Қазақстан-украин экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының мәжілісін өткізу жөніндегі ұйымдастыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қыркүйек N 1232а

      Қазақстан-украин экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) мәжілісін дайындауды және 2001 жылдың 24-25 қыркүйегінде Астана қаласында өткізуді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      Комиссия мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастырушылық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
      2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен Комиссия мәжілісін өткізуге, соның ішінде Комиссия мәжілісіне қатысушы украин делегациясы мүшелерінің тұруына қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп:

     украин делегациясы бар ұшақтың (бұдан әрі - ұшақ) Қазақстан

Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін;

     ұшаққа тұрақ беруді және қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,№

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады