Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң арасындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанында Кардиохирургия орталығын құру жобасын іске асыруға Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң грантын тарту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қазан N 1301

      "Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң грантын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 83 P010083_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң арасындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанында Кардиохирургия орталығын құру жобасын іске асыруға Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң грантын тарту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдiгiндегi Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Бағдат Құлтайұлы Әмiреевке Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Меморандумның жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң арасындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанында Кардиохирургия орталығын құру жобасын іске асыруға Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң грантын тарту жөнiндегi өзара түсiнiстiк

 

туралы меморандумға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі

тартылатын грант қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi

      Yкiметiнiң арасындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми

     орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанында      

     Кардиохирургия орталығын құру жобасын іске асыруға Сауд Арабиясы     

  Корольдiгi Yкiметiнiң грантын тарту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы

                                меморандум


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi

мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Yкiметi,

     өзара ынтымақтастық қағидаттарын негiзге ала отырып,


 
       "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жанында Кардиохирургия орталығын (бұдан әрi - Жоба) iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың шеңберiн белгiлеу ниетiн ескере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
      1. Жоба Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң желiсi бойынша берiлетiн гранттың қаражаты есебiнен қазақстан тарабы бөлген жер телiмiнде жүзеге асырылады.
      1.1. Осы меморандумға қоса берiлген жалпы жоспарға сәйкес кардиохирургия мамандығындағы жобаға сай аурухана "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны базасында ғимаратының құрылысын салу үшiн бөлiнген жер телiмiнде Алматы қаласында орналастырылады.
      1.2. Бес миллион АҚШ доллары сомасындағы грант мынадай мақсаттарды орындауға арналады:
      - қазақстан тарабы дайындаған, бастапқы деректерге сәйкес үш миллион екi жүз мың АҚШ доллары сомасына жалпы алаңы 4495 шаршы метр аурухана ғимаратының құрылысын салуға;
      - бiр миллион сегiз жүз мың АҚШ доллары сомасына медициналық жабдықтарды сатып алуға.
      1.3. Қазақстан тарабы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны тұлғасында сауд тарабына жобаның эскиздерi мен жұмыс бабындағы сызбаларын дайындау үшiн аурухананың қажеттiлiктерi, қызметiнiң бейiнi, мазмұны, жалпы бағдарламасы туралы мәлiметтердi бередi.
      2. Сауд тарабы Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметiнiң Қаржы және ұлттық экономика министрлiгi тұлғасында мыналарды жүзеге асырады:
      2.1. Жобаның макетiн, құжаттамасын және жұмыс бабындағы сызбаларын дайындайды әрi сауд инженерлiк консультативтiк бюросы арқылы Жобаның iске асырылуының барысын техникалық қадағалауды Қазақстан Республикасына сауд техникалық тобының сапары барысында қазақстандық тарап берген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырады.
      2.2. Аурухананың эскизiн қазақстандық тарабы мақұлдағаннан кейiн Жобаны аурухананың құрылысын салу жөнiндегi конкурсқа олардың қатысуы үшiн қазақстандық және саудтықтардың мамандандырылған компанияларының қарауына жiбередi.
      2.3. Консультативтiк бюро растаған мердiгердiң есептерiнiң негiзiнде жұмыстардың орындалуы барысына қарай Жобаны қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.
      3. Қазақстан тарабы мыналарды жүзеге асырады:
      3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аурухананы жабдықтармен толықтыру және ғимаратының құрылысын салу үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, акцизделенетiндерiнен басқа, тауарлар импортына кеден баждарын, қосылған құн салығын салудан босатады.
      3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Yкiметi грантының қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасындағы мердiгерлiк компания, сондай оның қызметшiлерiне, жұмысшыларына немесе Жобаның мердiгерiмен бiрге жұмыс істейтiн адамдарға жүргiзiлетiн төлемдер әлеуметтiк салықтан босатылады.
      3.3. Консультативтiк бюроға макеттердi, сызуларды дайындаумен, Жобаны iске асыру барысын бақылаумен байланысты қызметте көмек көрсетедi.
      3.4. Ғимараттың қасбетiнде араб және қазақ тiлдерiнде осы Жоба Сауд

 

Арабиясы Корольдiгi Yкiметi грантының қаражаты есебiнен жүзеге асырылғанын

түсiндiретiн ескерткiш тақтаны орнатады.

     Меморандум, Тараптардан оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық

мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарлама

алынған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Эр-Рияд қаласында қыжыраның 1422 жылғы "____"__________, бұл 2001

жылғы "____"__________ сәйкес, әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын

тiлдерiнде екi данада әзiрленген, мұның өзiнде барлық мәтiннiң күшi

бiрдей. Келiспеушiлiктер орын алған жағдайда, ағылшын мәтiнi негiзге

алынады.


     Қазақстан Республикасының         Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң

           Yкiметi үшiн                        Yкiметi үшiн


     ____________________________      ____________________________


       Қазақстан Республикасының

     Сауд Арабиясы Корольдiгiндегi

     Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады