"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 31 тамыздағы N УМ-2001/IМР-5 келісім-шарт бойынша "Узмахсусимпэкс" мемлекеттік кәсіпорны (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшiн "Белтехэкспорт" жабық акционерлік қоғамы (Минск қаласы, Беларусь Республикасы) беретiн арнайы мүлiктiң Беларусь Республикасынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қосымшаға сәйкес номенклатурасы мен саны бойынша транзитiне рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінің Кеден комитеті
заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
арнайы мүлiктің транзитін бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы
қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2002 жылғы 19 шілдедегі
N 804 қаулысына
қосымша
2001 жылғы 31 тамыздағы N УМ-2001/IМР-5 келiсiм-шарт бойынша
"Узмахсусимпэкс" мемлекеттік кәсіпорны (Ташкент қаласы, Өзбекстан
Республикасы) үшiн "Белтехэкспорт" жабық акционерлiк қоғамы
(Минск қаласы, Беларусь Республикасы) беретiн тауарлардың саны
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Тауардың атауы ! СЭҚ TH коды ! Өлшем !Саны! АҚШ ! АҚШ !DDU т/ж
N ! ! !бiрлігі! !долла.!долла.!Ташкент-
! ! ! ! !рымен !рымен !тауар
! ! ! ! !бірлік!жалпы !станциясы
! ! ! ! !үшін !құны !шартымен
! ! ! ! !бағасы! !жалпы құны
---------------------------------------------------------------------------
1. РСП-6М2 852610900 к-т 1 382200 382200 427280
қондыру
радилокациялық
жүйесi
2. ВИСП-75Т 847160900 к-т 1 196000 196000 218910
қондыру
жүйесінің
алып шығу
индикаторы
3. АПП-90П 870590900 к-т 2 23520 47040 52950
әуе айлағы
қондыру
прожекторы
Жиыны: 699140
---------------------------------------------------------------------------
Жөнелту пунктi: Барановичи-Центральные станциясы (Беларусь
Республикасы).
Баратын пунктi: Ташкент-тауар станциясы (Өзбекстан Республикасы).
Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 станциясы, Шеңгелдi станциясы.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.