1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 мамыр N 670

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық

 

өту туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы, оған қағидатты

сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып,

жасасуға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                                     Жоба


      1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

      Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты

    бойынша шекаралық өту туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы

                                хаттама



 
       Бұдан әрі - "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы P991582_ келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 44-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті.
      Келісімнің 12-бабы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекарасы арқылы немесе Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруға, соның ішінде осы міндеттеме Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне жолдардың ақылы учаскелері бойынша жүру үшін, жолдарға техникалық қызмет көрсету үшін, экологиялық алымдар және рұқсат беруге байланысты алымдар үшін автокөлік құралдарынан алынатын алымдарға қатысты, осы Келісім күшіне енген күнге қолданылып жүрген және Уағдаласушы Тараптар үшін міндетті күші бар, ұқсас мәселелерді реттейтін, екі жақты және көп жақты халықаралық шарттардың ережелеріне қайшы келмейтін болады деген шартпен, көрсетілген транзиттік тасымалдарды кеден баждарынан, салықтардан, алымдардан босатуға жәрдемдесетін шараларды қабылдауға міндеттенеді".

 

     Осы Хаттама көрсетілген Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады

және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік

рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап

күшіне енеді.


     ___________ қаласында 2001 жылғы "____" ___________ қазақ, қырғыз,

ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалады, мұның

өзінде барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманы түсіндіру мақсатында

Тараптар орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерге жүгінетін болады.


     Қазақстан Республикасының       Қырғыз Республикасының

        Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А. 








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады