Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі
мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша
тізілімдерін бекіту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау
органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің мемлекеттің өртке қарсы қызметі мен прокуратура
органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша
тізілімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімдері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар өздерінің құрылымдары мен штат кестелерін осы
Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Мемлекеттік органдарға Санаттар бойынша тізілімдерде көрсетілген
лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігі, білдіретін арнайы
қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.
4. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.