Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 116 P020116_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақтағы "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 116а қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 116 қаулысына 6-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2002 жылға арналған 600 "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру" республикалық бюджеттiк бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 151 181 мың теңге (жүз елу бiр миллион жүз сексен бiр мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Z010273_ Заңының 1-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427 U000427_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 U010573_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 N010201_ өкiмi; "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 P001641_ қаулысы; "Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-француз үкiметаралық жұмыс тобының бесiншi мәжiлiсiнiң хаттамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 131 P010131_ қаулысы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487 P010487_ қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: барлық деңгейдегi қаржы
полициясы бөлiмшелерiн техникалық жабдықтау, қаржы полициясы органдары қызметкерлерi жедел-қызметтiк iс-әрекетiнiң процестерiн автоматтандыру; ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен оларға қол жеткiзудi, ақпаратты сақтауды, өңдеудi, өзгертудi және берудi қоса, қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық кеңiстiкке барлық қаржы полициясы бөлiмшелерiн бiрiктiретiн коммуникациялық инфрақұрылым құру. 6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- N !Бағ. !Iшкi!Бағдарламалар.!Бағдарламаны (iшкi бағдарла.!Iске !Жауапты !дар. !бағ.!дың (iшкi ! маны) iске асыру жөнiндегi !асыру !орындау. !лама.!дар.!бағдарламалар.! iс-шаралар !мерзiмi! шылар !ның !лама!дың) атауы ! ! ! !коды !ның ! ! ! ! ! !коды! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- 600 Қазақстан 2002 жылы Қазақстан Респуб. Жыл Қазақстан Республикасы ликасы Қаржы полициясы агент. бойы Республи. Қаржы тiгiнiң бiрыңғай автоматтан. касының полициясы дырылған ақпараттық- Қаржы агенттiгiнің телекоммуникациялық жүйесiн полициясы бiрыңғай құру үшiн дайындау жұмыстары агенттігі автоматтанды. мен жоба алдындағы зерттеулер, рылған сондай-ақ орталық аппаратты, ақпараттық- Астана қаласы бойынша және телекоммуника. Қарағанды облысы бойынша циялық жүйесiн қаржы полициясы департамент. құру терiн 4 аудандық деңгейдегi аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге қамтитын пилоттық аймақты құрудан тұратын әзiрлеудiң бiрiншi кезеңi жүргiзiледi, оның ішiнде: 1) екi қаржы полициясы департаментiнде 85 желiлiк жұмыс орнын құру үшiн кабельдiк жұмыстар жүргiзу; 2) жабдықты сатып алу және орнату, оның iшiнде: серверлер: деректер базасының 1 бас серверi, 2 аймақтық сервер; жұмыс станциялары: 111 жұмыс станциясы; перифериялық жабдық: 30 принтер, 22 сканер, 9 цифрлы камера; желiлiк жабдық: 14 коммутатор, 3 желiлiк коммутатор, 3 желiлiк маршрутизатор, 13 модем; 3) осы бағдарламаның шеңберiнде серверлер мен жұмыс станциялары үшiн базалық және жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу. --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қаржы полициясы органдары жедел-қызметтiк iс-әрекетiнiң оның ақпараттық-талдау қамтамасыз етуiнiң сапасы мен жеделдiлiгiн жақсарту есебiнен тиiмдiлiгiн арттыру. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.