Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметi арасында Қазақстан Республикасының аумағына iргелес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда өзара iс-қимыл жасау тәртiбi туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 маусым N 653

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына iргелес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда өзара iс-қимыл жасау тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа ресей тарапымен келiссөздер жүргiзуге және қағидатты сипаты жоқ, өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан көрсетiлген Келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының

 

Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей

Федерациясы аумағында жауынгерлік жұмыстар жүргiзу кезiнде апаттар

туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы келісім жасасу

туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 тамыздағы N 1310



P001310_


  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


       Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының

          Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына

           iргелес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк

     атыстар жүргiзу кезiнде штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда

                     өзара iс-қимыл жасау тәртiбi туралы

                                  КЕЛIСIМ

     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Ресей Федерациясының Үкiметi,


 
       Қазақстан Республикасының аумағына iргелес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда Тараптардың өзара iс-қимыл мәселелерiн, сондай-ақ оның зардаптарын бағалауды және жоюды ретке келтiруге тiлек білдiре отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:
 
                               1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген терминдер мыналарды бiлдiредi:
      "жауынгерлiк атыс" - штаттық оқ-дәрiлермен штаттық қарудан нысаналарға (көздеуiштерге) ату;
      "жауынгерлiк құралдар" - Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде қолданылатын басқарылмайтын және басқарылатын жою құралдары;
      "ұшу аппараттары" - басқарылатын және ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жауынгерлiк атыстар үшiн көздеуiштер ретiнде қолданылатын әуе нысаналары;
      "штаттан тыс оқиғалар" - жауынгерлiк құралдардың, ұшу аппараттарының немесе жер үстi құралдарының оларды басқару кезiнде тапсырылған траекториядан ауытқуына және жауынгерлiк құралдың немесе ұшу аппаратының Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерге, Ресей Федерациясы жалға алмаған Қазақстан Республикасының аумағына құлауына әкелiп соқтыратын iстен шығуы.
 
                               2-бап
 
      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының аумағына iргелес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк атыстарды жүзеге асыру кезiнде штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда Тараптардың мiндеттерiн, штаттан тыс оқиғалар болған жағдайда өзара хабардар ету рәсiмдерiн, сондай-ақ штаттан тыс оқиғаның зардаптарын жою үшін Тараптардың қажетті күштер мен құралдарды тарту тәртiбiн айқындайды.
      Осы Келiсiм Тараптардың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушысы болып табылатын өзге де халықаралық шарттарының мiндеттемелерiн қозғамайды.
 
                               3-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптардың уәкiлеттi органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Төтенше оқиғалар жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар бойынша бiр бiрiн уақытылы хабарландыратын болады.
 
                               4-бап
 
      Штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда Ресей Тарапының уәкiлеттi органы Қазақстан Тарапының уәкiлеттi органын қолданылып жүрген байланыс арналары бойынша тез арада хабарландырады, штаттан тыс оқиға буындаған сәттен 12 сағаттан кешiктiрмей Қазақстан Тарапы уәкiлеттi органдарының өкiлдерiмен өзара iс-қимылды ұйымдастыру, жағдайды бағалау және штаттан тыс оқиғаның зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды белгiлеу үшiн Ресей мамандарының жедел тобын жасақтайды және Қазақстан Тарапының келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы аумағының штаттан тыс оқиғаның зардаптары табылған ауданына жiбередi.
      Штаттан тыс оқиғаның болуы мүмкiн зардаптарын талдауды қамтамасыз ету мақсатында Ресей Тарапы Қазақстан Тарапына жауынгерлiк құралдардың немесе ұшу аппараттарының түрлерi, штаттан тыс оқиға болған жағдайда ықтимал ұшу жолдары мен құлау аудандары бойынша қажеттi техникалық мәлiметтердi ұсынады.
 
                               5-бап
 
      Штаттан тыс оқиға болған жағдайда Ресей Тарапының уәкiлеттi органы оның себептерi анықталғанға дейiн Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясының аумағында штаттан тыс оқиға туындаған жауынгерлiк құралдардың немесе ұшу аппараттарының сол түрiн қолдана отырып жауынгерлiк атыстар жүргiзудi тоқтатады.
      Қазақстан Республикасының аумағына iргелес Ресей Федерациясының аумағында аталған жауынгерлiк құралдармен жүргiзiлетiн жауынгерлiк жұмыстарды жаңарту штаттан тыс оқиғаның себептерi, аталған жауынгерлiк құралдармен немесе ұшу аппараттарымен жүргiзiлетiн кейiнгі жауынгерлiк

 

атыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар туралы

Қазақстан Тарабы уәкiлеттi органының хабарламасынан кейiн жүзеге асырылады.

                              6-бап


     Тараптардың уәкiлеттi органдары Бiрлескен штабты құратын штаттан тыс

оқиғаның зардаптарын тергеу жөнiндегi Бiрлескен қазақстан-ресей

комиссиясын құрады және алдағы уақыттағы бiрлескен iс-қимылдар тәртiбiн

келiседi.

                              7-бап


     Штаттан тыс оқиғаның зардаптарын бағалау және жою үшiн Тараптар

мынадай күштер мен құралдарды тартуы мүмкiн:

     арнаулы авариялық-құтқару және iздестiру-құтқару бөлiмшелерi;


 
       өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық, ветеринарлық, фитосанитарлық, табиғат қорғау және басқа да қызметтер;
      штаттан тыс оқиға зардаптарының табиғи ортаға әсер ету мониторингін және жауынгерлiк құралдар мен ұшу аппараттарының ұшу (құлау) жолдары бойынша гигиеналық бақылау жүргiзу үшiн мамандандырылған зертханалар;
      шұғыл әрекет ететiн мамандандырылған медициналық-биологиялық бригадалар;
      табиғи ортаның ластануы мүмкiн деңгейiн жедел болжаудың мамандандырылған қызметi;
      аспаптар мен химиялық, реактивтердiң төмендемейтiн қоры;
      қажет болған жағдайда көшiру iс-шараларын жүргiзу және штаттан тыс оқиға зардабы аймағында қалған елдi мекендерден көшiрілетiн адамдарды қабылдау кезiнде уақытша үй-жай құруға және тамақтандыру пункттерiн ұйымдастыруға арналған азық-түлiк және материалдық ресурстар қорлары;
      басқа да күштер мен құралдар.
      Штаттан тыс оқиғаның зардаптарын бағалау мен жоюға тартылатын Тараптардың күштерi мен құралдарының нақтылы құрамын штаттан тыс оқиға ауданындағы жағдайды және оның зардаптарын бағалау жөнiндегi Тараптардың уәкiлеттi органдарының жедел ақпараттарына сүйене отырып Бiрлескен штаб белгiлейдi.
      Қажет болған жағдайда Тараптар Бiрлескен штаб ұсынымдарының негiзiнде штаттан тыс оқиға зардаптарын жою үшiн қажеттi қосымша мамандар тобының құрамын және олардың келу мерзiмдерiн келiседi.
      Тараптардың қосымша тартылған авариялық-құтқару бөлiмшелерi мен мамандандырылған қызметтерiнiң өзара iс-қимыл жасауын Бiрлескен штаб ұйымдастырады.
 
                               8-бап
 
      Штаттан тыс оқиғаның зардаптарын жойғаннан кейiн Тараптардың уәкiлеттi органдарынан құрылған Бiрлескен қазақстан-ресей комиссиясы бiрлесiп келiсiлген әдiстеме бойынша залалдың орнын толтыру тәртiбiн, нысандарын айқындайды және мыналарға жұмсалған шығындардың көлемiн есептейдi:
      штаттан тыс оқиғаның зардаптарын бағалау және жою;
      келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру;
      қоршаған ортаның орны толтырылмаған залалының өтемi.
      Штаттан тыс оқиғаның зардаптарын тергеу жөнiндегi Бiрлескен қазақстан-ресей комиссиясы өкiлдерiнiң атқарған жұмыстарының нәтижелерi бойынша екi жақты актiге қол қойылады.
 
                               9-бап
 
      Осы Келiсiмге сәйкес штаттан тыс оқиғаның зардаптарын бағалау мен жою жөнiндегi iс-шараларды өткiзумен және материалдық залал мен қоршаған ортаға орны толтырылмаған залалдың өтемақысымен байланысты шығыстарды келiсiлген көлемде қол қойылған екi жақты актiлердiң негiзiнде штаттан тыс оқиғаның зардаптарын тергеу жөнiндегi Бiрлескен қазақстан-ресей комиссиясының жұмыс қорытындысы бойынша Ресей Тарапы жүзеге асырады.
 
                              10-бап
      Қазақстан Тарапы:
      штаттан тыс оқиға зардаптары табылған Қазақстан Республикасының аумағы ауданына Ресей Тарапы өкiлдерiнiң кiруiн;
      Ресей Федерациясының штаттан тыс оқиға зардаптарын жоюға қатысатын әуе кемелерiне әуе дәлiздерi мен тұрақтарын артықшылық тәртiппен берудi;
      құрамы Бiрлескен штабпен келiсiлген және штаттан тыс оқиғаның зардаптарын бағалауға және жоюға келген мамандарға Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен және мөлшерде нақтылы жұмсалған шығындарға Ресей Тарапының кезектi өтемақысымен көлiк, тұрғын үй, азық-түлiк және байланыс құралдарын ұсынуды қамтамасыз етедi.
 
                               11-бап
 
      Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнетiн және оның аумағынан керi әкетiлетiн штаттан тыс оқиғаның зардаптарын жоюға арналған ресей жабдықтары мен материалдарын, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағына әкетiлетiн штаттан тыс оқиғаның себептерiн анықтауға арналған жауынгерлiк құралдарды, ұшу аппараттарын немесе олардың бөлiктерiн кедендiк ресiмдеу Тараптардың уәкiлеттi органдарымен келiсiлген тiзбенiң

 

негiзiнде тарифтiк емес реттеу және кедендiк төлемдер мен салықтар алу

шараларын қолданбастан жүзеге асырылады.

                              12-бап


     Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға қатысты дауларды Тараптар

келiссөздер жүргiзу жолымен немесе Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы Ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия

шешедi.

                              13-бап


     Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Ресей

Федерациясының Yкiметi жалға алған әскери-сынақ полигондары мен "Байқоңыр"

кешенiнiң қызметiне байланысты қатынастарды реттемейді.

                              14-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн толықтырулар мен өзгерістер енгізiлуi мүмкiн.
 
                               15-бап
 
      Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және

 

оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы

туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне

енедi.

     Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың бiр де бiрi

тиiстi кезең өткенге дейiнгi алты айдан кешiктiрмей оның қолданылуын

тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарламаса, оның

қолданылуы келесi бес жылға автоматты түрде ұзартылады.

     2002 жылғы "___"_____________  ___________________ қаласында

әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң

бiрдей күшi бар.

     Қазақстан Республикасының                Ресей Федерациясының

           Үкіметi үшiн                           Yкіметi үшiн




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады