Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 және 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 тамыз N 1108. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 P981180_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада: "2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру" тарауында: "2.2. Сыртқы сектор статистикасы" бөлімінде: "2.2.1 Сыртқы сауда статистикасы" бөлімшесінде: 6-тармақта: 3-бағандағы "Кеденком" деген сөзден кейін "Статистика агенттігі" деген сөзбен толықтырылсын; 4-бағандағы "2000" саны "2002 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.04.24. N 470 қаулысымен. P020470_ 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады