"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы құрылысы объектiлерiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 16 қараша N 1458 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.24. N 1146 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны құру туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 U000530_ Жарлығына және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Z970163_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс органы болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiн "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының құны 450 (төрт жүз елу) миллион теңгеден асатын объектiлерiнiң құрылысын салуға мердiгерлiк кәсiпорындардың жұмыстарын (қызмет көрсетулерiн) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың бiрыңғай ұйымдастырушысы етiп белгiлесiн.

      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың жеңiмпаздарын айқындауды жүзеге асырсын;
      2) Комиссияның жұмыс органымен оның өзара iс-әрекетiнiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады