойл-Ембі" АҚ 85";
"Теңізмұнайгаз-Тельф" ЖШС 69
"Атырау МӨЗ" АҚ 53,1"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақойл-Тельф" ЖШС 69
"Атырау МӨЗ" АҚ 41";
"Тұран-Петролеум" ЖШС 25
"Тасболат Ойл девелопмент" ЖШС 50
"Армакс" ЖШС 30"
деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақсайгазсервис" ААҚ 82,4".
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі көрсетілген қаулының 2-қосымшасында көзделген акционерлік қоғамдар қосымшасында көзделген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету, пайдалану және басқару жөніндегі
құқықтарды "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік
қоғамының заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беруін
қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.