"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі)" қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1209

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы K010209_ Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жоба Қазақстан Республикасының ЗАҢЫ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі Z922500_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат):
      1) 8-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайлардан басқа,";
      2) 12-бапта "салық инспекциясы" деген сөздер "салық қызметі" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 14-баптың он бірінші абзацында "енгізгеннен" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 15-баптың алтыншы абзацында "салықтарды" деген сөз "және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 20-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде "Мемлекеттік салықтық, тазалық және басқа да инспекциялардың және" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы 23 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасының Орман кодексіне K932000_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат):
      68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Орманды пайдалану үшін төленетін ақының ставкалары, мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.".
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы 31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексіне K933000_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 22, 408-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат):
      1) 12-баптың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "су ресурстарының жоғарғы қабатының көздерін пайдалану үшін төленетін ақы ставкасын белгілеу;";
      2) 47-бапта:
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгендегіден басқа реттерде," деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақта "Үкіметі" деген сөз "Салық кодексі" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 48-бап алынып тасталсын.
      4. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Z933300_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 18, 439-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат):
      1) 10-баптың бесінші абзацында ", сондай-ақ оны қорғау мен өсімін молайту үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 33-бапта:
      төртінші бөліктің үшінші абзацында ", сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту" және "мерзімдері мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін пайдалану үшін төленетін ақының мемлекеттік бюджетке толық енгенін растайтын құжат бар болған кезде ғана беріледі.";
      3) 35-бапта:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жануарлар дүниесін пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиіс ақы алынады.
      Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төленетін ақының ставкалары, мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.";
      4) 37-баптың екінші бөлігі алынып тасталсын.
      5. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылы 21 қыркүйектегі Z947000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Механикалық көлік құралы - двигатель арқылы қозғалысқа түсетін мопедтен басқа, кез-келген жол көлік құралы. Ұғым кез-келген трактор және өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады.";
      2) 9-бапта:
      алтыншы бөлікте "су жолдарын, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында кеме жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
      Кеме жолдарын пайдалану үшін төленетін ақының ставкалары, мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
      Беру нысаны мен тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін рұқсат беру құжатымен кеме жолдарын пайдалану құқығы беріледі.
      Кеме иеленуші техникалық бұзылуы себепті немесе өзгелей себеппен кемені пайдаланбаған жағдайда, ол мұндай факторларды растау үшін уәкілетті мемлекеттік органға бұл туралы хабарлайды. Бұл ретте, уәкілетті мемлекеттік орган тексеруден және мұндай факторларды белгілегеннен кейін рұқсат беру құжатына тиісті өзгерістерді енгізеді.";
      3) 15-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді, көл, өзен және шағын кемелерді, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған тәртіпте алым алынады.".
      6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне K941000_ (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша), 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат):
      1) 19-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,";
      2) 38-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      3) 49-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) заңда белгіленген тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткенде жиынтық жылдық табыс туралы декларация тапсырмау, бір жыл ішінде оның орналасқан жері, сондай-ақ заңды тұлға бұларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды адамдары болмауы немесе оларды анықтау мүмкін болмауы.";
      4) 242-баптың 3-тармағында:
      үшінші сөйлем алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды мемлекеттік меншікті басқаруды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілет берген органы жүзеге асырады.
      Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке түскен деп танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оның меншік иесі болып қалған иелік етуі, пайдалануы және иеленуі үшін қайта қабылдануы болмаса бұрын сатып алынған күшінде меншікке сатып алынуы мүмкін (осы Кодекстің 240-бабы).";
      5) 282-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде екінші және үшінші сөйлемдер алынып тасталсын.
      7. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Z952200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z010207_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Заңы; 2001 жылғы 26 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 23 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне туристік қызметтің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z010212_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы):
      1) 15-бапта:
      тоғызыншы бөлікте "алым" деген сөздің алды "лицензиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      он үшінші бөлікте "алым" деген сөз "жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым" деген сөздерге ауыстырылсын;
      2) 16-баптың 3) тармақшасында "алым төленгенін" деген сөздер "лицензиялық алым мемлекеттік бюджетке төленгенін" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 18-бапта:
      тақырыптағы "алым" деген сөз "лицензиялық алым" деген сөздерге ауыстырылсын;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның ставкалары, мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.";
      4) 19-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында "төленетiн" деген сөзден кейiн "лицензиялық" деген сөзбен толықтырылсын.
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Z952198_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат):
      1) 6-баптың оныншы бөлiгiнде "заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн алым төлегенi туралы" және "төлем тапсырылымының көшiрмесi" деген сөздер "заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн алымның мемлекеттiк бюджетке төлегенiн растайтын құжат" деген сөздерге ауыстырылсын;
      2) 10-бапта:
      "салық заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде" деген сөздер "Салық кодексiнде айқындалған тәртiпте заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 11-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде K010209_ көзделген жағдайларда жүргiзiледi.";
      4) 14-баптың алтыншы бөлiгінде "салық заңдарымен белгiленген мөлшерде" деген сөздер "Салық кодексiнде айқындалған тәртiпте заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн" деген сөздерге ауыстырылсын;
      5) 15-баптың екiншi бөлiгiнде "салық заңына сәйкес" деген сөз "Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiпте заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн" деген сөздерге ауыстырылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Дәрiлiк заттар туралы" 1995 жылғы 23 қарашадағы N 2655 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 137-құжат):
      1) барлық мәтiн бойынша "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнде" деген сөздер тиiсiнше "денсаулық сақтау саласында уәкілеттi мемлекеттiк органмен", "денсаулық сақтау саласында уәкілеттi мемлекеттiк органы", "денсаулық сақтау саласында уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздерге ауыстырылсын;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған тәртіпте алым алынады.".
      10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат):
      26-бапта:
      тақырыпта және мәтiнде "тiркеу", "тiркелуге" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк тiркеу", "мемлекеттiк тiркелуге" деген сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiпте алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу көрсетiлген алымды мемлекеттiк бюджетке төлегеннен кейiн жүзеге асырылады.".
      11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; 1997 ж., N 21, 277-құжат):
      1) 5-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым
      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған тәртiпте алым алынады.";
      2) 6-бапта:
      тақырыптағы "Тiркеу және" деген сөздер алынып тасталып, "ақпарат" деген сөз бас әріппен жазылсын;
      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу үшiн, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу үшiн алынатын алым сомасының мемлекеттiк бюджетке төленгенiн растайтын құжат".
      12. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағында ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң" деген сөздер "филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместерді" деген сөздерге ауыстырылсын;
      2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Оңайлатылған нысан бойынша қаржы есебiн акцизделетiн өнiмдер өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын субъектiлерден басқа (алкоголь және темекi өнiмдерiн бөлшек сатуды есептемегенде), шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi құрайды.
      Бухгалтерлiк есептi жүргізудiң оңайлатылған нысаны уәкiлеттi орган бекіткен бухгалтерлiк есеп стандарттарымен айқындалады.".
      13. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Z960003_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат):
      13-бапта:
      төртiншi бөлiкте "тiркеу алымының" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн алынатын алым" деген сөздерге ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тіркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiпте заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн алым алынады.".
      14. "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі Z960029_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат):
      19-бапта:
      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттi автомобиль инспекциясында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметiнде өкiлеттi мемлекеттiк органда";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Өткен кезеңдерде көлiк құралдарына салынатын салық бойынша берешегі жоқ автомотокөлiк құралдары мемлекеттiк техникалық байқауға жiберiледi.".
      15. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат):
      20-бап алынып тасталсын.
      16. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуiрдегi Z970097_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 87-құжат):
      1) осы Заңда қолданылатын ұғымдар мынадай мазмұндағы оныншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Вексель қағазы - айқындалған қорғалу дәрежесi бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалық қағаздың алуан түрлiсi.";
      2) 80-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын:
      3) мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:
      "83-1-бап.
      Мазмұндағы мен нысанында көрсетілген талаптарын, өндірілген немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген вексель қағаздарының қорғалу дәрежесін және онда баспаханалық тәсілмен міндетті көрсетілуге жататын вексельдің сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Вексель қағаздарын өндiруге байланысты қызмет елтаңбалық қағаз өндiрумен байланысты қызметтi лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы вексель жай қағазда жасалуы да мүмкiн.
      Вексель қағазының мәтiнi (вексельдiк бланкiсi) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы қажет.";
      4) мынадай мазмұндағы 16-1-бөлiмiмен толықтырылсын:
      "16-1-бөлiм. Елтаңбалық алым
      92-1-бап.
      Елтаңбалық алым - аудармалы және жай вексельдер жасау кезiнде, вексель қағазын сату, сондай-ақ оның аумағына әкелiнетiн вексель бойынша құқықтар мен мiндеттердiң (индоссолау, кепiлдендiру, акцепт, инкассоға табыстау және басқалар) пайда болуы, өзгеруi немесе тоқтатылуына бағытталған бiрiншi iс-әрекеттi Қазақстан Республикасының аумағында жасау кезiнде жеке және заңды тұлғалардан бiр уақытта өндiрiлiп алынатын ақы.
      Вексель қағазын сату кезiнде өндiрiлетiндi есептемегенде, елтаңбалық алымның сомасы банк арқылы енгізiледi және елтаңбалық алымды төлеу туралы вексельге түбiртекке қосымшамен расталады.
      Қазақстан Республикасында елтаңбалық алымды төлемеу немесе толық төлемеу жағдайында, вексельден туындайтын құқық елтаңбалық алымның барлық сомасы төленгенге дейiн тоқтатыла тұрады және елтаңбалық алымның сомасы толық төленген сәттен бастап жаңартылады.
      Елтаңбалық алым толық төленбеген жағдайда, оның үстеме ақысы вексельге оның үстеме ақысы туралы түбiртек қоса берiлiп, вексель берушi, сонымен қатар вексель ұстаушы немесе басқа да тұлға жүргізуi мүмкiн.
      Вексель ұстаушы, сондай-ақ елтаңбалық алым сомасын үстемелеп төлеген өзгелей тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте оны вексель берушiден талап етуге құқығы бар.
      Елтаңбалық алымның ставкаларын, мемлекеттiк бюджетке есептеу және төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Салық кодексi айқындайды.".
      17. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970131_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат):
      1) 9-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      2) 10-баптың 1-тармағында "берілдi" деген сөз "берiлуi мүмкiн" деген сөздерге ауыстырылсын.
      18. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970135_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды есептемегенде";
      2) 10-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада "тұрғылықты жерiн" деген сөздерден кейiн "қызмет түрлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым сомасының мемлекеттiк бюджетке төленгенiн растайтын құжат.";
      4-тармақта "заңмен белгiленетiн мөлшер мен тәртiп бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Салық кодексiне айқындалған тәртiпте" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 11-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "қызмет түрлерi," деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 12-баптың 3-тармағында "алым" деген сөз "жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым" деген сөздерге ауыстырылсын;
      5) 21-баптың 2-тармағында "жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын" деген сөздер "жеке табыс салығын" деген сөздерге ауыстырылсын;
      6) 33-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк тiзiлiмнен алып тастау жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiн тiркеушi органға өткiзген күннен кейiн жүргізiледi.".
      19. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi Z970155_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      1) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "жасаудан басқа" деген сөздерден кейін "өзге де" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 67-баптың 2-тармағында "тиiстi мемлекеттік органды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлет берген органы" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 70-бапта:
      5-тармақта "тиiстi мемлекеттiк органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлет берген органы" деген сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкілет берген органы жүзеге асырады.
      Мұрагерлік құқығы бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".
      20. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Z970160_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 жылғы 8 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 7 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z010205_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 маусымдағы Заңы):
      1) 7-баптың жетінші абзацы алынып тасталсын;
      2) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкасын жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган жасаған есептер негiзiнде бекiледi.";
      3) 20-баптың 1-тармағының алтыншы абзацында "белгiленген ақыны дер кезiнде төлеуге" деген сөздер "заңдарда белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге" деген сөздерге ауыстырылсын;
      4) 26-баптың үшiншi және бесiншi абзацтарында "ақы төлеу" деген сөздер "заңдарда белгiленген төлемдер" деген сөздерге ауыстырылсын;
      5) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "28-бап. Табиғат ресурстарын пайдалану үшiн төленетiн төлемдер
      Табиғат ресурстарын пайдалану үшiн төленетiн төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленген салықтар, алымдар және төлемдер түрiнде табиғатты пайдаланушылардан өндiріліп алынады.";
      6) 29-бапта:
      екiншi бөлiкте "Үкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздер "Салық кодексiнде белгiленген" деген сөздерге ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төлем ставкасын жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негізiнде жергiлiктi өкiлеттi органдар белгiлейдi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн ақының сомасын мемлекеттiк бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес айқындалады.";
      7) 30-бапта:
      тақырыпта және мәтiнде "ақы" деген сөз "төлемдер" деген сөзге ауыстырылсын;
      "алынады" деген сөздер "алынады" деген сөздерге ауыстырылсын.
      21. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегi Z970162_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат):
      1) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жергілiктi атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жергiлiктi маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлем ставкаларын белгілейдi.";
      2) 77-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлемнiң ставкалары, мемлекеттiк бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес айқындалады.";
      3) 78-баптың 1-тармағында:
      екiншi, үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды және жеке тұлғаларға көрсетiлетiн қызмет үшiн төленетiн ақы";
      4) 79-бап алынып тасталсын.
      22. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару кодексiне Z970208_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; 2001 жылғы 17 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 20 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы Z010163_ Заңы):
      1) 57-баптың 1-тармағында "тиiстi мемлекеттiк органына" деген сөздер "мемлекеттiк меншiктi басқаруды жүзеге асыруға уәкiлеттi органға" деген сөздерге ауыстырылсын; 2) 60-бапта: тақырыпшада және 1-тармақта "мемлекеттiк органына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлет берген органы" деген сөздерге ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Тәркiленген мүлiктi мемлекеттiк меншiктi басқаруды жүзеге асыруға уәкiлеттi органға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды."; 3) 61-баптың 1-тармағында "тиiстi салық органына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлет берген органы" деген сөздерге ауыстырылсын. 23. "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат): 1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Белгіленген тәртіпте репатриант (оралман) деп танылған тұлғаға нысаны, беру тәртібін және әрекет ету мерзімін уәкілетті орган белгілейтін куәлік беріледі."; 2) 29-баптың 1-тармағында: 1) тармақша алынып тасталсын; 10) тармақша алынып тасталсын.
      24. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегi Z980258_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010207_ Заңы): 3-баптың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 25. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Z980321_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат): 166-бапта "Мемлекеттiк баж туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде" деген сөздерге ауыстырылсын. 26. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Z990382_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 12, 396-құжат): 1) 6-бапта: 3-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Радио жиiлiк спектрiн пайдалану үшiн төлемнiң ставкаларын, мемлекеттiк бюджетке есептеу және төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес айқындалады."; 5-тармақта: "тiркелуге" деген сөздiң алды "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Радио электронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексi айқындайтын тәртiпте алым алынады.";
      2) 12-бапта:
      2-тармақта:
      "аукциондар өткiзу жолымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде" деген сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өткiзген конкурс қорытындысы бойынша радиожиiлік спектрiнiң алабын (номиналдарын) пайдалануға қол жеткен кезде конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк бюджетке бiржолғы ақысын енгiзедi.
      Конкурс қорытындысы бойынша айқындалған мемлекеттiк бюджетке бiржолғы ақыны енгiзу тәртiбiн конкурс комиссиясы белгiлейдi.";
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
      "4-1. Радио жиілiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсатпен куәландырылады.
      Бұл ретте, телевизия және радио таратушы ұйымдарға рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексi айқындаған тәртiпте алым алынады.
      Конкурс өткiзу жолымен радио жиiлiк спектрiнiң алабын (номиналдарын) бөлу кезiнде радио жиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты көрсетілген соманы толық мөлшерде мемлекеттiк бюджетке енгізгенiн растайтын құжатты төлеушi тапсырғаннан кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бередi.".
      27. "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010207_ Заңы):
      12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасында "кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығы үшiн алым" деген сөздер "қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығы үшiн лицензиялық алым" деген сөздерге ауыстырылсын.
      28. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық кодексiне K990409_ (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат):
      1) 741-бапта:
      "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
      ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 938-баптың 2-тармағында "табыс салығы салынатын" деген сөздердің алды "жеке" деген сөзбен толықтырылсын, "салық инспекциясы" деген сөздер "салық органы" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3) 1017-баптың 3-тармағында "қызметтiк" деген сөзден кейiн ", салықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) 1083-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Коммуналдық меншiкке түскен өлген адамнан қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлет берген органы жүзеге асырады.
      Коммуналдық меншiкке түскен өлген адамнан қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".
      29. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексіне K990411_ (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; 2001 жылғы 17 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шілдедегі Z010207_ Заңы):
      1) 101-бапта "мемлекеттiк баж туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде" деген сөздерге ауыстырылсын; 2) 104-бапта: 1-тармақта "көзделген" деген сөздiң алды "Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ алынып тасталсын; 3) 105-бап алынып тасталсын; 4) 142-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттiк баждарды есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүргізiледi."; 5) 265-баптың 3-тармағы алынып тасталсын; 6) 339-баптың екiншi сөйлемi алынып тасталсын. 30. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Z000109_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат): 6-бапта: 2-тармақта: екiншi абзацта "салық салу үшiн" деген сөздер "жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектiлерiне салық салу үшiн, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау үшiн" деген сөздерге ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын: "мемлекет меншiкке түскен мүлік құнын айқындау үшiн;"; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi бағалау жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлет берген органы жүзеге асырады.".
      31. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Z010142_ Заңына (2001 жылғы 26 қаңтарда N 16 "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 27 қаңтарда N 23-24 (23371-23372) "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған):
      30-баптың 7-тармақшасында таратуды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн алынатын алымды төлеу туралы төлем тапсырмасының түбiртегi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Салық кодексi айқындаған тәртiпте заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн алынатын алымның мемлекеттiк бюджетке төлегенiн растайтын құжат" деген сөздерге ауыстырылсын.
      32. "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Z010152_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 4, 21-құжат):
      8-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Жалға алу төлемінің сомасын мемлекеттік бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.";
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, жалға алу төлемінің ставкасы жер салығы ставкасының мөлшерінен кем болмай белгіленеді.".
      33. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Z010210_ Заңына (2001 жылғы 20 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 20 маусымда N 146 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған): 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. "Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 желтоқсандағы Z000122_ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 21, 394-құжат).".

      2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Мамандар:
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады