Мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарының пайдалану көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 сәуір N 484

      "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес 2001 жылғы көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді тұқымдық материалмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1390 P991390_ және "Мемлекеттік ресурстар мен резервтің астығын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 P991506_ қаулыларына сәйкес қалыптасқан мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары көлемінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2001 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 375 P010375_ және "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 2001 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 30 наурыздағы N 418 P010418_ қаулыларымен тұқымдық несие түрінде берілу көзделген мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары көлемін ескере отырып, 2001 жылғы мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарының пайдалану көлемі (бұдан әрі - Көлем) 100 000 (бір жүз мың)

 

тонна болып белгіленсін.

     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамамен

айқындалған тәртіппен белгіленген Көлем шегінде мемлекеттік тұқымдық астық

ресурстарын пайдалануды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады