Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1605

      Мемлекеттік органдардың өзге де мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді сатып алуға бөлетін қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету

 

мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып

алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                      2001 жылғы 10 желтоқсандағы

                                         N 1605 қаулысымен

                                                бекітілген


         Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу

              жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға

                      арналған бағдарламасы


                   1. Бағдарламаның паспорты


     Бағдарламаның атауы      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып

                              алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға

                              арналған бағдарламасы


     Негізгі әзірлеуші        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің

                              Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі комитетi


     Бағдарламаның            Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы

     қысқаша мазмұны          Үкiметiнің 2001 жылғы 12 қазандағы N 1319



P011319_


  қаулысымен мақұлданған Мемлекеттiк 

                              сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004       

                              жылдарға арналған тұжырымдамасында          

                              анықталған орта мерзiмдi перспективада      

                              Қазақстан Республикасында мемлекеттiк

                              сатып алу жүйесiн дамытудың одан

                              арғы жолдарын iске асыру үшiн өзара

                              байланысты ұйымдастырушылық, құқықтық және

                              институционалдық iс-шаралар кешенiн жүргізудi

                              анықтайды.

                              Бағдарламаның ережелерiн iске асыру жөнiндегi

                              қызметтiң негiзгі бағыттары:

                              мемлекеттiк сатып алудың нормативтiк құқықтық

                              базасын жетiлдiру, уәкiлеттi органды

                              институционалдық нығайту, мемлекеттiк сатып

                              алу жүйесiнде қазiргi заманғы ақпараттық

                              технологияларды пайдалану, мемлекеттiк сатып

                              алу жүйесiнде жұмыс iстеу үшiн кадрларды

                              даярлау, электрондық сауда жүйесiн құруға

                              және енгiзуге дайындық


     Іске асыру мерзімі       Орта мерзiмдi, 2001-2004 жылдар


     Бағдарламаны             Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң

     қаржыландыру             қаражаты; оны iске асыруға қатысқан

                              мемлекеттiк кәсiпорындардың және            

                              акцияларының бақылау пакетi мемлекетке

                              тиесiлi акционерлiк қоғамдардың,

                              олармен келiсiм бойынша қаражаттары


     Күтілетін нәтижелер      Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу мақсатында

                              бюджеттiң шығыс бөлiгiн жоспарлаудың және

                              жалпы басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;

                              мемлекеттiк сатып алу процесiнде құқық

                              бұзушылықтарды төмендету;

                              мемлекеттiк сатып алу процесiнiң айқындылығын

                              арттыру;

                              мемлекеттiк сатып алу саласындағы мамандардың

                              бiлiктiлiк деңгейiн арттыру



                        2. Кiрiспе



 
       Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 шiлдедегi N 09-10/3 тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 12 қазандағы N 1319 қаулысымен мақұлданған Мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзiрленген. Қазiргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу процестерiн реттейтiн институционалдық және нормативтiк құқықтық база құрылған. Мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алуды жүзеге асыру рәсiмдерi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң қалыптасқан жүйесiмен, соның ішінде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Z970163_ Заңымен реттеледi. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды ұйымдастыру бюджет қаражатының жұмсау тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бердi.
      Осы Бағдарлама орта мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың одан арғы жолдарын мемлекеттiк сатып алу көлемiн елеулi арттыру және олардың елiмiздің экономикасына әсерiн күшейту, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi өздерiнің иелiгiндегі ақшаның есебiнен сатып алуына қолдану тұрғысынан iске асыру үшiн өзара байланысты ұйымдастырушылық, құқықтық және институционалдық iс-шаралар кешенiн жүргiзудi анықтайды.
 
      3. Мемлекеттiк сатып алу саласындағы қазiргі кездегі жағдайды талдау
 
      Мемлекеттiк сатып алу жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi алғашқы қадамдарын Қазақстан Республикасының Yкiметi алғашқы рет мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң нақты рәсiмдерi көзделген "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алу туралы" 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586 P960586_ және "Аймақтардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырудың тәртiбi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 24 шiлдедегі N 925 P960925_ қаулыларын қабылдау арқылы жасады. Осы қаулылардың қалыптарын қолданумен бiрқатар республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн өнiмдердi орталықтандырылған сатып алу бойынша бiрiншi конкурстар ұйымдастырылды. Осылайша, 1997 жылы 9 млрд. теңгеден астам сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу жүргізiлдi, бұл ретте жүргiзiлген конкурстар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу шамамен 210 млн. теңгенi құрады. Сатып алудың жалпы көлемiнде республикалық бюджет қаражатының үлесi 61%, жергiлiктi бюджеттердiң үлесi тиiсiнше 39% құрады.
      Сонымен қатар, жоғарыда көрсетiлген қаулыларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тек жалпы сызбалық көзқарастары ғана негізделдi. Мемлекеттiк сатып алу саласы тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу жөнiндегi рәсiмдердi республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын неғұрлым нақты ережелердi белгiлейтiн құқықтық және экономикалық қарым-қатынастарды заңнамалық реттеуге мұқтаж болды. Осыған байланысты, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Z970163_ Заңы қолданысқа енгiзiлдi.
      Заң жобасын әзiрлеу кезiнде Yкiметте жергiлiктi және шетел консультанттарымен бiрлесе отырып, мемлекеттiк сатып алу саласындағы әлемдік тәжiрибе талданды, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда жөнiндегi комиссиясының (ЮНСИТРАЛ), Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының үлгі заңдары, Дүниежүзiлiк Банктiң және басқа да ұйымдардың материалдары зерделендi.
      Осы Заңмен мемлекеттiк сатып алу жүйесiн қалыптастырудың мынадай негізгi басымдықтары анықталды:
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражатын оңтайлы жұмсау;
      ұйымдастыру-құқықтық нысандарына, меншiк нысандарына және мемлекеттiк қатынастығына қарамастан, барлық өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алуға қатысуы үшiн тең мүмкiндiктермен қамтамасыз ету;
      тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi өнiм берушiлердiң арасында адал бәсекелестiктi дамыту;
      мемлекеттiк сатып алу процесiнiң айқындылығы және ашықтығы.
      Бұдан басқа, Заңда мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыреті белгiлендi, оларды жүзеге асыру рәсiмдерi мен тәсiлдерi анықталды, сондай-ақ қорғаныстың, құқықтық тәртiптің және ұлттық қауiпсiздiктің қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн сатып алудың ерекше шарттары көзделдi. Заңда сатып алу процесiне бақылау орнатуға, оларды есептеудi ұйымдастыруға және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершіліктi белгiлеуге ерекше назар бөліндi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 P980119_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегі Iс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттiк сатып алу жөніндегi өкiлеттiктердi орталықтан жергіліктi атқарушы органдарға бере отырып, бiрыңғай әдiснамалық көзқарас негiзiнде мемлекеттiк сатып алуды орталықсыздандыру жүргізiлген болатын. Орталықтандырылған мемлекеттiк сатып алуды уәкiлеттi орган тек неғұрлым маңызды және ерекше iрi тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуға қатысты ғана жүзеге асыра бастады.
      Мемлекеттiк мекемелер 1998 жыл iшiнде республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi 61,3 млрд. теңге сомасына жүргіздi, сатып алу көлемi 33,6 млрд. теңге шамамен 3,2 мың конкурс өттi, бұл ретте өткiзiлген конкурстардан бюджет қаражатының шартты үнемделуi 3,1 млрд. теңгенi құрады.
      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заң енгiзілген сәттен бастап, оның ережелерiн iс жүзiнде қолдану ондағы бiрқатар дәлсiздiктердi анықтады, ал конкурстар өткiзудің жинақталған тәжiрибесi сатып алу рәсiмдерiн одан әрi жетiлдiрудi, сондай-ақ уәкiлетті органның рөлiн өзгертудi талап еттi.
      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңға 1998 жылдың соңында енгiзiлген өзгерiстермен мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі уәкiлеттi органда конкурсты ұйымдастырушының функциясы алынып тасталды, конкурс нысаны ретiнде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша бағалардың төмендеуiне аукцион жойылды, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары көзделдi, шарттардың орындалуын қамтамасыз ету енгiзілдi, бiрқатар рәсімдік мәселелер нақтыланды.
      Мемлекеттiк сатып алу саласында әкiмшiлендiрудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 4173 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегi агенттігі құрылды.
      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 1999 жылғы 29 қарашадағы Заңға өзгерiстер енгiзiлуiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау шаралары заңды түрде бекiтiлген болатын.
      1999 жылы мемлекеттік сатып алу көлемi 91,9 млрд. теңгенi, оның iшінде жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен 53,2 млрд. теңгенi немесе мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алу көлемiнiң 57,9%-ын құрады. Осы жылғы сатып алу көлемi 51,5 млрд. теңгеге 4,5 мың конкурс өткiзiлдi, бұл ретте бюджет қаражатының шартты үнемделуi 1,4 млрд. теңгеге өстi және 4,5 млрд. теңгенi құрады.
      2000 жыл үшiн мемлекеттiк сатып алу көлемi 86,9 млрд. теңгеге немесе 1999 жылмен салыстырғанда 94,5%-ға өстi және 178,8 млрд. теңгеге жетті, бұл ретте сатып алудың жалпы көлемiнде республикалық бюджет қаражатының үлесi 35,6%-ды, тиiсiнше жергiлiктi бюджеттердiң үлесi 64,4%-ды құрады. Осы жылда сатып алу көлемi 100,9 млрд. теңгеге 5,9 мың конкурс өткiзiлдi. Бұл ретте бюджет қаражатын үнемдеу осы уақытта елеусiз ғана өскенiн атап өту қажет - 1999 жылғы 4,5 млрд. теңгеден 2000 жылы 5,1 млрд. теңгеге дейiн.
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реформалау нәтижелерiн Дүниежүзілік Банктің, Азия Даму Банкiнің және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары оң бағалады. Тұтастай алғанда, Қазақстанда мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыстарды оң бағалай отырып, сарапшылар мемлекеттік сатып алу жүйесiнің тиiмділігiн арттыру Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алуды реттеу, болжамдау және әкiмшiлендiру үшiн құқықтық және институционалдық базаны күшейтумен бiрге жүруi тиiс деп санайды.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкілеттi орган Қазақстан

 

Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетi

болып табылады.

     Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет мемлекеттік сатып алуға 1997

жылдан бастап 2001 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса ала талдау жүргізді.

     Кесте: 1997 жылдан бастап 2000 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса

алғандағы мемлекеттік сатып алу саласының негізгі көрсеткіштері.

_________________________________________________________________________

                               !1997 ж.! 1998 ж. ! 1999 ж.! 2000 ж.!2001 ж.

                                                                    6 ай

_________________________________________________________________________

Сатып алудың жалпы көлемі,        9     61,3      91,9    178,8    129,8

млрд. теңге   

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет        5,5    25,2      38,7     63,7    59,9

_________________________________________________________________________

сатып алу көлемінде республи.   

калық бюджеттің үлесі, %          61    41,1      42,1     35,6    46,2

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер,            3,5    36,1      53,2    115,1    69,9

млрд. теңге   

_________________________________________________________________________

сатып алу көлемінде жергілікті  

бюджеттердің үлесі, %             39    58,9      57,9     64,4    53,8

_________________________________________________________________________

Конкурстардың саны                      3166      4491     5919    4504

_________________________________________________________________________

Конкурстар бойынша жеңім.      

паздардың саны                          4579      6842     10591   9195

_________________________________________________________________________

Конкурстық негізде сатып алу   

көлемі, млрд. теңге                     33,6      51,2     100,9   74,4

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет               16,8      15,9     24,8    25,8

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер                    16,8      35,6     76,1    46,8

_________________________________________________________________________

Бағалық ұсыныстарды сұратумен                                          

сатып алу көлемі, млрд. теңге            2,9       5,8     13,0    7,14

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет                0,9       1,8      4,1    3,04

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер                     2,0       4,0      8,9     4,1

_________________________________________________________________________

Бір көзден сатып алу,                                                  

млрд. теңге                              24,8      34,6     64,9   48,26 

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет                7,4       20,9     34,8   31,06

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер                     17,4      13,7     30,1   17,2

_________________________________________________________________________

Отандық берушілерден сатып             

алудың жалпы көлемі,

млрд. теңге                              56,0      89,1     171,1  125,5

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет                23,9      38,0     57,1   56,2

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер                     32,1      51,1    114,0   69,4

_________________________________________________________________________

Шетелдік берушілерден сатып              5,3       2,8      7,7    4,25

алудың жалпы көлемі, млрд. теңге

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет                1,3       0,7      6,6     3,7

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер                     4,0       2,1      1,1     0,5

_________________________________________________________________________

Бюджет қаражатын үнемдеу, млрд.                                        

теңге                              0,21  3,1       4,5      5,1     2,9

_________________________________________________________________________

с.і. республикалық бюджет                1,5       1,3      1,2     1,1

_________________________________________________________________________

Жергілікті бюджеттер                     1,6       3,2      3,9     1,8

_________________________________________________________________________

Тексеру саны:                             9        37       42      21

_________________________________________________________________________

с.і.жоспарлы:                             9        20       23         

_________________________________________________________________________

Тапсырма бойынша                                   17       19         

_________________________________________________________________________

МСК-ға түскен хаттар мен                          4397     7672    3106

өтініштердің саны

_________________________________________________________________________


 
       Уәкілеттi орган қызметiнiң талдауы көрсеткендей, бүгiнгі таңда мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі есептiлiк жүйесiн 39 мемлекеттiк мекемелер - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмгерлерi, 14 облыс, Алматы және Астана қалалары тоқсан сайын ұсынады және 104 көрсеткiштен тұрады. Деректердi өңдеу арифметикалық жинақ жолымен жүзеге асырылады және сайып келгенде, тек мемлекеттік сатып алу саласындағы үрдiстер туралы жалпы түсiнiк қана бередi, жалпы қорытындысынан бәсекелі орта, мемлекеттiк сатып алу процесiнде нақты мемлекеттiк мекемелердiң шешiмдер қабылдау негiздiлiгі көрiнбейдi.
      Практикада жергіліктi және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк сатып алу көлемiн, номенклатурасын және мерзiмдерiн жоспарлауды жақсарту жөнiнде барлық қажеттi шаралар қабылдамағаны көрiндi, нәтижесiнде тұтастай алғанда республика бойынша 2000 жылы іс жүзiндегі сатып алулар сатып алудың жылдық жоспарлы көлемiнен 82 млрд. теңгеге немесе 1,9 есеге асты. Осы себеппен конкурстарды өткiзу жөнiндегi дайындық iс-шаралары уақытында жүргiзiлмедi, осының нәтижесiнде уәкiлеттi органға түскен хаттар мен өтiнiштердiң саны 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жыл iшiнде 1,7 есеге артты. Егер 2000 жылы бiр көзден сатып алу тәсілін келiсу жөнiнде 627 өтiнiш түссе, онда 2001 жылдың бiрiншi жартыжылдығында өтiнiштердiң саны 444-тi құрады, бұл ретте әрбiр өтiнiш егжей-тегжейлi зерделеудi талап етедi.
      Уәкiлеттi органның негізгi функцияларының бiрi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Iс жүзiнде барлық тексерiлген тапсырыс берушiлер мен ұйымдастырушылардың конкурстарында қолданылып жүрген мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық фактiлерi табылды.
      Өткiзiлетiн конкурстар туралы жеткiлiксiз ақпараттандырылуына байланысты ықтимал өнiм берушiлердің көп жағдайларда конкурстарға қатысуға алдын ала дайындалу үшiн мүмкiндiгi болмайды (мысалы: банкте несиенi ресiмдеу, ұйымдастыру және дайындық iс-шараларын жүргiзу), бұл тапсырысқа үмiткерлер санының жасанды түрде азаюына әкелiп соқтырады.
      Қателер мен тәртiп бұзушылықтардың көпшiлiгiн мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы нашар бiлуi себептi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жiбередi, сондықтан уәкілеттi орган уақытының елеулi ресурстары түрлi түрлердегi түсiндiрулер мен консультацияларға алаңдатылады. Мысалы, мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алу көлемiнде жергіліктi бюджеттердiң үлесi 1997 жылы 39%-дан 2000 жылы 64%-ға дейiн едәуiр өстi. Алайда, жергілiктi бюджеттер деңгейiнде мемлекеттiк сатып алу көлемдерiн ұлғайту мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамада көзделген тиiстi әдiснамалық жұмыспен, оқытумен және рәсiмдердiң сақталу дұрыстығын бақылаумен қатар жүрген жоқ.
      Осылайша, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң соңғы үш жылғы қызметiн талдау мемлекеттiк сатып алудың қолданыстағы тетiгінің күштi және әлсiз жақтарын бөлуге мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң күштi жақтарына мынадай факторларды:
      мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі заңнамалық және әдiснамалық базалардың бар болуын;
      уәкiлеттi органның бiлiктi қызметкерлерiн;
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің мемлекеттiк сатып алуды жүргiзуiнiң жинақталған тәжiрибесiн жатқызуға болады.
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiнің әлсiз жақтарына мынадай факторларды:
      конкурстарды жүргізген кезде мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн айқын регламенттеу бөлiгiнде нормативтiк құқықтың базаның жетiлдiрiлмеуiн, сыбайлас құқық бұзушылықты ескерту және нақты бәсекелестiктi қамтамасыз етудi;
      мемлекеттiк сатып алу көлемiнiң күрт ұлғаюымен уәкiлеттi органды, әсiресе жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiндегі жеткіліксiз ресурстық қамтамасыз етудi;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдардың билiгiндегі қаражаттардың пайдалануына бақылаудың, мониторингтің және талдаудың жоқтығын;
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң номенклатурасын және көлемдерiн, оларды беру мерзiмдерiн жобалау сапасының төмен деңгейi;
      мемлекеттiк сатып алу тиiмдiлiгін талдау үшiн қазiргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкiндiгiнiң жоқтығын;
      табиғи монополияларға жатпайтын субъектiлерден бiр көзден сатып алудың ақталмаған жоғары үлесі;
      мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң, әсiресе аймақтардағы қызметкерлерiнiң жеткіліксiз бiлiктiлiгiн;
      мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзу жағдайларын жатқызуға болады.
 
            4. Бағдарламаның негiзгі мақсаттары және міндеттерi
 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 U983834_ Жарлығына сәйкес стратегияның бiрi ретiнде "Салық және бюджет саясатының тиiмдiлiгiн арттыру және бюджет тапшылығын инфляциялық емес түрде қаржыландыру" сияқты басымдықты iске асыру мемлекеттiк шығыстарының оңтайлылығын көздейдi. Мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алу мемлекеттiк шығыстар құрылымында елеулi орын алатындықтан, онда көрсетiлген басымдықты iске асыру жолдарының бiрi мемлекеттiк сатып алудың тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      Бағдарламаның басты мақсаты өзгеретiн сыртқы және iшкi жағдайларға сәйкес келетiн және бiрдей әрекет етуi және тиiстi түрде мемлекеттiк бюджеттің, мемлекеттiк кәсіпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдардың билiгiндегi қаражаттарын оңтайлы және тиiмдi жұмсауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алудың транспаренттi жүйесiн дамыту болып табылады.
      Бағдарламаның басты мақсатының тұғырынан мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай мақсаттарға жетуге:
      нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру және мемлекеттiк сатып алу жүйесiн институционалдық нығайтуға;
      талдау, бақылау үшiн уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен уақытында ақпараттарды алуды қамтамасыз ету және оны Wеb-сайтта орналастыруға;
      жаңа кадрларды даярлау, мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiк және жауапкершiлiк деңгейiн арттыруға;
      бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүргiзетiн сатып алуларға ықтимал өнiм берушілердiң қол жеткiзуiне тең мүмкiндіктердi қамтамасыз етуге;
      мемлекеттiк сатып алуды жоспарлауды жақсартуға бағытталуы тиiс.
      Қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мәселелердi шешу:
      жаңа редакциядағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Z970163_ Заңды және тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау;
      мемлекеттiк сатып алудың есептiлiгi мен мониторингiнiң автоматтандырылған жүйесін, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алудың электронды агенттігі" Wеb-сайтын құру және қолдау;
      конкурстардың тапсырыс берушiлерi мен ұйымдастырушыларының конкурстық комиссиялары мүшелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды ұйымдастыру және аттестаттау;
      мемлекеттiк ақшаларды ұтымды пайдалануда бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мүдделiлiгін арттыру үшiн бюджеттiк жоспарлау аясында нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiруге бағытталған ұсыныстарды енгізу жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
      электронды сауда-саттық жүйесiн құру және енгізу үшiн нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын дайындауға қатысу;
      аумақтық басқармаларды құра отырып, уәкiлеттi органды институционалдық нығайту;
      "келiсiм-шарттық брокерлердiң" (шенеунiктердiң) институтын енгізу мүмкiндігiн зерделеу және олардың қызметiн лицензиялау үшiн қажеттi нормативтiк кесiмдердiң жобаларын дайындау бiрiншi дәрежелi мағынаға ие.
      Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру мемлекеттiк сатып алуды жүргізу кезiнде тәртiп бұзушылықтардың санын азайтуға, аталған салада сыбайлас жемқорлық көрiнiстерінің деңгейiн төмендетуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиiмдiлiгiн арттыруға және оны ұтымды пайдалануға мүмкiндiк бередi, бұл сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің көлемiнен 5-10% шегiнде мемлекеттiк қаражатты үнемдеуге және мемлекеттiк бюджет, мемлекеттiк кәсіпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың қаражаттарын оңтайлы және тиiмдi жұмсауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң құрылуына ықпал етедi.
 
         5. Мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары
 
                     5.1. Заңнамалық базаны жетiлдiру
 
      Қазiргі уақытта жаңа редакциясына сәйкес осы Заңның қолдану аясы мемлекеттiк кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар билiгiндегі ақшаның есебiнен жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алуға тарату көзделген "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзiрленген.
      Бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау және пайдалану мақсатында уәкiлеттi орган басқа да орталық және жергілiктi органдармен мемлекеттiк сатып алудан бюджет қаражатын шартты үнемдеу мәселелерi бойынша тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар енгізу жөнiндегi бiрлескен жұмысқа қатысатын болады.
      Қазiргi уақытта уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшiн лауазымды тұлғаларға айыппұл салу тәртiбiн көздейтiн "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеуде.
      Мемлекеттің мұқтаждары үшiн сатып алу саласындағы әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, "келiсiм-шарттық брокерлер" (шенеунiктер) институтын енгізу мүмкiндiгiн зерделеу қажет. "Келiсiм-шарттық брокерлер" институтын енгізу сатып алуға жауаптылардың кәсiптiк деңгейiн көтеруге, мемлекеттiк сатып алу процесiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң мүмкiндiгiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
 
        5.2. Қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу
 
      Уәкiлеттi орган 2001-2002 жылдар iшiнде мемлекеттiк сатып алу мониторингі мен есептiлiгiнiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзудi жоспарлап отыр. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу мониторингінің автоматтандырылған жүйесiн (бұдан әрi - автоматтандырылған жүйе) енгiзудiң бiрiншi кезеңiнде бюджеттiк бағдарламалардың iрi әкiмшiлерi (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің көлемi бойынша) қамтылатын болады.
      Бұдан әрi автоматтандырылған жүйе тұтастай алғанда аймақтар бөлiнiсiнде және республика бойынша мемлекеттік сатып алудың мониторингін қамтамасыз етуi тиiс. Барлығы мониторингпен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң және олардың сатып алу тәсiлдерінің бағасын, көлемдерiн, номенклатурасын көрсете отырып, 16 200-ден астам мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қамтылуы тиiс. Бұл тапсырыс берушiлер сатып алатын және ықтимал өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің деректер қорын қалыптастыру мүмкiндiгiн едәуiр кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiне, оның құрылымдық бөлiмшесi бойынша, сондай-ақ оларға есеп берушi мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар бойынша мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргiзу мүмкiндiгi туады.
      Бұндай жағдайда тауарларға, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған бағаны жан-жақты талдау және уақытындағы мониторинг және - мемлекеттiк сатып алуды тиiмдi жүргiзудiң маңызды бағалы көрсеткiшi бойынша нақты мүмкiндiк туады.
      Барлық қалыптасқан деректер қоры кез келген мемлекеттiк орган мен мекеме немесе ықтимал өнiм берушi үшін ашық болады. Ұсынылған есептiлiк оның шынайылығы тұрғысында камеральды және құжатты тексерiске ұшырайтын болады.
      Бұдан басқа, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiне сенiмсiз (терiс пиғылды) берушiлердiң қатысуын болдырмау және жасасу жоспарланған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тиiсiнше орындау мақсатында, уәкiлеттi орган сенiмсiз (терiс пиғылды) өнiм берушiлердiң (мердiгерлердің) деректер қорын құратын болады. Мемлекеттiк сатып алу мониторингінің автоматтандырылған жүйесi перспективада басқа да мемлекеттiк органдардың ақпарат жүйелерiмен бiрлесiп, мемлекеттiк бюджеттiң орындалуы үшiн жауап беретiн мемлекеттiк органдардың бiрiктiрiлген ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiнiң бөлiгі болуы тиiс.
      Қазiргi уақытта тапсырыс берушiлер әр түрлi мерзiмдi баспа басылымдарында, оның iшiнде, тек белгiлi бiр аймақта таратылатын азғантай таралыммен басылымдарда хабарландырулар жариялайды. Бұл ықтимал өнiм берушiлердiң ақпарат алмағандығынан бәсекелi қорын кеңейтуге мүмкiндiк бермейдi. Уәкiлетті органның Wеb-сайтындағы автоматтандырылған жүйенің ақпараты негізiнде мемлекеттiк сатып алу жүйесінің ашықтығын және айқындығын кеңейту мақсатында мынадай ақпаратты:
      ықтимал өнiм берушiлерге ұйымдастырылатын конкурстарға қатысуды алдын ала жоспарлауға мүмкiндiк беретiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінің бөлінісiнде жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сатып алу туралы деректердi;
      тапсырыс берушiлер мен ықтимал өнiм берушiлерге тек қана республика бойынша емес, облыстар мен аудандар бөлiнiсiнде жүргiзiлетiн конкурстар туралы ақпаратты алу мүмкiндігін беретiн конкурстар туралы және олардың қорытындысы туралы хабарландыруды;
      конкурстық құжаттамалар мен өтінімдердi дайындау жөнiндегі әдiснамалық нұсқаулықтарды, тапсырыс берушiлер мен ықтимал өнiм берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн түсiндiрудi;
      конкурстарды жүргiзу, ұйымдастыру жөнiндегі, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды жинау үшiн арнаулы бөлiмдi орналастыру көзделетiн болады.
 
               5.3. Уәкiлеттi органды институционалды нығайту
 
      Уәкiлеттi органды қажеттi ресурстармен институционалды нығайту мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алуды үйлестіру, оның мониторингi және бақылау жөнiндегi жұмыс көлемiнiң едәуiр ұлғайтуымен орындалуына мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк сатып алуды үйлестiру, оның мониторингi және бақылау үшiн жауапты құрылымдық аумақтық бөлiмшелердің құрылуы уәкiлеттi органға, облыстар мен қалалардың әкімияттарымен неғұрлым жедел жұмыс істеуiне мүмкіндiк бередi, бұл мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн күшейтуге, жiберiлген тәртiп бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктi арттыруға және жедел ден қоюға ықпал етедi.
      Есептіліктiң жаңа нысаны мен бар ақпараттар негiзiнде уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің паспортын әзiрлейтiн болады, онда тұрақты жүйелiк талдау негiзiнде уәкiлеттi органның тарапынан кейiнгі консультациялар үшiн негізгi проблемалар мен жiберiлетiн қателердi белгiлей отырып, мемлекеттік сатып алу саласында олардың қызметінің нәтижелері көрсетілетін болады.
 
          5.4. Мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрларды даярлау
 
      Жергiлiктi жерлердегі мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң қателерi мен бұзылуының елеулі бөлiгiне заңнаманы нашар бiлу және/немесе оны практикада дұрыс қолданбау себебiнен жол берiлгендіктен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырумен және жүргізумен тiкелей айналысатын мемлекеттiк мекемелердегі мамандардың бiлiктiлiк деңгейiн көтеру үшiн уәкiлеттi орган оқытатын семинарлар мен курстар ұйымдастыратын болады. Сонымен қатар конкурстардың тапсырыс берушiлерi мен ұйымдастырушыларының конкурстық комиссияларының мүшелерiн аттестаттау қажет. Сатып алудың тәсілiн және конкурстың рәсiмдерiн таңдаудағы неғұрлым жиi туындайтын проблемалар бойынша оқулықтар шығаруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
      Таяу арада мемлекеттiк сатып алу мәселелерiмен айналысатын конкурстық комиссиялардың мүшелерi мен мамандандырылған құрылымдардың қызметкерлерi үшiн оқуды ұйымдастыру, ал перспективада мемлекеттiк кәсіпорындар мен акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарға мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы қолдануға байланысты осы салада мамандар даярлау жөнiндегі мемлекеттiк тапсырысты жүргiзу туралы мәселенi пысықтау қажет.
      Бүгiнгi таңда 39 республикалық және 16 жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi бар. Егер әрбiр орталық атқарушы органда кемiнде 3 маманнан оқыту және аттестаттау қажет болса, онда конкурстық комиссиялар мүшелерiнің бiлiктілiк жағдайы аса қиын болып табылатын әрбiр облыстық әкiмиятта, Алматы мен Астана қалаларында әр түрлi құрылымдық бөлімшелерден 10 маманнан оқыту және аттестаттау қажет болады, ал осындай жұмыстарды әрбiр аудандық әкiмиятта кемiнде екi маманнан жүргiзу қажет.
      Осылайша, мемлекеттiк сатып алу саласында мамандардың ең аз саны (мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарды қоспағанда) оларды оқыту, бiлiктiлiгiн көтеру және аттестациялау қажет болатын, бiр жылдың iшiнде 600 адамнан кем болмайды.
 
         5.5. Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық аукциондар мен
                              тендерлердi енгiзу
 
      Бизнестi электронды жүргiзудi, электрондық сауданы, электрондық қаржыларды дамыту дүниежүзілік экономика қозғалысының басты бағыттарының бiрi болып табылады. Мемлекеттiк сатып алу мониторингiнiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу мемлекеттiк сатып алу үшiн электрондық саудалар жүйесiн құру жөнiндегi қадамдардың бiрi болып табылады. Конкурстық негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында электрондық аукциондар мен тендерлер тетiгiн енгiзу перспективада қағаздық құжат айналымының елеулi қысқаруына әкеп соқтырады, сатып алу процесiн неғұрлым транспаренттi және ашық етедi. 2001-2002 жылдары осы iс-шараларды iске асыру үшiн "Мемлекеттiк сатып алудың электрондық агенттiгі" Wеb-сайтын әзiрлеу және iске қосу қажет.
 
                   6. Бағдарламаны қаржыландыру
 
      Бағдарламаның iс-шараларын қаржыландыруды бұл мақсаттарға республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат, сондай-ақ, олармен келiсiм бойынша, оны iске асыруға қатысқан мемлекеттiк кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлі акционерлiк қоғамдардың қаражаты есебiнен және шегiнде жүзеге асыру болжанып отыр. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңына сәйкес 33 "Мемлекеттiк сатып алудың мониторингiн жүргiзу және ақпараттық қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша мемлекеттiк сатып алу мониторингiнiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу үшiн 10 млн. теңге мөлшерiнде қаржыландыру көзделген.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 мамырдағы N 674 P010674_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарымен "Электрондық коммерцияны, аукциондар мен тендерлердi енгізу" кiшi бағдарламасын iске асыру үшiн 70 млн. теңге, оның ішінде "Мемлекеттiк сатып алудың электрондық агенттiгі" Wеb-сайтын құру үшiн 10 млн. теңге мөлшерiнде бюджет қаражатын бөлу көзделген.

 

     "Республикалық деңгейде кадрларды даярлау мен қайта даярлау"

бағдарламасы бойынша 600 адамды оқыту үшiн 2002 жылға 7983 мың теңге бөлу

жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мемлекеттiк сатып алумен айналысатын

кадрларды даярлау мен қайта даярлауға жыл сайын бюджет қаражаттарын бөлудi

көздеу қажет.

     Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiн (64 адам) құру үшiн:

     жабдықтау үшiн - бiр жолғы 33 млн. теңге;

     ұстау үшiн - жыл сайын 17 млн. теңге.

     Қаржыландыру мөлшерi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастыру

кезiнде нақтыланатын болады.


            7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер


     Осы Бағдарламада белгіленген мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамыту

жөнiндегі барлық iс-шараларды iске асыру:

     бюджеттің шығыс бөлiгiн жоспарлаудың және жалпы басқарудың

тиiмділігiн арттыруға;

     жылына сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер

көлемiнен 5-10% шеңберiнде мемлекет қаражатын үнемдеудi қамтамасыз етуге;

     мемлекеттiк сатып алу процесiнде сыбайлас жемқорлық әрекеттердiң

деңгейін төмендетуге;

     мемлекеттiк сатып алу процесiнiң анықтығын және транспаренттiгін

арттыруға;

     мемлекеттiк сатып алу саласындағы мамандардың бiлiктiлiк деңгейiн

көтеруге мүмкiндiк бередi.


          8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

_________________________________________________________________________

Рет!  №Іс-шаралар атауы     ! Аяқталу нысаны !Орындалуына!Орындау мерзімі

т.N!                        !                !жауаптылар !

_________________________________________________________________________

1           2                       3             4            5

_________________________________________________________________________

1  Мемлекеттік сатып алу     Нормативтік      ҚМ МСК      "Мемлекеттік са.

   туралы нормативтік құқық. құқықтық                     тып алу туралы"

   тық кесімдерді "Мемлекет. кесімдердің                  Заңды және

   тік сатып алу туралы"     жобалары                     "Әкімшілік құқық

   Заңның және "Әкімшілік                                 бұзушылық туралы

   құқық бұзушылық туралы                                 кодекске толықты.

   кодекске толықтырулар                                  рулар енгізу

   енгізу туралы" Заңның                                  туралы" Заңды

   жаңа редакцияларына                                    қабылданғаннан

   сәйкес келтіру                                         кейін бір ай

                                                          мерзімде

_________________________________________________________________________

2  "Келісім-шарттық брокер.  Үкіметке         ҚМ МСК,     2004 жыл ішінде

   лер" (шенеуніктер)        ақпарат          ЭСМ                       

   институтын енгізу мүм.                                          

   кіндігін зерделеу                         

_________________________________________________________________________

3  "Мемлекеттік сатып алу.   Үкіметке         ҚарМ, ТКМ   2002 жыл ішінде

   дың электрондық           ақпарат                                    

   агенттігі" Wеb-сайтын                                           

   ашу                                       

_________________________________________________________________________

4  Мемлекеттік сатып алу     Нормативтік      ҚМ МСК, ТКМ 2003 жыл ішінде

   саласына электрондық      құқықтық                                   

   сауда енгізу үшін норма.  кесімдердің                           

   тивтік құқықтық кесімдер. жобалары   

   дің жобаларын әзірлеу 

_________________________________________________________________________

5  1) бюджеттік бағдарлама.  Жылдық есеп      ҚМ МСК      тұрақты        

   лар әкімшілерінің;        құрамындағы                                

   2) отандық тауар өндіру.  ақпарат                               

   шілер - ықтимал өнім

   берушілердің;

   3) сенімсіз (теріс      

   пиғылды) берушілердің

   (мердігерлердің);

   4) конкурстардың дерек.

   қорын құру және жүргізу.

_________________________________________________________________________

6  Бюджеттік бағдарламалар    Жылдық есеп     ҚМ МСК       тұрақты

   әкімшілерінің паспортын    құрамындағы

   әзірлеу және енгізу        ақпарат

_________________________________________________________________________

7  Мемлекеттік сатып алу     Үкіметке         Қаржымині,  2002 жыл ішінде

   процесін үйлестіруге      ақпарат          жергілікті                

   және оның мониторингіне                    атқарушы             

   жауапты уәкілетті орган.                   органдар

   ның құрылымын жетілдіру.

   дің және аумақтық бөлім.

   шелерді құру мүмкіндігі

   туралы ұсыныстар дайындау

_________________________________________________________________________

8  Мемлекеттік сатып алу     Үкіметке         Қаржымині   2002 жылғы     

   мониторингінің автомат.   ақпарат                      желтоқсан     

   тандырылған жүйесін құру                                        

   және енгізу                                        

_________________________________________________________________________

9  Мемлекеттік сатып алу     Семинарлар       ҚМ МСК       тұрақты       

   мәселелері бойынша тап.                                              

   сырыс берушілер мен ұйым.                                       

   дастырушылардың конкурс.                           

   тық комиссияларының мүше.

   лерін, оқытуды және    

   аттестациялауды ұйымдастыру

   мен жүргізу             

_________________________________________________________________________

10 Сатып алу тәсілі мәселе.  Әдістемелік      ҚМ МСК      2002 жылғы

   рі мен конкурс рәсім.     оқулықтар                    1-тоқсан      

   дерін таңдаудың неғұрлым                                        

   жиі туындайтын проблема.                 

   лары бойынша оқулықтар   

   әзірлеу және шығару    

_________________________________________________________________________


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады