"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 қаңтар N 110

      "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын одан

 

әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық

мемлекеттік кәсіпорнын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары

бекітілсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                             Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                            2002 жылғы 25 қаңтардағы

                                                N 110 қаулысымен

                                                      бекітілген


         "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық

           мемлекеттік кәсіпорнын дамытудың

          2001-2005 жылдарға арналған жоспары


               1. Кәсіпорынның сипаттамасы


                     1.1. Кiрiспе



 
       "АТСП" РМК дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары 1996-2000 жылдардың нақты мәлiметтерi негiзiнде және 2000 жылдың қаржылық және өндірістік көрсеткiштерi негiзiнде әзiрлендi. Жоспар мынадай көрсеткіштерден тұрады: сипаттама, өндiрiстiк-қаржылық жағдайды талдау және 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспары және негізгi бөлiмге (4.1. ден бастап 4.11. дейiн) қоса берiлген.
      Даму жоспарының қаржылық және пайдалану көрсеткiштерi туралы болжам олардың ұлғаюына және азаюына әсер ететiн факторларды ескерiп, қалыптасқан және жоспарланып отырған жүк ағындарын тиянақты талдауға негiзделген.
      Даму жоспарының көрсеткiштерi 2001-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары мен 2001 жылға арналған есеп саясатының бекiтілген қаржылық есебiне сәйкес қалыптастырылған.
      Олар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N

 

1263 


P011263_


  қаулысына сәйкес N 4, 5 мұнай айлақтарын

"Қазтеңiзкөлікфлоты" ҰТКК" ЖАҚ мүліктік жалға берiлуiне байланысты бұрын

берiлген жобамен салыстырғанда кейбiр нақтылауға ұшырады, бұл жоспарланған

кезеңге шамамен 66,6%-ға "АТСП" РМК-да мұнай тасымалдау көлемiнің едәуiр

түсуiне әкеледi. Сонымен қатар 2001 жылғы 14 қарашада N 3-02/11-1582/11

хатпен ҚР Әдiлет министрлiгi ұсынған даму жоспары бойынша ескертпелер

ескерiлген.

     Жылдар бойынша теңгенiң долларға орташа бағамы мынадай болып

қабылданады:

     2000 жыл - 142,4

     2001 жыл - 147,1

     2002 жыл - 154,6

     2003 жыл - 161,1

     2004 жыл - 166,6

     2005 жыл - 172,1 (болжамды мәлiметтер бойынша қабылданды)


               1.2. Кәсiпорын туралы жалпы мәлiметтер



 
       "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "Кәсіпорын") Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ақтау теңiз сауда порты" акционерлiк қоғамының мәселелерi" туралы 1996 жылғы 26 наурыздағы N 356 P960356_ және "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының мәселелері" туралы 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 644 P970644_ қаулыларына сәйкес акционерлік қоғамнан мемлекеттiк кәсiпорын болып қайта құрылды. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысының негiзiнде Кәсiпорын Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiне енгiзілдi, 1996 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Маңғыстау әдiлет басқармасында тiркелдi, куәлiк N 513-1943-ГП. Кәсiпорын Ақтауда және Баутинода орналасқан екi портты пайдаланады. Кәсiпорынның Бас кеңсесi Ақтау қаласында орналасқан.
      Ақтау теңiз сауда порты Каспий теңiзiнің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау порты 1963 жылы салынды және алғашқыда Маңғышлақ аймағының урандық өнеркәсiбi мен мұнай кен орнын дамытуды қолдау мақсатында құрылды. Соның салдарынан порт БН-350 атом электростанциясын, химиялық сала зауыттарын және тiкелей Ақтау қаласының өзiн салуда маңызды рөл атқарады.
      Портты дамытудың басында бас және қосалқы толқын тосқыдан және сонымен қатар төрт құрғақ жүктi айлақтардан тұрды. 1969-1986 жылдар кезеңiнде төрт мұнай құю айлағы, сондай-ақ паромды кешен жасалды.
      Кеңестер Одағы ыдырағанға дейiн Ақтау порты арқылы тасымалдаудың едәуiр бөлiгi мұнай тасымалдау болды, яғни 80-жылдардың басында жылына 7 млн. тоннаға дейiн құрғақ жүк тасымалдары жылына 300 мың тоннадан асқан жоқ.
      Кеңестер Одағының ыдырауына байланысты құрғақ жүк және мұнай тасымалдау көлемдерi айрықша төмендедi. Тасымалдардың өсуi 1995 жылдан - қазақстандық металды қарқынды экспорттау және мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюынан бастап байқалды.
      Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты 90-жылдардың басында туындаған проблемалардың алдын алу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 1993 жылы Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне (бұдан әрi - ЕҚДБ) Ақтау портын қайта жаңартуға қаражат инвестициялау туралы сұраныспен шықты.
      1993 жылдың қыркүйегiнде ЕҚДБ портты қайта құрудың Бас жоспарын дайындауға кiрiстi.
      Бас жоспар бойынша зерттеулер негiзiнде ЕҚДБ заемды қайтаруға Қазақстан экономикасының әлеуетiнде жеткiлiктi сенiмдiлiк және портты қайта жаңартудың 1-кезеңiн Қазақстандық тараптың жобаны құнның кемiнде 25% мiндеттi ортақ қаржыландыру шартымен құны 74 млн. АҚШ долларын инвестициялау қажеттiгi туралы қорытынды шығарды. Портты қайта құру 1997-1999 жылдары жүзеге асырылды.
      1999 жылдың қыркүйегiнде портты қайта құрудың 1-кезеңiнің аяқталуы нәтижесiнде құрғақ жүкке қызмет көрсету бойынша порттың тиеп-түсiру мүмкiндiктерi жылына бұрынғыдай 8,0 млн. тонна мұнай тиеп-түсiру бойынша мүмкiндiктерiн сақтай отырып, жылына 1,5 млн. тонна деңгейге дейiн жеткiздi.
 
         2. Ақтау портының өндiрiстiк-қаржылық жағдайын талдау
 
      Даму жоспары қазiргi жағдайды талдауға негiзделген.
      Қазiргi кезде Ақтау порты оның дамуына табысты болжайтын негiзгi технологиялық факторлары бар қазiргi заманғы көп мақсатты терминалды бiлдiредi, атап айтқанда:
      і. Ақтау порты кеме мен қойма арасында жүктердi жеңiл және жылдам көлденең тиеп-түсiруге мүмкiндiк бере отырып, қазiргі заманғы порттың жұмысында негіз болып табылатын үлкен қоймалық алаңдармен қамтамасыз етiлген;
      іі. Кең алаңдардың болуы (50000 кв.м астам ашық алаң және 6000м2 жабық транзиттік қойма) жүктердi, оның iшiнде ауыр салмақты жүктердi тиiмдi сақтауға, сондай-ақ контейнерлер паркін тиiмдi өңдеуге мүмкiндiк бередi;
      ііі. Порт бас және тиелетін жүктердi өңдеуге арналған N 1, 2, 3 үш әмбебап айлақпен, астықты және ауыр салмақты жүктердi экспорттауға арналған бiр N 6 арнайы айлақпен қамтамасыз етiлген. Айлақтардың жалпы ұзақтығы - 550 м, ол бiрден 4 кеменi өңдеуге мүмкiндiк бередi.
      iv. Үш (N 4, 9, 10) мұнай құю айлағы қанағаттанарлық жағдайда. Олардың бiр уақытта салмағы 12000 тоннаға дейiн 3 танкердi өңдеуге мүмкiндік бар. 2001 жылдың қазанында N 4, 5 және 9 мұнай айлақтары "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-на мүлiктiк жалға берiлдi.
      Уәкiлеттi органдардың, шектес көлiк ведомстволарының ("ҚТЖ" РМК) және кеме қатынайтын компаниялардың келiсiмi бойынша 2000 жылы белгiленген тиiмдi тарифтiк режим металл өнiмдерiн тасымалдау көлемінің көбеюiне мүмкiндiк бердi.
      "Испат-Кармет" металлургия комбинатынан қара металл өндiру экспортының көлемi ұлғайды.
      2000 жылдың қазанында алғаш рет Құмкөл кен орнынан мұнай жөнелтiлдi, 2001 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мұнайды тиеп-түсiру көлемi шамамен 620 мың тоннаны құрады, одан әрi Құмкөл кен орнына Ақтау порты арқылы мұнайды тиеп-түсiрудің көлемiн ұлғайту болжануда.
      2001 жылы қуаты 300 мың тонна астық терминалы iске қосылды, бұл тек отандық өндiрушілердiң астығын тиеп-түсiрудi ұлғайту үшiн ғана емес, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тарту үшiн қолайлы жағдай туғызды.
      Егер 2001 жылы күтiліп отырған астықты тиеп-түсiру шамамен 25 мың тоннаны құраса, одан әрi 2005 жылға қарай астықты тиеп-түсiру көлемi жылына 300 мың тоннаға дейiн жоспарланып отыр.
      2000 жылдың 15 қыркүйегiнен бастап көптеген келiссөздер мен қол жеткiзiлген уағдаластықтар нәтижесiнде Ақтау-Баку-Ноушахр (Иран) қатынасындағы автопаромдық желi жұмыс iстей бастады.
      Еуропа мен Азияны байланыстыратын "ТРАСЕКА" құрлықаралық бағыттарының бiр буыны болып табылатын паромдық кешеннiң пайдалануға енгізiлуi экономикалық байланыстарды белсендендiруге, экспорт-импорттық және транзиттік тасымалдардың көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
      Әзiрленген "АТСП" РМК-ның 2002 арналған Бизнес-жоспарының негізінде паромдық кешен арқылы жүктердi тиеп-түсiрудiң жоспарланған көлемi жылжымалы құрамды (темiр жол вагондары, цистерналар) есептегенде 816 мың тоннаны құрайды:
      мұнай - 400 мың тонна;
      құрғақ жүктер - 182 мың тонна.
      Одан әрi 2002 жылы паромдық кешен арқылы жүктердi тиеп-түсiру көлемiн 816 мың тоннадан 2005 жылы 830 мың тоннаға дейiн көбейту жоспарланып отыр.
      "Каспар", "Хазар Шиппинг", ТШО "Тенгизшевройл" сияқты және басқа да фирмаларымен ұзақ мерзiмдi байланыстар нығаюда. Порт клиенттерiнің саны көбейдi. Мұнай және мұнайөнiмдерiн жөнелтушілердiң арасында "Тексако Норс Бузачи", "Тельф АГ", "Каспиан Карго Сервисез" және "Алина және Т" сияқты жаңа фирмалар пайда болды.
      Тиеп-түсiрiлетiн жүктердiң түрi көбеюде, тек металдардың 10 түрi тиеп-түсiрiледi, олардан басқа азық-түлiк, жабдықтар, ағаш материалдары, кен және басқалар түсiрiледi.
      Жүк ағындарының жаңа бағыты пайда болды, мысалы 2000 жыл бойы Түркияға бiр жылдың iшiнде 30,3 металл сынықтары тиелiп-түсiрiлдi. Қостанай облысынан Иранға асбест түсiру жүргiзiлуде, бiр жылда 5,9 мың тонна асбест тиелiп-түсiрiлдi. Атыраудан Иранға кокс түсiріледi, ал Ираннан Қазақстанға қорғасын концентраты тасымалданады, бiр жылда 13,9 мың тонна кокс және 9,3 мың тонна қорғасын концентраты тиеп-түсiрiлдi. Сонымен

 

қатар көлiк байланыстарының кеңеюi Ақтау порты арқылы тиеп-түсiрiлетiн жүк

номенклатурасын ұлғайтуда.


     2.1. 1996-2000 жылдарға порт жұмыстарының қорытындылары


     Өткен бесжылдыққа талдау, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштердiң

бiртiндеп өсуiн көрсетедi.


        1996-2000 жылдар кезеңiндегі бизнес-жоспар көрсеткіштерiнiң

                       орындалуын талдау

_________________________________________________________________________

          Атауы     !  Өлшем  !  1996  !  1997  !  1998  ! 1999  ! 2000

                    ! бірлігі !

_________________________________________________________________________

Мұнай              мың тонна   101     867,9     1815,3  2066,8  3385,5

_________________________________________________________________________

Құрғақ жүктер      мың тонна   258     271,6     167,5   273,4   736,2

_________________________________________________________________________

Оның ішінде:                                                          

Металл             мың тонна   222,1   225,7     140,1   235,4   701,5

_________________________________________________________________________

Басқалар           мың тонна   36,8    45,9      27,4    38,0    42,7 

_________________________________________________________________________

Астық              мың тонна   16,4    10,7      27,9    7,6     14,5 

_________________________________________________________________________

Паромдық                                                              

тасымалдар         мың тонна     0     0         0       0       0    

_________________________________________________________________________

Жалпы тиеп-түсіру  мың тонна   376     1150,2    2010,7  2347,8  4144,2

_________________________________________________________________________

Сатудан түскен                                                        

кіріс              млн.теңге   181,0   312,5     467,5   899,2   2227,7 

_________________________________________________________________________

Өндірістік өзіндік

құны               млн.теңге   138,0   161,4     199,5   317,8   598,4

_________________________________________________________________________

Жалпы пайда        млн.теңге   43,0    151,1     268,0   581,4   1629,3

_________________________________________________________________________

Таза пайда         млн.теңге   18,6    7,1       -389,4  -121,4  559,4

_________________________________________________________________________

Негізгі қорлар     млн.теңге   469,1   469,1     867,6   5897,7  6205,9

_________________________________________________________________________

Орташа саны         адам       267     283       280     263     296   

_________________________________________________________________________

Жұмысшыға орташа   млн.теңге   0,68    1,10      1,67    3,42    7,5  

айналым

_________________________________________________________________________

Жұмысшыға орташа   мың тонна   1,4     4,1       7,2     8,9     14,0 

айналым/тн

_________________________________________________________________________


         2.2. 2000 жылға бизнес-жоспардың орындалу қорытындылары


                        Сатулар бюджетi


     Жыл қорытындысы бойынша сатулар көлемi:


 
       3 млн. 712 мың тонна жүктi жалпы тасымалдау 4 млн. 144,2 мың тоннаны құрады немесе жоспарға 111,6%. 3 млн. 385,5 мың тонна мұнай немесе жоспарға 105,8% және 736,2 мың тонна құрғақ жүктер немесе жоспарға 178,7% тиеп-түсiрiлдi, оның ішінде жоспар бойынша металдарды тиеп-түсiру 189,6%, басқа да жүктердi 102,0% орындалды. Пароммен 8 мың тонна жүк тиеп-түсiрілдi. Астықты тиеп-түсiру 14,5 мың тоннаны құрады, жоспар бойынша 100 мың тонна болатын. Өткен жылмен салыстырғанда жүктердi жалпы тиеп-түсiру 76,5% немесе 1 млн. 796,4 мың тоннаға өстi. Оның ішінде мұнай бойынша - 63,8% немесе 1 млн. 318,7 мың тоннаға, құрғақ жүктер бойынша 2,7 есе немесе 477,7 мың тоннаға өстi. Металды тиеп-түсiру 3 есеге өстi.
 
                   Сатулардан түскен кiрiстер
 
      Есеп беру кезеңiне негiзгi қызметтен түсетiн кiрiс жоспары 1 млрд. 613,6 млн. теңге жоспары бойынша 138,1% орындалды, 2 млрд. 227 млн. теңге (15,7 млн.доллар) сомасына кiрiс алынды, жоспардың үстiнен 614,2 млн.теңге (4,3 млн. доллар) сомасына кiрiс алынды. Өткен жылмен салыстырғанда кiрiстер 2,5 есеге немесе 1 млрд. 328,6 млн.теңгеге (9,3 млн. доллар) өстi.
 
                          Өзiндiк құн
 
      Өндiрiстiк өзiндiк құн 2000 жылға 598,4 млн. теңгенi құрады. Оның жоспарға қарсы абсолюттiк өсуi 24,4% құрады, ал кiрiстiң нақты көлемiне қайта есептегенде 183,6 млн. теңге (480,8*1,381-480,8) үнемделдi. Жоспарға қаржы әкiмшілiк шығыстар 23,5% азайды, маркетинг бойынша шығыстар 52,8% өстi. Өткен жылдардың резервiн қайтаруды ескере отырып, жалпы шығыстар

 

бойынша 92,7 млн. теңгеге үнемделді. Нәтижесiнде негiзгi қызметтен түсетiн

кiрiс бағамдық айырма бойынша 3,2 есеге артық орындалды. Бағамдық

айырманы ескере отырып, 399,1 млн. теңге жоспарлық шығын кезiнде салыққа

дейiнгi таза кiрiс нақты 872,1 млн. теңгені құрады.

     1999 жылмен салыстырғанда өндiрiстiк өзiндiк құн 88,3% өстi. Бұл

құрғақ жүктердi тиеп-түсiру 2,7 есеге өскенін көрсетедi.


                2001 жылғы 31 желтоқсанға арналған ақша

                 қаражаттарының қозғалысы туралы есеп


     Есеп беру кезеңiне операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары

түсiмi 2 млрд. 193,9 млн. теңгені құрады. Соның iшiнде: жұмыстар мен

қызметтердi сатудан - 2 млрд. 145,4 млн. теңге, депозиттер үшiн сыйақы -

21,6 млн. теңге, өзге де түсiмдерден - 7,9 млн. теңге, оң бағамдық

айырмамен - 18,7 млн. теңге.

     Алынған қаражаттар мыналарға жiберiлдi:

     - жеткiзушілермен және мердігерлермен есеп айырысуға - 299,2

млн. теңге;

     - жалақы бойынша есеп айырысу - 155,7 млн. теңге;

     - жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдер - 16,1 млн. теңге;

     - салықтар - 426,5 млн. теңге;

     - ЕҚДБ пайыздары - 463,5 млн. теңге (3,2 млн. доллар);

     - басқа да төлемдер - 50,7 млн. теңге;

     - терiс бағамдық айырманы түзеу - 2,4 млн. теңге.


 
       Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының iстен шығуы 1 млрд. 414 млн. теңгені құрады, оң қалдық 779,5 млн. теңгенi құрады. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының iстен шығуы 609,2 млн. теңгені құрады. Негiзгi қорларды сатып алуға 609,1 млн. теңге, оның ішінде заемдық қаражаттар есебiнен 587,9 млн. теңге және жеке қорлар есебiнен 21,2 млн. теңге жұмсалды.
      Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсiмдерi 558,2 млн. теңге, оның ішінде ЕҚДБ несиесi 208,2 млн. теңге және Эксимбанк несиесi 350,0 млн. теңге сомасын құрады.
      Ақша қаражаттарының iстен шығуы (ұзақ мерзiмдік несиенi өтеу) 632,5

 

млн. теңгенi (4,4 млн. АҚШ) құрады. Қаржылық қызметтен түскен таза ақша

қаражаттары 74,3 млн. теңгені құрады.

     2000 жылдың 31 желтоқсанына ақша қаражаттарының қалдығы 494,2

млн. теңгені құрады, бұл 1999 жылдың соңындағы деңгейден 95,9 млн. теңгеге

көп.

     Осы орайда Кәсiпорын 2000 жылы ЕҚДБ несиесi және пайыздары бойынша

негiзгi қарызды төлеудi қамтамасыз еттi, пайдалану шығыстарын жапты

кезектi пайыздарды және 3,2 млн. АҚШ доллары сомасында 2001 жылғы наурызға

заемнiң негiзгi сомасын төлеу үшін жыл соңына қор жинады.


        2.3. "АТСП" РМК қаржылық жай-күйін көрсеткіштерін талдау

_________________________________________________________________________

1. Біріктірілген теңгерім                         мың теңге

_________________________________________________________________________

   Айқындамалар атауы                    !    Есеп беру күндері

                                         !________________________________

                                         !01.01.99 ! 01.01.00 ! 01.01.01

_________________________________________________________________________

Актив

_________________________________________________________________________

Тұрақты активтер

_________________________________________________________________________

- материалдық емес активтер              319,4      454,1      441,4   

_________________________________________________________________________

- негізгі қорлар                         685183,3   5621895,2  6205880,3 

_________________________________________________________________________

аяқталмаған капиталдық салымдар          3363179,0  596970,7   119992,7

_________________________________________________________________________

=== Тұрақты активтердің жиыны            4048681,7  6219320,0  6326314,4

_________________________________________________________________________

- материалдар                            5537,9     54647,8    64921,4

_________________________________________________________________________

- дайын өнімдер мен тауарлар             29,2       18,8       50,1

_________________________________________________________________________

- дебиторлық берешек                     59279,7    49038,7    83618,8

_________________________________________________________________________

- болашақ кезеңдер шығыстары                        172,8      12407,1

_________________________________________________________________________

- ақша қаражаттары                       239449,7   398265,6   494263,1

_________________________________________________________________________

- басқалар                               40786,5    15113,8    32514,6

_________________________________________________________________________

=== Ағымдағы активтер жиыны              345083,0   517257,5   687775,1

_________________________________________________________________________

Активтер жиыны                           4393764,7  6736577,5  7014089,5

_________________________________________________________________________

Пассив                       

_________________________________________________________________________

Жеке капитал:

_________________________________________________________________________

- жарғылық капитал                       235641,8   235641,8   235641,8

_________________________________________________________________________

- қосымша төленбеген капитал                        20389,7

_________________________________________________________________________

- резервтік капитал                                 2258,3

_________________________________________________________________________

- бөлінбеген кіріс (жабылмаған          -332855,9  -3544226,0  -3272453,5

шығын)

_________________________________________________________________________

=== Жеке капитал жиыны                  -97214,1   -3285396    -3036811,7

_________________________________________________________________________

Ұзақ мерзімді міндеттемелер 

_________________________________________________________________________

- ұзақ мерзімді несиелер                 3822329,2  9135626,2   8805318,3

_________________________________________________________________________

- мерзімі ұзартылған салықтар                           -       191825,8

_________________________________________________________________________

Жиыны                                               9135626,2   8997144,1

_________________________________________________________________________

Ағымдағы міндеттемелер:      

_________________________________________________________________________

- несиелік берешек                       51517,8    464038,9    125430,2

_________________________________________________________________________

- ұзақ мерзімдік несиелердің                            -       643260,1

ағымдағы

_________________________________________________________________________

- салықтар бойынша берешек               7349,1     9940,7      64639,4

_________________________________________________________________________

- есептелген шығыстар                               183728,8    220366,7

_________________________________________________________________________

- болашақтағы кезеңдер кірістері         609782,7   220,0       60,7

_________________________________________________________________________

- Ағымдағы міндеттемелер жиыны           668649,6   886887,5    1053757,1

_________________________________________________________________________

Пассивтер жиыны                          4393764,7  6736577,5   7014089,5

_________________________________________________________________________

2. ӨТЕМДIЛIК КӨРСЕТКIШТЕРI

_________________________________________________________________________

Жалпы өтемдiлiк коэффициентi             0,52       0,58        0,65

_________________________________________________________________________

Жедел өтемділік коэффициенті             0,45       0,50        0,55

_________________________________________________________________________

Абсолюттік өтемділік коэффициенті        0,36       0,45        0,47

_________________________________________________________________________

3. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші

_________________________________________________________________________

Автономия коэффициенті                   0,84       1,35        1,28

_________________________________________________________________________

4. Табыстар мен шығындар

_________________________________________________________________________

Айырма бағамына дейінгі негізгі          16805      -91629,7    1154480,5

қызметтен түскен табыс   

_________________________________________________________________________

Айырма бағамынан кейінгі негізгі        -361644     -3188828,0  809477,6

қызметтен түскен табыс   

_________________________________________________________________________

Теңгерімдік табыс                       -3887488    -3171968,7  872148

_________________________________________________________________________

Таза табыс (салынатын салықтан кейiнгi     -        -3164882,5  559450,5

_________________________________________________________________________

5. ЗАЛАЛСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУ

_________________________________________________________________________

Табыстылықты төменгi шекарасы            513635,4    1015659,8  1073266,7

(залалсыздық нүктесi)

_________________________________________________________________________

"Сенiмдiлiк қоры" %                      -3,8        -8,6       51,8

_________________________________________________________________________

6. ОБОРОКТIК КӨРСЕТКIШТЕР

_________________________________________________________________________

Дебиторлық берешектiң        Күндер      42,9        21,2       13,5

_________________________________________________________________________

Кредиторлық берешектiң       Күндер      52,5        51,4       42,1

_________________________________________________________________________

Қорлардың                    Күндер      10,2        7,0        22,0

_________________________________________________________________________

7. Қаржылық цикл             Күндер      0,6         -23,2      -6,6

_________________________________________________________________________



 
       2000 жылғы кәсiпорын балансының құрылымын талдау және оның өзгерiстерi 1999 жылмен салыстырғанда негiзгi қорларды енгiзумен және 277,5 млн. теңгеге несие алумен байланысты активтер мен пассивтер теңгерiмнің жалпы құны көбейдi. Ұзақ мерзiмдi активтер 90,2% құрайды, ағымдағы активтерде ақша қаражаттары 71,9% құрайды, таза дебиторлық берешек - 12,2%, ол ағымдағы активтердің жылдам өтемдiлiгiн көрсетедi.
      Теңгерiм пассивтерiнің құрылымында ағымдағы мiндеттемелер 15,0% құрайды. Ағымдағы мiндеттемелердің үлкен бөлiгін 61,0% ұзақ мерзiмдік несиелер құрайды. Осы сома шамамен ағымдағы активтердің сомасына тең, бұл порттың бүгiнгi күнi сыртқы көздерге едәуiр тәуелдi екенiн бiлдiредi. Кәсiпорынның шетелдiк валютада заемдық қаражат бойынша мiндеттемелерi бола тұра, жергіліктi валютаның құнсыздануына байланысты ЕҚДБ және Қазақстан Республикасының Эксимбанкi алдындағы ұзақ мерзiмдi міндеттемелердi қайта есептеуден туындаған шығындары бар және соған байланысты айналым қаражаттарының тапшылығы және жабылмаған шығыны бар. Жеке капиталдың 30036,8 млн. теңге сомасында терiс шамасы бар.
      Бiрақ порттың жеке капиталы - шамасы терiс (терiс бағамдық айырма әсер етедi) екендiгiн ескере отырып, порттың қаржылық автономдық бағасы сенiмдi жүргiзiлуi мүмкiн емес.
      Қаралатын кезеңге теңгерімнің өтемдiлігiнің өзгеруi мынадай:
      2000 жылы 1999 және 1998 жылдармен салыстырғанда жалпы өтемділiк коэффициентi 13%, жедел өтемдiлiк коэффициентi 10,2%, абсолюттiк өтемділік коэффициентi 30% өсті. 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек айналымы 1,5 есеге қысқарды, ал 1998 жылмен салыстырғанда 3,2 есеге өстi. 2000 жылы кредиторлық берешек айналымы 1998 және 1999 жылдармен салыстырғанда 18% қысқарды.
      2000 жылға пайдалылықтың төменгi шекарасы (залалсыздық нүктесi) 1 млрд. 73,2 млн. теңге, ал 1999 жылға 1 млрд. 15,6 млн. теңге аймағында.
      2000 жылға беріктілiк қоры 51,8% құрады, ал 1999 жылға 8,6% құрады. 1999 жылға қаржылық цикл - 23,2 күннен 2000 жылы 6,6 дейiн төмендедi, бұл 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда Порттың iскерлiк белсендiлiгiнiң өскенiн көрсетедi.
      Кәсіпорын 2000 жылды бүкiл жыл бойы бюджеттің және жалақы бойынша қызметкерлердің алдында берешексіз аяқтады.
      01 қаңтардан бастап порт қызметкерлерiнің жалақысы 10%, ал 2000 жылғы 01 қазаннан бастап тағы 18% өстi. Жоспарға қарсы есеп беру кезеңiне орташа айлық жалақы 14,6% өстi және 53,9 мың теңгенi құрады, ал еңбек өнiмдiлiгi 38,4% өстi. Еңбек өнімдiлiгiнің өсу қарқыны 23,8 пайызға жалақының өсуiн озып келедi. 1999 жылмен салыстырғанда төлемге кеткен шығыстар 74,1%, орташа айлық жалақы 49,7%, еңбек өнiмділiгi 2,2 есеге, орташа тiзiмдiк сан 14,3% өстi.
      Ұжымды әлеуметтiк дамыту бойынша белгілі жұмыстар жүргізiлуде, осы мақсаттарға 2000 жылы 19,5 млн. теңге жұмсалды, 1999 жылға қарағанда 47,7% көп. Еңбек жағдайын жақсарту және өндiрiстi ұйымдастыруды жетілдiру жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуде. Тұрмыстық корпус салына басталды, жұмыскерлер үшiн буфет және асхана жұмыс iстейдi. Ұжым мүшелерi арнайы киiммен, аяқ киiммен және барлық қажеттi жеке қорғану қорларымен қамтамасыз етiлген.
      Мемлекеттiк кепiлдiкпен ұзақ мерзiмдi несие алу желiсi бойынша Портты қайта жаңарту жобасы бойынша барлық жұмыстар аяқталды (1-кезең). 2000 жылдың қыркүйегiнде Мердiгердi кепiлдiк алып жүру кезеңi аяқталды.
      2000 жылдың аяғына ЕҚДБ несиесi 96,8% игерiлдi, оның iшiнде:
      - Транш N1 - 43,77 млн.доллар
      - Транш N2 - 12,41 млн. марка.
      Ортақ қаржыландыру қаражаттары 100% игерілді.
 
                             Жеке капитал
 
      Жоғарыда айтылғандай қазiргi уақытта жеке капиталдың мәнi бағамдық айырманың әсерiнен заем бойынша берешектi қайта есептеуден терiс, егер теңге бағамы долларға бесжылдық iшiнде 2000 жылдағыдай тұрақты болса, онда капитал мәнi негiзгi қарызды және Еуропа Қайта құру және Даму Банкi несиесiне пайызды өтеу және ішкі заемның капиталға айналуы болып табылады.
      Негiзгi қорларды - ұзақ мерзiмдi активтердi басқару саласындағы Даму жоспары:
      - капиталға айналдыру есебiнен жарғылық қорды көбейту;
      - барлық активтерге және оларды материалдандырған жағдайда порт жұмысын едәуiр нашарлатуы мүмкiн барлық күтпеген қауiп-қатерге барабар сақтандырушылық орын толтыру құруды қамтамасыз етудi;
      - барлық артық және қажетсiз активтердi сатуды;
      - пайдаланылмаған активтердi (паромдық тиеп-түсiру) пайдалануды;
      - жеке капиталдың өсу жағдайын қамтамасыз етудi;
      - портты, кейіннен жекешелендiрудi жүзеге асыру үшiн алғышарттар жасау көздейдi.
      Ағымдағы активтердi басқару саласында Жоспарда:
      - ЕҚДБ заемы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бағалы қағаздарындағы төлем бәстерiнен асатын пайыздарды есептеумен жедел депозиттік шоттардағы ЕҚДБ алдындағы мiндеттемелердi өтеу үшiн жиналған ақша қаражаттарын орналастыру;
      - дебиторлардың санын және қатаң тәртiптiк жаза техникасын қолдану арқылы қаржылық жылдың соңына олардың берешектерiнің сомасын едәуiр қысқарту. Көрсетiлген қызметтер үшiн 100% ынталандыратын тарифтік саясат жүргiзу .
      Ақтау портының экономикалық стратегиясын қалыптастыруда маңызды рөл өндiрiстiк шығындарды төмендету стратегиясына қарайды.
      Оның негiзгi бағыты шығындарды төмендету есебiнен бәсекелестiк басымдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
 
       3. Ұлттық компанияны дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
                               жоспары
 
       3.1. Өндiрiстiк қызметтің басты мiндеттерi мен негiзгі бағыттары
 
      Жарғыға және Порттың дәстүрлер жиынына сәйкес ұлттық компанияның басты мiндеттерi Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің тиiстi шаруашылық субъектiлерiнің теңiз көлiгiнің жұмыстар мен қызмет көрсетулерiндегi және портты әлеуметтiк-экономикалық дамытуда алынған кiрiстер негiзiнде қажеттiлiктерiн iске асыруды қанағаттандыру болып табылады. Қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшін порт:
      Теңiз көлiгiне көлiктiң басқа түрлерiнен және керi жүктердi тиеп-түсiруді;
      Көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсету;
      Жүктермен қоймалық операцияларды;
      Теңiз кемелерiнің жолаушыларына қызмет көрсетудi;
      Кеме капитандарының тапсырысы бойынша кемелерге қосымша қызметтер көрсету (ауыз сумен қамтамасыз ету, льялдық, балластылық, фекальдық суларды алу, қоқыстарды шығару және т.б.).
 
           Өндiрiстiк қызметтi жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
 
      Ақтау портының өндiрiстiк саясаты бар жүк көлемi мен бар ықтимал жүк ағымдарының маркетингтiк зерттеулер деректерi базасында негiзделедi.
      Маркетингтiк болжамдармен растауда жүктердің көлемдерiн статистикалық талдау (құрғақ жүк бойынша бизнес-жоспарды жедел артығымен орындау, мұнай құю жүктерi бойынша көлемдердi жоспарлы орындау), сонымен қатар маркетингтiк тартымдылығын кәсiпорын жағдайының қағидаты ретiнде куәландыра отырып және одан әрi операциялық саясат үшiн, орындалу тактикасы жыл сайынғы операциялар жоспарымен анықталатын қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi өндiрістiк мiндеттерiн белгілей отырып, жүк айналымының теңдессiз өсуiн көрсетедi.

 

     Осыған байланысты көлiк дәлiздерiн және басқа да позитивтi

факторларды белсендi дамыту нәтижесiнде Ақтау порты бағытындағы жүк ағыны

көлемiн ұлғайту болжануда. Осының салдарынан тасымалдау жағдайларын

жетілдiру, порттың инфрақұрылымын дамыту және кеңейту қажеттілігі өткiр

туындап отыр.

     Осыған байланысты көлiк дәлiздерi жүйесiнде стратегиялық бағыттарды

дамытуда төменде аталған iс-шараларды iске асыру айрықша рөлдi білдiредi.

_________________________________________________________________________

Іс-шаралардың атауы   ! Қызметтің негізгі бағыттары  ! Орындау мерзімі

_________________________________________________________________________

1. Трейдингілік және   Транзиттiктi қоса алғанда      2001-2005 жылдар

экспедиторлық ұйым.    экспорттыққа бейiмделген             бойы

дардың жұмыстары үшін  жүктерге, қатысты икемдi  

тартымды жағдай жасау  тарифтiк саясат жасау бойынша

                        мемлекеттiк органмен және

                        шектес көлiк ұйымдарымен

                        тығыз ынтымақтасу.

                        Кеме қатынасы компаниялары

                        мен тиiстi келiссөздер негi.

                        зiнде жалдау төлем бәстерiн

                        азайту.

                        Порттағыдай шектес көлiк

                        ұйымдарында ұсынылатын

                        қызмет көрсетулердiң сапасын

                        жетiлдiру.

                        Транзиттiк жүктер үшiн ақысыз

                        сақтау мерзiмiн ұлғайту.

__________________________________________________________________________

2. Маркетингтік        Тұрақты жеке байланыстар          2001-2005 жылдар

коммуникациялардың     арқылы iскерлiк байланыстарды         бойы

барлық түрлерін        ретке келтiру.

пайдалану              Тiкелей жүкқұрастырушы және

                        жүк тұтынатын аймақтарға,

                        тасымалдау және тиеп-түсiру

                        кезiндегi кемшiлiктер мен

                        проблемаларға қатысты

                        мәселелердi және зерделеу және

                        оларды шешу жолдарын талдау

                        үшiн трейдингілiк және

                        экспедиторлық компаниялардың

                        кеңселерiне жоспарлы шығу.

                        Көлiктiк қызмет көрсетулер

                        саласындағы iрi шетелдiк

                        кәсіпорындармен тәжiрибе

                        алмасу мақсатында халықаралық

                        көрмелер мен конференцияларға

                        қатысу, бәсекелестер туралы

                        ақпарат жинау, әлеуеттi

                        әрiптестермен байланыстарды

                        жақсарту, балама көлiктiк

                        бағыттардан жаңа жүк ағындарын

                        тарту;

                        Интернетте ақпараттық маңызды

                        және тұрақты жаңарып тұратын

                        WEB беттер және арнайы сайттар

                        жасау;

                        Ағымдағы және одан кейiнгi

                        жылдар iшiнде нәтижеге бағдар.

                        лап жоспарлы жарнама жүргізіп

                        отыру;

_________________________________________________________________________

3. Ақтау теңіз сауда   Клиенттермен қажеттi өзара      2002-2005

портының және шектесін қарым-қатынас орнатуды          жылдар бойы

жатқан аумақтар база.  жеделдетуге септiгiн тигiзетiн

сында Арнайы экономи.  электрондық биржаларды перс.

калық аймақ (АЭА) құру пективалық дамыту.

                        Бос жатқан аумақтарды беру

                        және "АТСП" РМК беру арқылы

                        аймақтық позицияларды күшейту

                        және ұлғайтатын ауданды 200 га

                        дейiн жеткiзумен одан әрi порт.

                        тың аумағын солтүстік шығыс

                        бағытындағы порттың одан әрi

                        кеңейту жөнінде iс-шаралар

                        жүргiзу.

                        Аймақ құру кезiнде енгiзiлетiн

                        жеңілдетiлген салық салу "АТСП"

                        аймақтың және порттың

                        инфрақұрылымын жақсартуға

                        және қуаттарды кеңейтуге

                        аудандарды, оның iшiнде қойма.

                        лық аудандарды ұлғайтуға,

                        сондай-ақ импорталмастырғыш

                        және экспорттыққа бейiмделген

                        өнiмдер сияқты жаңа өндiрiстер

                        құруды ынталандыруға мүмкiндiк

                        бередi.

_________________________________________________________________________

4. "Қазақстан Респуб.  Өндiрiстiк процестердi            2001-2005

ликасындағы сауда      нақтылайтын және "АТСП" РМК       жылдар бойы

мақсатында теңізде     қолданылып жүрген нормативтiк

жүзу туралы заңының"   құқықтық кесiмдердi реттемейтiн

негізінде нормативтік  өндiрiстiк қатынастарды реттей.

құқықтық базаны        тiн нормативтiк құқықтық кесiм.

жетілдіру сияқты       дер әзiрлеу.

кәсіпорынның тұрақты 

жұмысын қамтамасыз

етуге бағытталған

ішкі өндірістік қыз.

метті нығайту жөнін.

дегі іс-шараларды

жүзеге асыру

_________________________________________________________________________

5. Белгіленген өзара   "Испат-Кармет" ААҚ-ның Ақтау-     2001-2005

қатынастар мен алдын   Баку-Батуми бағыты бойынша        жылдар бойы

ала уағдаластықтарды   металл тасымалдау.    

ескере отырып, перс.   Ресей және өзбек тараптарының

пективалық жобаларды   қатысуымен өзбек мақтасын

одан әрі дамыту        тасымалдау

және іске асыру      

_________________________________________________________________________

6. Толқын тосқы мен    Порт акваториясын толқыннан       2002-2005

дамбаларды қалпына     қорғау мақсатында, сондай-ақ      жылдар бойы

келтіру                портта мұнай құю айлақтарының 

                        бар болуына байланысты кеме

                        қатынасы қауіпсiздiгі мақсатында

_________________________________________________________________________

7. Порттың жобалық     - вагондарды уақтылы өңдеу        2002-2005

қуатын игеру үшін      үшін жүк көтергiштiгi 80 тонна    жылдар бойы

жабдықтар мен меха.    қосымша кран сатып алу;

низмдердің қажетті     - жүк көтергiштiгі 16 тонна екi

санын қамтамасыз ету   автотиегіш сатып алу;

                        - паркте автомашиналар, шағын

                        механикаландыру техникасы

                        (автотиегiштер, шөмiштi авто.

                        тиегіштер, порттық тартқыштар)

                        және екi мобильдiк кран болған.

                        да жөндеу жұмыстарына шығынды

                        азайту үшiн орын аппараты мен

                        порттық техниканың карбюратор.

                        ларын жөндеу, қалпына келтiру

                        және қызмет көрсету бойынша

                        стендтер сатып алу.

_________________________________________________________________________

8. Сүйрегіш-көмкергіш  Жеке сүйрегіштің болмауына        2002-2005

лизингі                байланысты "АТСП" РМК             жылдар бойы

                        "Қазтеңiзкөлiкфлотынан"

                        (Әзiрбайжан) "Тоусан-5"

                        сүйрегішін тиiмсiз шартта жалға

                        алуға мәжбүр, осы орайда оны

                        ұстауға жыл сайынғы шығын

                        886,6 мың АҚШ долларын

                        құрайды. Лизинг шартымен

                        сүйрегіш-көмкергiштi сатып алу

                        "АТСП" РМК-ның қажеттiгi мен

                        шығыстарын азайтуға және

                        порттық операциялардың тиiмдi.

                        лігін арттыруға негiзделген.

_________________________________________________________________________

9. Өндірістік процес.  Портта бар, оның ішiнде           2002-2005

терді автоматтандыру   институционалдық даму,            жылдар бойы

                        құрылыс келiсiм-шарты және

                        порттың жеке қаражаттарының

                        есебiнен "АТСП" РМК

                        ақпараттық технологияларын

                        белсендi дамыту.

                        Ақпараттық технологияларды

                        одан әрі дамыту мынадай негiзгi

                        салаларға бейiмделген:

                        а) есептеу техникасының

                        ағымдағы паркiн алып жүру және

                        локальдық есептеу жүйесiн

                        бағдарламалық қамтамасыз ету

                        (жүйелiк және қолданбалы);

                        б) ақпараттық ағындардың тап.

                        сырмаларын шешуге арналған

                        жаңа бағдарламалық қамтамасыз

                        етудi әзiрлеу және ендiру,

                        порттық құрылымдарын жеке

                        компьютерлермен жабдықтау;

                        в) қызметшiлерді қолданбалы

                        бағдарламалармен жұмыс iстеуге

                        оқыту.

_________________________________________________________________________

10. Бар қызметшілер.   Сырттан оқытушылар мен           2001-2005

дің біліктіліктерін    мамандарды тартумен ИТР және     жылдар бойы

арттыру                қаржылық есеп, маркетингiлік

                        қызмет мәселелерi бойынша

                        қызметкерлердi оқыту жүргізу.

                        "АТСП" РМК мамандарын кадр.

                        ларды даярлауға жыл сайын

                        бекiтiлетiн жоспарда көзделген

                        теңiзпорттарымен маманданды.

                        рылған оқу орындарына жiберу.

                        мен қажеттi тәжiрибе алмасу

                        жүргізу.

_________________________________________________________________________

11. Сабақтас ұйымдар.  Тасымалдаудың және жүктерді     2002-2005

мен қарым-қатынастарды тиеп-түсiрудің бiрыңғай тех.    жылдар бойы

дамыту                 нологиялық процесіне кiретiн

                        жұмыстар өндiрiсiн үйлестіру

                        және уақыт бойынша келiстiру

                        мақсатында желілік жоспарлау

                        әдiсiн одан әрi қолдану бөлi.

                        гiнде сабақтас темiр жол көлiк

                        ведомстволарымен порттың өзара

                        қарым-қатынасын дамыту.

_________________________________________________________________________

12. Баутино жүк        Бас жүктерді және жабдықты      2002 жыл

ауданын дамыту         өңдеу үшiн жүк көтергіштiгi

                        12 тонна кран сатып алу.

                        Болашақтағы құрылыс мәселе.

                        лерін қарау:

                        - кеме жөндеу базасы;           2004-2005 жж.

                        - кеме құрылысы зауыты.         2005-2007 жж.

_________________________________________________________________________


                      3.2. Өндірісті дамыту


     Порттың негізгі қызмет түрлері құрғақ жүктерді, мұнайды және

мұнайөнімдерін тиеп-түсіру болып табылады.


                   3.2.1. Құрғақ жүктерді тиеп-түсіру


     Рыноктың маркетингтік зерттеулерін негізге ала отырып және порттың

өндірістік мүмкіндіктерін ескере отырып, құрғақ жүктерді тиеп-түсіруді

2001-2005 жылдарға арналған мынадай болжамы ұсынылады.

_________________________________________________________________________

Жүк түрлері, мың ! 2000 ж. ! 2001 ж. ! 2002 ж. ! 2003 ж.! 2004 ж.! 2005 ж.

тонна

_________________________________________________________________________

                   нақты     жоспар    болжам    болжам   болжам   болжам

_________________________________________________________________________

Құрғақ жүктер       736       938      1000     1050      1100    1200

(барлығы)    

_________________________________________________________________________

Оның: Металл        701       906      900      900       900     900

_________________________________________________________________________

       Басқалар      35        32       100      150       200     300

_________________________________________________________________________

      Астық          15        25       200      250       250     300

_________________________________________________________________________

      Паромдық       8         51       816      816       830     830

      тасымалдар

_________________________________________________________________________


     1. МЕТАЛЛ



 
       Ақтау портындағы тиелiп-түсiрiлетiн бас жүктің негiзгi көлемi (бас жүктердiң 91% металл өнiмдерi құрайды, оның 67% "Испат-Кармет" ААҚ өнiмi болып табылады) Иранға экспортталады. "Испат-Карметтен" қазақстандық метталпрокатының тасымалдаудың екi бағыты бар, атап айтқанда Ақтау теңiз порты және Серакс ст. (Түркiменстан мен Иранның арасындағы шекара өткелi), арқылы, сондай-ақ Астрахань порты және Ақтау порты арқылы ресейлiк комбинаттардан металл өнiмдерiн тасымалдаудың екi бағыты бар.
      Жүк ағынын ұлғайтуға әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1. Темiр жол тасымалы мен "АТСП" РМК икемдi саясатын жеңілдік беру

 

есебiнен транзиттiк жүктердің үлкен көлемiн тарту;

     2. Жүктердi жеткiзу мерзiмiн қысқарту;

     3. Жақсартылған сервис (ақысыз сақтау мерзiмiн ұзарту клиенттерге

қызмет көрсету жылдамдығы және т.б.);

     Шығыс-Еуропа сату рыногынан Жаңа-Ауыл - Новороссийск желiсiнен

Жаңа-Ауыл - Ақтау - Баку - Батуми -Волго-Дон - Қара теңiз-Жерорта теңiзi

бассейнi порттары бағытына металл өнiмiнiң экспорттық ағынын қайта

бағыттау.

     Давальческi шикiзатын жеткiзудi дамыту және сусымалы жүктердің

импортын тиiстi арттыру.

     Жүк ағыны көлемiн ұстайтын факторлар:

     Иранда металл өнiмдерінің рыногын арттыру;

     Тасымалдаудың балама бағыттары (қазақстандық металлпрокатын

"Испат-Карметтен" Серакс, Новороссийск порты арқылы, ресейлік металл

өнiмдерiн Астрахань порты арқылы металлургия комбинаттарынан) болып

табылады.


 
       Дамытудың индикативтiк жоспары жылына оңтайландырылған болжам - 1 млн. тонна, торыққан - 700 мың тоннаға бейімделген. Бесжылдыққа арналған индикативтi жоспар үшiн жылына 700 ден бастап 900 мың тоннаға дейiн қабылданады.
 
      2. АСТЫҚ
 
      Қазақстан үшiн Иран ерекше қызығушылық бiлдiредi, рыногының сыйымдылығы жылына 5,5 млн. тоннаға бағаланады. Астықты Ақтау порты арқылы тасымалдау республиканың батыс облыстарынан өнiмдi экспорттаған кезде едәуiр үнемдi бере алады. Астық терминалын салу тек отандық өндiрушiлердің астығын тиеп-түсiрудi ұлғайту үшiн ғана емес, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
      Жүк ағынын ұлғайтуға әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1. Астықтың әлемдiк рынокта қалыптасқан жағдайы (бiр жағынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары егiнжайлығы екiншi жағынан Еуропада, Канадада және басқа елдерде құрғақшылық пен егiнжайдың болмауы);
      2. Астықты ИИР жеткiзу жөніндегi үкiметтік бағдарламаларды iске асыру;
      3. Қазақстандық астықты әзiрбайжанның сату рыногына ығыстыру болып табылады.
      Жүк ағыны көлемiн ұстайтын факторлар:
      Ақтау портына дейiн темiр жол көлiгiмен тасымалдауға жоғары тарифтер;
      Бәсекелес бағыттардың болуы болып табылады.
      Жоғары көрсеткiш - 300 мың тонна, кемiнде - 100 мың тонна. Бесжылдыққа арналған индикативтi жоспар үшiн жылына көлемi 150-300 мың тонна шегiнде қабылданады.
 
      3. БАСҚА ДА ЖYКТЕР
 
      Бес жылдық ішiнде басқа да жүктердi тиеп-түсiру көлемінің өсуi көзделiп отыр және олардың көлемi бес жылдықтың соңына дейiн 300 мың тоннаны құрайды.
      Ақтау порты арқылы жүктердiң мына түрлерiн тиеп түсiру жүзеге асырылады: қорғасын және мырыш концентраты, кокс, асбест, барит, цемент, жабдық, цитрустық өнiмдер, азық-түлiктер, контейнерлер, ХТТ (халық тұтынатын тауарлар) және т.б.
      Олардың Қазақстанға Ираннан, Әзiрбайжаннан және басқа да елдерден

 

қорғасын және мырыш концентраты, цитрустық өнiмдер, азық-түлiктер,

жабдықтар, ХТТ және т.б. импортталады.

     Қазақстаннан кокс, асбест, барит, цемент, минералдық тыңайтқыштар

және т.б. экспортталады.


     ПАРОММЕН ТАСЫМАЛДАНАТЫН ЖYКТЕР


     Осы кезеңге паромды қатынаспен жөнелтiлетiн негiзгi жүк көлiк құралы,

мұнай жабдығы, бур ерітiндiсi, құрылыс материалдары, азық-түлiк өнiмдерi

болып табылады. 2000 жылы қыркүйекте Ақтау-Наушахр (Бакуге кiрумен)

паромды желiсiнің енгiзiлген жүктердi ұлғайту үшiн қажеттi алғышарттар

жасауға мүмкiндiк бердi.

     Жүк ағындарын ұлғайтуға әсер ететiн негiзгi факторлар:

     1. Паромды кешендi қайта жаңартуды аяқтау;

     2. Ақтау-Баку-Ноушахр паромды желiсiн толыққанды пайдалану;

     3. Ақтау-Астрахань жаңа бағытын ашу;

     4. Жүктердің жаңа түрлерiн тарту (мақта, жабдықтар және т.б);

     5. Темiр жолдың артық жүк тиелгендiгi болып табылады.

     Жүк ағынын тоқтату факторлары:

     Жүзу ауданының шектелуi;

     Транзиттiк жүктерге кедендiк алымдардың бәстерi болып табылады.

     Тасымалдаудың тиiмдi жағдайларын қамтамасыз ету шартында Ақтау порты

арқылы:

     хром кенiн;


 
       электрэнергиясын өңдеу үшiн энергетикалық көмiрдi, көмiр шығарудың тиiмдi пайдалану мүмкiндiктерi шартында көмiрге негiзделген химиялық өнiмдi шығару және оны тасымалдау;
      тыңайтқыштарды (жылына шамамен 200-300 мың тонна) Ресейге, Иранға, Түркияға және Жерорта теңiзi аймақтарына;
      полимерлiк өнiмдердің iрi көлемдерi болған кезде, оларды темiр жол көлiгінен қайта бағдарлаумен Солтүстiк Батыс Еуропа елдерiне, Италияға, Түркияға, Иранға экспорттау мәселелерi қаралуы мүмкiн.
      2005 жылға дейiнгi индикативтiк жоспарда пароммен жүзеге асырылатын жүктердi тиеп-түсiру 816 мың тоннадан 2002 жылы одан әрi көбейте отырып, 830 мың тоннаға дейiн қабылданады.
 
                  3.2.2. Мұнайды тиеп-түсiру
 
      2002 жылы Ақтау теңiз порты арқылы iрi мұнай жөнелтушiлер "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Қаражанбасмұнай" ААҚ, "Тенгизшевройл" БК, "Ақтөбемұнайгаз", "Құмкөлмұнай" АҚ, сондай-ақ мұнайдың және мұнай өнiмдерінің шағын көлемiн тиеп-түсiретiн басқа да компаниялар ("Тексако", және "Қазполмұнай") және т.б. болып табылады деген үрдiс сақталып қалмақ.
      Ақтау порты арқылы мұнай тасымалдау көлемi "Қазтрансойл" ЖАҚ өндiрiстiк қуаттарына және осы көлiк бағыты бойынша жоспарланған экспорт көлемiне, мұнай шығару компанияларының шығару көлемiне, құбыр жол тасымалдау квоталарына, SWАР жобасын iске асыруға тiкелей байланысты, ИИР экспорттық тасымалдарды жүзеге асырады.
      2001 жылғы қарашада КҚК (Каспий құбыржол концоциумы) iске қосылуына және сәйкесiнше порт арқылы Теңiз кен орнынан мұнайды тиеп-түсiру көлемiнiң төмендеуiне байланысты порттың негiзгi мiндетi басқа кен орындарынан, "Харрикейн-Құмкөл" ААҚ және "Ақтөбемұнайгаз" ААҚ мұнайдың жаңа көлемiн тарту болып табылады.
      "ММГ" мұнай компаниясы географиялық факторға, шығару көлемiнің өсуiне, перспективалық өткiзу рыногының және бузачинск мұнайын жеткiзудiң арзанырақ тәсіліне байланысты мұнайды тиеп-түсiру бойынша негiзгi клиент болып табылады.
      Бүгiнгi күнi "бузачинск" мұнайын тасымалдаудың төрт бағыты бар:
      - кен орнынан шекаралардың бiрiнің соңғы пунктiне дейiн құбыржолмен

 

тасымалдау. "ММГ" үшiн құбыржол бойынша квота 4,5 млн. тоннаны құрайды.

     - Аралас тәсілмен тасымалдау: құбыржол-теңiз-темiр жол

(Қаламқас-Ақтау-Баку-Батуми).

     - Аралас тәсiлмен тасымалдау: құбыржол-теңiз көлігі-темiр жол

(Қаламқас-Ақтау-Махачкала-Новороссийск).

     - Аралас тәсілмен тасымалдау: құбыржол-теңiз көлiгi

(Қаламқас-Ақтау-Қара және Жерорта теңiздерінің порттары).

     "ММГ" шығарған өнiмiнiң 30% Қазақстанның iшкi рыногында, мұнайдың

қалған көлемi сыртқы рынокта сатылады. Мұнайды экспортқа жеткiзу ТМД және

алыс шет елдерге жүзеге асырылады.

     Экспорт көлемi жылына 2,9 млн. тоннаны құрайды.

     Жүк ағындарын ұлғайтуға әсер ететiн негiзгi факторлар:

     Шығару көлемiн ұлғайту.

     РФ аумағы бойынша бузачинск мұнайын тасымалдау квотасы.

     Иранға мұнайды тасымалдаған кезде SWAP сызбасын пайдалану болып

табылады.

     Жүк ағынын тоқтату факторлары:

     1) КТК 2001 жылы пайдалануға енгiзу;

     2) Мұнайға бағаның төмендеуi;

     3) Құбыр жол арқылы шикi мұнайды тасымалдау квотасын ұлғайту болып

табылады.

     2. "ТШО" Ақтау портындағы ең iрi тұтынушы болып табылады.

     Мұнайды негiзгi шығаруды "ТШО" Теңiз кен орнында жүргiзедi.

     "ТШО" орта жылдық мұнай шығару көлемi 8,46 млн. тоннаны құрайды.

Экспортқа мұнайды жеткiзу алыс шетелдерге жүзеге асырылады.

     Жүк ағындарын ұлғайтуға әсер ететiн негiзгi факторлар:

     1. "ТШО" Баку-Поти (құбыр жол - темiр жол) бағыты бойынша мұнай

тасымалдауға тарифтiк жеңiлдiктердің болуы;

     2. Теңiз кен орнында мұнай өндiру көлемінің ұлғаюы;

     3. Құлсары-Маңғышлақ учаскесiнде теңiз мұнайының тасымалдау құнының

төмендеуi;

     4. "Тенгизшевройл" ортақ қаржыландырған Баку-Супса бағыты бойынша

құбыржолды пайдалануға енгiзу болып табылады.

     Жүк ағынын тоқтату факторлары:

     1. КҚК 2001 жылы пайдалануға енгiзу;

     2. Мұнайға бағаның төмендеуi болып табылады.


 
       2000 жылы алғаш рет 48875 тонна құмкөл мұнайының экспорты жүзеге асырылды, мазут экспорты 155882 тоннаны құрады, бiрақ экспортқа уақытша тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 1155 P001155_ қаулысының шығуымен мазутты экспорттауға тыйым салынды, бұл жөнелтiлетiн мұнайөнiмдерінің көлемiнен көрiнiс тапты.
      Теңiз мұнайын тасымалдау көлемінің күтiлетiн төмендеуiне байланысты Ақтау желiсi бойынша мұнайды тиеп-түсiру үлесiн ұстап қалу үшiн құмкөл мұнайын жөнелтудiң оң тәжірибесін енгiзу, "Өзбекмұнайгаз" компаниясының мұнайын тасымалдау көлемiн ұлғайту, сондай-ақ Ақтау порты бағытындағы Қынқияқ (Ақтөбе облысы) кен орнынан мұнай ағынын бағдарлау қажет. Мұнайды өңдеуді және шығаруды "Ақтөбемұнайгаз" компаниясы жүргiзедi. Экспорт көлемi жыл сайын 1,2 млн. тонна мұнайды құрайды, 2005 жылға көлемдi 3 есеге көбейту жоспарлануда. Компания 10 ай iшiнде Ақтау порты арқылы 330 мың тонна мұнай жөнелттi.
      Бесжылдыққа арналған индикативтiк жоспар үшiн баяндалған талдау негiзiнде 1 жылғы мұнай көлемi 3,0 млн. тоннадан бастап 3,5 млн. тоннаға дейiн (КҚК iске қосылуына байланысты) қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 1263 P011263_ қаулысының негізiнде "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-на N 4, 5 және 9 мұнай айлақтарының мүлiктік жалға берiлуге байланысты, жалға алынатын айлақтар арқылы

 

тиеп-түсiрiлетiн мұнайдың үлесi жалпы мұнайды тиеп-түсіруден 66,6 пайызды

құрайды.

     Сәйкесiнше порттың иелігінде қалатын айлақтардағы мұнайды тиеп-түсiру

көлемi 66,6 пайызға азаяды. Осы жағдайларды ескере отырып, "АТСП" РМК-ның

N 10 мұнай айлағы арқылы мұнайды тиеп-түсiру көлемi және мұнайды

паромдарға темiр жол цистерналарында тиеп-түсiру мынадай көлемде болжанып

отыр:

_________________________________________________________________________

    Жүк түрі      !     Мұнай және мұнай өнімдері

    жылдар        !_______________________________________________________

                  !2000 ж.! 2001 ж.! 2002 ж.! 2003 ж.! 2004 ж. ! 2005 ж. 

_________________________________________________________________________

Барлығы          3,385    4,136     1,05    1,066     1,1      1,166

(млн.тоннада)

_________________________________________________________________________

Оның ішінде      2,254    1,3       0,3     0,3       0,3      0,3

      а) "ТШО"

_________________________________________________________________________

      б) "ММГ"    0,852    0,5       0,5     0,5       0,5      0,5

_________________________________________________________________________

      в) басқалар 0,279    1,336     0,25    0,266     0,3      0,366

_________________________________________________________________________


       3.3. Болжанатын тарифтер, бағалар және олардың негiздемелерi



 
       Тарифтiк саясат саласында жұмыстар мен қызметтердің негiзгi түрлерi бойынша монополиялық реттеу сақталуда. Транзиттiк жүктердi тиеп-түсiруге арналған алымдар мен төлемдер ставкаларына төмендеткіш коэффициентi белгiленген тәртiпке сәйкес қолданылады.
      "АТСП" РМК өзiнiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiк қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi бекiткен және "АТСП" РМК орындаған қызмет көрсетулер мен жұмыстарға алымдар және төлемдер бәсiн белгiлеу жөнiндегi әдiстемелік ұсынымдарға сәйкес әзiрленген тарифтер негiзiнде жүзеге асырады V990881_ .
      Порт көрсететiн жұмыстар мен қызмет көрсетулерге алымдар мен төлемдер өндiрiстiк шығындардың қажеттi деңгейiн жабуға және теңiз портының тартылған активтерiне пайдалардың бәсекелестiкке төзiмдi төлем бәстерiн алуды қамтамасыз етедi.
      Теңiз порты көрсеткен жұмыстар мен қызмет көрсетулерге тариф бәстерiн қалыптастыру қағидаты:
      - шығын баптары бойынша ашып жазумен жоспарланған кезеңге теңiз порты көрсеткен жұмыстар, қызмет көрсетулердің өзiндiк құнына қосылатын жалпы шығындарын;
      - орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер түрлерi бойынша нақты мәлiметтер базасында табиғи өлшеммен теңiз порты жұмыстарының көлемдерiн;
      - орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрлерi бойынша шығындарды орынды бөлу арқылы алымдар мен төлем бәстерiнің құндылық негiзiн;
      - жұмыстар, қызмет көрсетулердiң тиiсті түрлерiнің көлемiне алынған құндылық негiздi бөлу арқылы жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнын белгiлейдi;
      - және ЕҚДБ Заемының (осы мақсат үшiн амортизациялық аударымдарды пайдалануды ескере отырып) негiзгі сомасын өтеудi қамтамасыз ететiн тартылған активтерге пайдаларды ескерiп, алынған өзіндiк құн негiзiнде алымдар мен төлем бәстерінің деңгейiн қалыптастырады.
      Ақтау портының тарифтi саясатын әзiрлеу кезiнде, ең алдымен порт арқылы өтетiн жүк ағындарының атаутiзiмi мен көлемiн тұрақты қадағалап отыру қажеттiгiне бағдарланған. Порт арқылы тиеп-түсiрiлген жүктердiң көлемiн ұлғайту сәйкесiнше икемдi тариф саясатын жүргiзу үшiн мүмкiндiк туғызады.
      Ақтау портының Каспий бассейнi бойынша бәсекелес порттармен, атап айтқанда Түркменбаши және Астрахань порттарымен тарифтiк саясатының салыстырмалы талдауы, осы порттарда Ақтау портына қарағанда тиеп-түсiру жабдықтарын пайдалану мерзiмдерi бiрнеше есе көп екенi айқындалды және амортизациялық аударымдар, пайдалану шығыстары және т.б. төмен, ол жүктi тиеп-түсiруге және өндiрiлетiн жұмыстардың сапасына төлем бәстерiнің шамасына едәуiр әсер етедi.

 

     Жоғарыда көрсетiлгендер негiзiнде кәсiпорын бесжылдыққа арналған

индикативтiк жоспарға Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды

реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгінің 1999

жылғы 1 желтоқсандағы N 08-ОД бұйрығымен бекiтiлген тұрақты тарифтердi АҚШ

долларында салады.


                      3.4. Инвестициялар


     Портты одан әрi дамыту 2005 жылғы кезеңге дейiн мынадай инвестициялық

жоспарларды iске асыруды көздейдi:

     Ақтау портын қайта жаңарту;

     Толқын тосқыны және дамбаларды қайта жаңартуды көздейтiн 2-кезең.

     Мыналарды көздейтiн портты кеңейту:

     І кезең. Ескi айлақтарды дамыту;

     ІІ кезең. Жаңа айлақтар құру есебiнен дамыту (Солтүстiк бағыт).

     2005 жылға дейiнгi порттың дамуындағы инвестициялар N 4.8.

қосымшада көрсетілген.


           3.5. Қаржылық нәтижелер және бюджетпен қарым-қатынас



 
       2001-2005 жылдар кезеңiне Порттың қаржылық саясаты ЕҚДБ мен Порттың арасындағы Жобалық келісiмнен, кейiннен Порт пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арасындағы Несиелiк келiсiмнен туындайтын Қазақстан Республикасының сыртқы берешектерiне дербес қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында анықталатын болады.
      Осы мақсатты шешу үшiн Дамыту жоспары келесi операциялық iс-қимылдарды белгiлейдi:
      1. Порт "Қарызға қызмет көрсету шоты" (ҚҚШ) шетелдiк валютадағыдай ұлттық валютада iрiленген арнайы депозиттiк шотты ұстау негiзiнде қаржылық қызметтi ұйымдастырады.
      2. ҚҚШ-да осы кезеңге өзінің барлық түсiмдерiн iрiлендiредi және осы қаражаттар тек
      - пайдалану шығыстарын төлеуге;
      - ЕҚДБ заемы бойынша пайыздар мен негiзгi қарыздың орнын толтыруға пайдаланылатындай етіп өзiнің қаржылық қызметiн бағыттайды.
      3. Порт Заемға қызмет көрсетуде жарты жылдық қажеттiлiктің кемiнде 1,5 есе көлемiн қарызға қызмет көрсету шотында ақша қаражаттарының қалғанын әр жылдың 15 наурызы және 15 қыркүйегiне бар болуын қамтамасыз ететiн барлық қадамдарды қолдана отырып, қолма қол ақшаны басқаруды ұйымдастырады.
 
               Индикативтік жоспардың негізгі көрсеткіштері
 
      Қаржылық жоспардың көрсеткіштерi көлемдiк және пайдалану көрсеткiштерi негiзiнде есептелiнген және порттың 2001 жылдағы ақша қаражаттарының негiзi, инвестициялық және қаржылық қызметi бойынша күтiліп отырған жай-күйiн және 2005 жылға дейiнгi жобасын сипаттайды.
      Порт бесжылдыққа арналған индикативті жоспардың негiзi үшiн негiзгi көрсеткiште (N 4.1. қосымша 1 ТРАНС нысан) көрсетiлген мынадай көрсеткiштердi қабылдайды.
      Бесжылдықтың аяғында 2000 жылмен салыстырғанда құрғақ жүктер бойынша өсу 3 есе, оның iшiнде жүктердің түрлерi бойынша металды тиеп-түсiру 28,3%-ға, астықты тиеп-түсіру 20 есе, басқа да жүктердi тиеп-түсiру 8,6 есе, паромдық тасымалдар көлемі 830 мың тоннаны құрайды.
      Сатудан түсетiн кiрiс жүктердi тиеп-түсіру көлемiне тiкелей байланысты.
      Сатудан түсетiн кiрiстер 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 25,4% көбейедi.
      Таза кiрiс есебi N 4.2. қосымшада (2 ФР нысан) көрсетiлген.
      Өндiрiстiк өзiндiк құн 2005 жылдың аяғында 2000 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көбейедi, бұл осы кезеңге құрғақ жүктердi тиеп түсiру көлемi 3 есеге ұлғаюымен тiкелей байланысты ауыспалы құрама шығындармен түсiндiрiледi.
      Жалпы және әкiмшiлік шығыстар 2005 жылға 2,5 есеге ұлғаяды.
      Еңбек және жалақы бойынша көрсеткiштер N 4.4. қосымшада (4 ФР нысан) көрсетiлген.
      ЕҚДБ пайыздары бойынша шығыстар 2000-2001 жылдары ең жоғары болады, одан әрi ЕҚДБ несиесi бойынша негiзгi қарызды өтеу шегiнде олар азаятын болады. 2001-2005 жылдарға арналған сыртқы заемды қайтару жоспары (N 4.5. қосымша) Несиелiк келiсiмге сәйкес негiзгi қарызды өтеу үшiн қажет 1,5 есе жарты жылдық қор мөлшерiнде есеп беру кезеңiнiң соңына ақша қаражатының қоры қамтамасыз етiлмейдi деген қатер бар. Сыртқы заемды қайтаруды қамтамасыз ету жоспары және 2000-2005 жылдарға арналған пайыздарды және негiзгi соманы өтеу кестесi қоса берiлген (N 4.5. және N 4.6. қосымшалар).
      Порттың бюджеттермен арақатынасы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес реттеледi V950072_ .
      "АТСП" РМК республикалық мониторингке жататын салық төлеушi кәсіпорындардың тiзiмiне енгiзiлген. "АТСП" РМК ең iрi салық төлеушi кәсiпорындардың бiрi болып табылады және мұнай шығару саласының кәсіпорындарынан кейiнгi бюджетке салықтық түсiмдер көлемi бойынша 5-орынға ие.
      2002 жылы "АТСП" РМК N 4, 5 және 9 мұнай айлақтарының мүліктiк жалға берiлуiне байланысты 2001 жылмен салыстырғанда кiрiстер көлемiнiң азаюына байланысты барлық деңгейдегi бюджеттерге салықтық төлемдердің сомасын азайту жоспарланып отыр.
      Бюджеттермен есеп айырысу N 4.3. қосымшада көрсетiлген.
 
                   3.6. Қатерлердiң алдын алу
 
      Ақтау порты тасымалдайтын негiзгi жүк мұнай болып табылады. Теңiз-Новороссийск (КҚК) құбыр жолының пайдалануға жiберiлуiне байланысты мұнайды негiзгi жүк жөнелтушi "ТШО" компаниясы Ақтау портынан мұнайдың едәуiр бөлiгiн қайта бағыттау жүзеге асырылатын болады. "ТШО" мамандарының ақпараты бойынша Ақтау асырылатын болады. "ТШО" мамандарының ақпараты бойынша Ақтау порты бағытындағы тасымалдаудың түсуi 2002 жылдың сәуiр-мамыр айларында күтілiп отыр. "ТШО" ресурстарынан мұнайды тасымалдау көлемiнің азаюы 0,3-0,5 млн. тоннаға дейiн болжанып отыр.
      2002 жыл бойы күтiліп отырған азаю Қаражанбас, Құмкөл, Ақтөбе кен орындарынан қосымша мұнай көлемiн тарту есебiнен орны толтырылатын болады.
      Теңiз мұнай көлемiнiң кейiннен азаюын толтырудың ұзақ мерзiмдiк болашағына әлеуеттi бағдарланған кен орындарының (Бұзашы), шығару өскен кезде (Құмкөл және т.б.) табиғи сатуды қажет ететiн компаниялардың көлемiн тартумен Қазақстан Республикасында жоспарланып отырған шығару көлемiн жалпы ұлғайту және жаңа iрi кенорындарын коммерциялық шығаруды бастау есебiнен орнын толтыру болжанып отыр.
      2002 жылдан бастап жүктердi тиеп-түсiрудiң жалпы көлемi 2001 жылдың деңгейiнен 40% астамға төмендейдi, түсудің негiзгi себебi - N 4, 5 және 9 мұнай айлақтарын "Қазкөлiктеңiзфлоты" ҰТКК" ЖАҚ мүлiктік жалға берiлуi болып табылады, "АТСП" РМК мұнайды тиеп-түсiру көлемi 66,6% төмендейдi.
      Жұмыс iстеп тұрған мұнай айлақтарын N 4, 9 "Қазкөлiктеңiзфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-ның пайдалануына беру жоспарланған жылы "АТСП" РМК кiрiс деңгейiнің төмендеуiне едәуiр әсер етедi.
      Осы факт "АТСП" РМК 2002 жылы 3,5-4,0 млн. долларға балама мөлшерде кiрiс алуына соқтырады, ол ЕҚДБ заемi мен ҚР бюджетінің алдындағы мiндеттемелердi өтеуге және болжанып отырған жобалар бойынша (толқын тосқы мен дамбаларды қайта жаңарту, сүйрегіш сатып алу және т.б.) көздеген шығыстарды қосқанда ақша ағындарын қалыптастыру және бөлу құрылымына әсерiн тигiзедi.
      N 4, 5 және 9 мұнай айлақтарын "Қазкөлiктеңiзфлоты" ҰТКК" ЖАҚ мүлiктiк жалға бергеннен кейiн "АТСП" РМК иелігінде N 10 айлағы қалады, оның қолайсыз жерде орналасуына байланысты метео жағдайларда тұрып қалу қатерi расталған.
      Тағы бiр маңызды мәнi бар аспект, портта мұнайды тасымалдау инфрақұрылымы өндiрiстiк мүмкiндiктерiнің "Қазтрансойл" ҰМТК" ЖАҚ тәуелдiлiгі болып табылады, соның салдарынан N 10 айлағына мұнай құю кемелерінің әрбiр қойылуын "Қазтрансойл" ҰМТК" ЖАҚ келiсу қажеттiгi туындайды.
      Жоғарыда аталған барлық факторларды, сондай-ақ әлемдiк бағаның толқуын ескере отырып "АТСП" РМК мұнайды тасымалдау көлемiнің кемуi жылына 850 мың тонна болады деген қатер бар.
      Кейiнгі кезеңдер iшiнде кәсіпорын кiрiсiнің негiзгi бөлiгi алдын ала мәлiметтер бойынша:
      - кемелердiң кiруi үшiн алымдар;
      - әлеуеттi бейiмделген кен орындары (атап айтқанда "ММГ" ААҚ ресурстарынан) мен шығаруды өсiру кезiнде табиғи сатуды қажет ететiн компаниялар көлемi есебiнен жоспарланған жоғары жүктемемен N 10 мұнай айлағындағы операциялардан;
      - "Испат-Кармет" комбинатының металл өнiмдерiн орналастыратын қоймалық алаңдардың негiзгi бөлiгiн бейiмдеумен құрғақ жүктердi тиеп-түсiру және тiкелей ынтымақтастық туралы бас келiсiмдерге қол қою арқылы iрi металлрейдерларына және "Испат-Кармет" ААҚ басымдықты бекiту жөнiндегi шаралар жүргізуде түскен түсiмдер есебiнен қалыптасатын болады.
      Ақтау порты бағытындағы жүк ағындарының жағдайын ұзақ кезеңге болжау өте ауыр, олардың жұмыс iстеуiне әсер ете алатын және әлемдiк рыноктағы жағдай, Порттағы-бәсекелестерге және т.б. транзиттік жүк ағындарын қайта бағыттау мақсатында Каспий бассейнi шектес мемлекеттерiнің тарифтiк саясатының өзгеруi сияқты көптеген факторлар бар.
      Ақтау порты арқылы Иранға таяу уақытқа дейiн ресей металл өнiмдерiн Каспийдегi жеке порттық қуаттарды жүктеу жөнiндегі Ресей Федерациясының тарифтiк саясаты Ақтау портынан Оля және Астраханьға қара металл өнiмiнiң транзиттiк жүк ағыны көлемiн толық қайта бағыттауға соқтырады.
      Сонымен қатар украин комбинаттарынан металл өңдеудi импорттауды ұлғайту есебiнен Иранның металл өнiмi рыногын толтыру "Испат-Кармет" металл өнiмдерi экспорты көлемiнің төмендеуiне және сәйкесiнше Ақтау порты бағытындағы жүк ағынының азаюына соқтырады.
      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, металды тиеп-түсiру көлемiнің жылына 500 мың тоннаға төмендеу қаупi бар.
      Осыған байланысты отандық рыноктың ақпараттық орнын игерудi ескере отырып, 2002 жылы имидждік iс-шаралар жүргiзген кезде қосымша және жаңа жүк ағындарын (мақта, контейнерлік жүктер, глинозем, соя бұрышы, мыс және т.б.) тарту және жаңа қызмет түрлерiн дамыту (паромдық жөнелту, астық терминалы, АЭА перспективасы) мақсатында халықаралық рыноктарға (Қытай, Иран, Түркия, Өзбекстан, Еуропа елдерi) бағытталуы тиiс.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының Үкiметiнде "Ақтау теңiз порты" арнай экономикалық аймағын құру жөнiндегi заң жобасы қаралуда. "Ақтау теңiз порты" АЭА үшiн берiлу болжанып отырған аумақ N 4.10. қосымшада көрсетiлген.
      Болашақта "Ақтау теңiз порты" АЭА құру қатерлердің алдын алуға бағытталғанын бiрқатар iс-шаралардың бiрi:
      - жаңа жоғары технологиялық өндiрiстердi және экспортқа бағытталған және импортты алмастырғыш өнiмдердi шығару үшiн құрылыста, көлiкте және өндiрiсте озық технологиялар мен жабдықтарды пайдалану;
      - теңiз, темiр жол, құбыр жол, автомобиль және әуе тасымалдарының халықаралық көлiктiк тораптарын кешендi дамыту;
      - ҚР-ның көлiк әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
      - сервистiк өндiрiстердi құру, қоймалау, жүктердi тиеп түсiру, қайта өңдеу;
      - қазiргi заманғы сақтандыру, банктiк және ақпараттық қызметтер құру болып табылады.
      "Ақтау теңiз порты" АЭА қызметтiң осы бағыттарын дамыту порт арқылы тиеп-түсiру көлемдерiн ұлғайтуға септiгiн тигiзедi.
 
      Қорытынды
 
      Осылайша Ақтау портын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспарын толыққанды iске асыру:
      Қазақстан Республикасының су көлiгi жүйесін одан әрi дүниежүзiлiк көлiк жүйесіне шоғырландыруға;
      Ақтау портының Қазақстанның халықаралық саудасын қамтамасыз етуде стратегиялық рөлін күшейтуге;
      Жүктердiң едәуiр көлемiн тартуды қамтамасыз ететiн және оларды

 

тиiстi қайта өңдеуге кепілдiк беретiн өндiрiстiк кешендi жоспарлы дамытуға;

     Отындық металлургиялық, химиялық және ауыл шаруашылық өнiмдерiн сату

мүмкіндiктерін кеңейтуге және нығайтуға;

     Республиканың валюталық қорларын толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндiк

беретiн валюта жинақ өндiрiсін құруға;

     Қазақстанның барлық Евроазиялық аймақта экономикалық байланыстарына

оң әсер етуге септiгін тигiзедi.



                                                     N 4.1. қосымша


           4.1. "АМТП" РМК 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтік-

                экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

                             (1 ТРАНС нысаны)

---------------------------------------------------------------------------

                     ! Өлшем   !  1999  !  2000  !  2001  !  2002 !  2003

                     !бірлігі  ! есеп   ! есеп   ! күтіл. !болжам !болжам

---------------------!---------!--------!--------!--------!-------!--------

1. Жүктің жалпы       

аударымы               млн. тонн    2,35    4,144     5,15   3,066    3,182

Соның ішінде:

а) Мұнай               млн. тонн    2,07    3,385      4,1    1,05    1,066

б) Құрғақ жүк          млн. тонн    0,27    0,736    0,938     1,0     1,05

в) Астық               млн. тонн   0,008    0,015    0,025     0,2     0,25

г) Паромдық тасымалдар млн. тонн       0    0,008    0,051   0,816    0,816

---------------------------------------------------------------------------

2. 4, 9 айлақтардағы

жұмыстан шыққан   

кемелер саны           Кемелер         0        0       55     348      355

---------------------------------------------------------------------------

3. Кірістердің барлығы млн. теңге 1084,5   2529,3   3423,8  2833,2   3063,0

Соның ішінде негізгі

қызметтен              млн. теңге  899,2   2227,4   3004,5  2642,9   2855,5

   Негізгі емес     

   қызметтен           млн. теңге  185,3    301,9    419,3   190,3    207,5

4. Жалпы шығындар    

(корпоративтік салық

сыз)                   млн. теңге 1159,3   1858,4   2137,9  2342,5   2623,8

Соның ішінде негізгі

қызметтен              млн. теңге  990,8   1302,4     1779  1964,7   2149,4

Негізгі емес        

қызметтен              млн. теңге  168,5      556    358,9   377,8    474,4

---------------------------------------------------------------------------


таблицаның жалғасы

---------------------------------------------------------------------------

                !2004 болжам !2005 болжам !2000 %-да      !2005 %-да

                !            !            !1999-ға        !2000-ға  

----------------!------------!------------!---------------!----------------

1                      3,28         3,496         176,3                84,4

а)                      1,1         1,166         163,5                34,4

б)                      1,1           1,2         272,6               163,0

в)                     0,25           0,3         187,5            20 есеге

г)                     0,83          0,83             0         103,8 есеге

2                       366           388             0                   0

3                    3280,7        3619,5         233,2               143,1

Негізгі

қызметтен            3055,4        3375,2         247,7               151,5

Негізгі емес

қызметтен             225,3         244,4         162,9                80,9

4                    2797,3        2995,3         252,3               161,2

негізгі   

қызметтен            2346,0        2566,3         131,4               197,0

негізгі емес

қызметтен             451,3         429,0         254,6                77,2

---------------------------------------------------------------------------


                                                       N 4.2. қосымша


             4.2. "Ақтау теңіз сауда порты" РМК 2001-2005 жылдарға

            арналған таза пайданы есептеу (млн. теңге) (2 ФР нысан)

---------------------------------------------------------------------------

            ! 1999 ! 2000 ! 2001 ! 2002 ! 2003 ! 2004 ! 2005 ! 2000 !2005

            !есеп  !есеп  !күтіл !бол.  !бол.  !бол.  !бол.  !%-да  !%-да

            !      !      !      !жам   !жам   !жам   !жам   !1999- !2000-

            !      !      !      !      !      !      !      !ға    !ға

------------!------!------!------!------!------!------!------!------!------

1. Өнімді

сатудан   

түсетін

кіріс        899,2  2227,4  3004,5 2642,9 2855,5 3055,4 3375,2 247,7  151,5

(негізгі

қызметтен)

---------------------------------------------------------------------------

2. Сатылған         

өнімдердің   

өзіндік құны 317,8   598,7   866,1 1094,1 1254,1 1426,6   1621 188,4  270,7

(жұмыстардың,

қызметтердің)

- барлығы

---------------------------------------------------------------------------

Соның ішінде:

Еңбекақы төлеу

шығындары     95,1   167,7   298,9  340,5    378    402    438 176,3  261,2


Шикізаттар және

материалдар,

энергия       24,8    47,5   102,7  166,6  199,9  239,9  287,9 118,5  606,1


Амортизациялық

аударымдар    91,5   221,9   257,7  272,4  285,1  295,9  305,6 242,5  137,7


Басқа да

шығындар     106,4   161,6   206,8  314,6    398    497  589,5 163,7  364,5


соның ішінде:

лизинг

буксирі                              95,4  234,9  242,9  241,1

---------------------------------------------------------------------------

3. Жалпы кіріс

(1 бет -

2 бет)       581,4  1628,7  2138,4 1548,8 1601,4 1628,8 1754,2 280,1  107,7

---------------------------------------------------------------------------

4. Кезең      

шығыны       673,1   703,7   912,9  870,6  895,3  919,4  945,3 104,5  134,3

---------------------------------------------------------------------------

5. Негізгі

қызметтен кіріс

(шығын)      -91,7   925,0  1225,5  678,2  706,1  709,4  808,9 -1009,8 87,4

---------------------------------------------------------------------------

6. Негізгі

емес қызметтен

кіріс    

(шығын)       16,9  -254,1    60,4 -187,5 -266,9  -226 -184,7  539,9  +69,4

---------------------------------------------------------------------------

7. Кіріс 

барлығы (5 бет

+ 6 бет)     -74,8   670,9  1285,9  490,7  439,2 483,4  624,2 -1357,9  93,0

---------------------------------------------------------------------------

8. Корпоративтік

салық         46,6   319,9   455,6  147,2  131,8 145,1  187,2  1938,8  58,5

---------------------------------------------------------------------------

9. Таза пайда

(шығын)

(7 бет -

8 бет)      -121,4   351,0   830,3  343,5  307,4 338,3    437  -762,1 124,5

---------------------------------------------------------------------------

Жалпы өнімнің 1 

теңгесіне

шығындар     1,10    0,58    0,59   0,74   0,75  0,77   0,76    53,1 131,0

(жұмыстардың,

қызметтердің)

---------------------------------------------------------------------------


                                                        N 4.3. қосымша


       4.3. "Ақтау теңіз сауда порты" РМК 2001-2005 жылдарға арналған

              бюджетімен есептер (млн. теңге) (2 ФР нысан)

---------------------------------------------------------------------------

            ! 1999 ! 2000 ! 2001 ! 2002 ! 2003 ! 2004 ! 2005 ! 2000 !2005

            !есеп  !есеп  !күтіл !бол.  !бол.  !бол.  !бол.  !%-да  !%-да

            !      !      !      !жам   !жам   !жам   !жам   !1999- !2000-

            !      !      !      !      !      !      !      !ға    !

------------!------!------!------!------!------!------!------!------!------

1. Жиынтық   

кіріс (шығын)

- барлығы   1084,5  2529,3 3423,8  2833,2   3063 3280,7 3619,5 233,2  143,1

---------------------------------------------------------------------------

2. Шегерімдер

- барлығы   1159,3  1858,4 2137,9  2342,5 2623,8 2797,3 2995,4 160,3  161,2

Соның ішінде:


Жер салығына 3,6     4,1      5       5      5      5      5 113,9  122,0


Көлік құралдарына

арналған       

салыққа        0,2     0,3    0,4     0,4    0,4    0,4    0,4 150,0  133,3


Мүлікке арналған

салыққа       23,6    56,8     62      65     65     65     65 240,7  114,4


Әлеуметтік

салық         22,9    51,1   96,6   100,8  120,6    154  196,8 223,1  385,1


Өзге де     1109,0  1746,1 1973,8  2171,3 2432,8 2572,9 2728,2 157,4  156,2

---------------------------------------------------------------------------

3. Салық салынатын 

кіріс (пайда)

(1 бет -

2 бет)       -74,8   670,9 1285,9   490,7  439,2  483,4  624,1 +745,7  93,0

---------------------------------------------------------------------------

4. Салықтық 

жеңілдіктер     -       -      -

---------------------------------------------------------------------------

5. Жеңілдіктер

мен шығындарды

есепке ала

отырып салық

салынатын

кіріс        -74,8   670,9 1285,9   490,7  439,2  483,4  624,1 +745,7  93,0

(3 бет - 4 бет)

---------------------------------------------------------------------------

6. Заңды тұлғалардан

табыс салығы:

Есептелген    46,6   319,9  455,6   147,2  131,8  145,1  187,2  686,5  58,5


Төленген      46,6   319,9  360,6    67,2   81,8   95,1  152,2  686,5  47,6

---------------------------------------------------------------------------

7. Қосымша      

құнға салық:

Есептелген    22,8    33,4   60,8      59     57   63,7   65,2  146,5 195,2


Төленген      14,3      19   36,5    35,4   34,2   38,2   39,1  132,9 205,8

---------------------------------------------------------------------------


                                                        N 4.4. қосымша


       4.4. "Ақтау теңіз сауда порты" РМК 2001-2005 жылдарға

         арналған қызметкерлерінің саны және еңбекақы қоры

                          (4 ФР нысан)

---------------------------------------------------------------------------

                     ! Өлшем   !  1999  !  2000  !  2001  !  2002 !  2003

                     !бірлігі  ! есеп   ! есеп   ! күтіл. !болжам !болжам

---------------------!---------!--------!--------!--------!-------!--------

Жұмыскерлердің

орташа тізімдік саны   адам          263     296       380     433     467

                                           ______            _____

Сан динамикасы         %-пен        88,9   100,0     128,4   113,9   107,9


Жалақы төлеу қоры      млн. теңге  112,3   169,7     429,6   489,3     540

динамикасы


Төлем қоры динамикасы  %-пен        66,1     100     253,2   113,9   110,4


Орташа айлық  

еңбекақы               мың. теңге   35,6    47,8      94,2    94,2    96,4


Орташа еңбекақы

динамикасы             %-пен        74,5   100,0     197,2   100,0   102,3


Жалпы кіріс            млн. теңге 1084,5  2529,3    3423,8  2833,2  3063,0


Еңбек өнімділігі       млн. теңге   4,12    8,54      9,01    6,54    6,56

---------------------------------------------------------------------------


таблицаның жалғасы                                  

---------------------------------------------------------------------------

                !2004 болжам !2005 болжам !2000 % 1999-ға !2005 % 2000-ға

----------------!------------!------------!---------------!----------------

Жұмыскерлердің 

орташа тізімдік

саны                    490          525            112,5          177,4

                      ______                       _________     ________

Сан динамикасы        104,9        107,1            112,5          148,5


Жалақы төлеу қоры

динамикасы              574          626            151,1          161,6


Төлем қоры    

динамикасы            106,3        109,1            151,3          161,6


Орташа айлық  

еңбекақы               97,6         99,4            134,3          121,2


Орташа еңбекақы

динамикасы            101,3        101,8            134,2          209,2


Жалпы кіріс          3280,7       3619,5            233,2          146,8


Еңбек өнімділігі       6,70         6,89            207,2           98,5  

---------------------------------------------------------------------------


                                                       N 4.5. қосымша


               4.5. 2001-2005 жылдарға арналған сыртқы

                        заемды өтеу туралы

---------------------------------------------------------------------------

  Көрсеткіштер   ! Өлшем   !  2000 !  2001 !  2002 !  2003 !  2004  ! 2005

                 !бірлігі  !       !       !       !       !        !

-----------------!---------!-------!-------!-------!-------!--------!------

1. Жалпы кіріс   млн. теңге  2529,3  3423,8  2833,2  3063,0  3280,7  3629,5

---------------------------------------------------------------------------

2. Жалпы шығыс   млн. теңге  1858,4  2137,9  2342,5  2623,8  2797,3  2995,3

Оның ішінде

амортизация      млн. теңге   229,6   265,3   285,0   298,0   309,2   319,4

---------------------------------------------------------------------------

3. Салық салу

бойынша кіріс    млн. теңге   670,9  1285,9   490,7   439,2   483,4   624,2

---------------------------------------------------------------------------

4. Салықтар      млн. теңге   319,9   455,6   147,2   131,8   145,1   187,2

---------------------------------------------------------------------------

5. Таза кіріс    млн. теңге   351,0   830,3   343,5   307,4   338,3   437,0

---------------------------------------------------------------------------

6. Шығындарға таза

пайданың рента.

бельділігі           %         18,9    38,8    14,7    11,7    12,1    14,6

---------------------------------------------------------------------------

7. Заемды қайтару

бойынша          

міндеттеме       млн. теңге   628,8   649,6   682,7   711,4   735,7   760,0

---------------------------------------------------------------------------

8. Өткен жылдан

ауысатын ақша   

қаражатының       

қалдығы          млн. теңге   398,3   494,3   655,6   548,0   442,2   353,8

---------------------------------------------------------------------------

9. Заемды өтеу

үшін сома        млн. теңге   978,9  1589,9  1284,1  1153,4  1089,5  1110,2

---------------------------------------------------------------------------

10. Кезең аяғына

ақша қаражатының

қалдығы          млн. теңге   494,3   655,6   548,0   422,2   353,8   350,2

---------------------------------------------------------------------------


                                                            N 4.6. қосымша


        4.6. Ақтау портын қайта жаңарту жобасы бойынша ЕҚДБ       

              заемының пайыздарын және негізгі сомасын

                          өтеу кестесі

                                                                Млн. долл.

         (1-кезең)

                  1997  1998   1999   2000  2001  2002   2003   2004  2005


Берешек          10,40 32,78  49,46  48,30 43,70 40,59  36,18  31,76 27,35

Пайыздар          0,40  1,15   2,30   3,20  3,22  2,19   1,95   1,72  1,48

Нег.қарыз         0,00  0,00   0,00   4,42  4,42  4,42   4,42   4,42  4,42

Сомасы            0,40  1,15   2,30   7,62  7,64  6,61   6,37   6,14  5,90


жалғасы

                   2006    2007     2008     2009    2010    2011  барлығы


Берешек           22,93   18,51    14,10     9,68    5,27    0,85  

Пайыздар           1,24    1,00     0,76     0,52    0,28    0,05    21,46

Нег.қарыз          4,42    4,42     4,42     4,42    4,42    4,28    52,90

Сомасы             5,66    5,42     5,18     4,94    4,70    4,33    74,36


          Графиктер 2000-2011 жылдардағы ЛИБОР ставкалары 5,4% жылдық     

            және 2000 ж. ЕҚДБ заемін толық игеру негізінде есептелген


                           (қағаздағы нұсқадан қараңыз)


                                                          N 4.7. қосымша


                 4.7. 2005 жылға дейінгі инвестициялар

                   Портты солтүстік бағытта дамыту

---------------------------------------------------------------------------

Құрылыстардың           !Құрылыс. !Құрылыс. !Шамалаған !     жылдар

атаулары                !тың      !тың      !құны млн. !-------------------

                        !басталуы !аяқталуы !долл.     !2002!2003!2004!2005

                        !         !         !          !    !    !    !

------------------------!---------!---------!----------!----!----!----!----

Ақтау портын қайта       

жаңғырту,

II кезең

---------------------------------------------------------------------------

Толқын тоқтату мен       

дамбаны қайта жаңғырту      2003      2004      19.355        13  6.355

---------------------------------------------------------------------------

І кезең

---------------------------------------------------------------------------

Ферросплавтар айлағы        2003      2004          15         5    10

---------------------------------------------------------------------------

Мұнай құю                   2003      2005           8         4     2    2

айлақтары 

---------------------------------------------------------------------------

Бункерлеушілер

үшін айлық                  2005      2005           1                    1

---------------------------------------------------------------------------

Бункерлік база              2003      2005         2.1       0.7   0.7  0.7

---------------------------------------------------------------------------

II кезең

---------------------------------------------------------------------------

Толқын тосқы                2005      2007         17                    17

---------------------------------------------------------------------------

Мол                         2005      2007         10                    10

---------------------------------------------------------------------------

Су қоршаған арнаның  

ауысымы                     2003      2005         33         8     15   10

---------------------------------------------------------------------------

Аумақтарды құру             2005      2014          2                     2

---------------------------------------------------------------------------

Бас жүктер айлағы           2005      2008          5                     5

---------------------------------------------------------------------------

Әскери бөлім айлағы         2005      2008          3                     3

---------------------------------------------------------------------------

Контейнерлік айлақ          2005      2008          2                     2

---------------------------------------------------------------------------

Түптереңдету                2005      2008          2                     2

---------------------------------------------------------------------------

Темір жолдар                2005      2012        0.5                   0.5

---------------------------------------------------------------------------

Барлығы                                          119.955   30.7 34.055 55.2

---------------------------------------------------------------------------


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады