"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекiтiлсiн.
2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" деген функционалдық топта:
2 "Қаржылық қызмет" деген iшкi функцияда:
"15581251" деген сан "15588731" деген санмен ауыстырылсын;
610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi" әкiмшiсi бойынша:
"75883" деген сан "83363" деген санмен ауыстырылсын;
600 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру" бағдарламасында:
"15909" деген сан "23389" деген санмен ауыстырылсын;
9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" деген iшкi функцияда:
"565402" деген сан "557922" деген санмен ауыстырылсын;
220 "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
"401519" деген сан "394039" деген санмен ауыстырылсын;
600 "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру" бағдарламасында:
"184511" деген сан "177031" деген санмен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1315 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттiк бағдарламаның құны: 21 402 000 (жиырма бiр миллион төрт жүз екi мың) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйек N 1031 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: оларға жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi аппаратының қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң аппараттарын ұстау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р/с!Бағ.!Кiшi! Бағдарлама. ! Бағдарламаны !Iске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! ның атауы ! іске асыру !асыру !орындаушылар
!лама!дар.! ! жөніндегі !мерзімі!
!коды!лама! ! iс-шаралар ! !
! !ның ! ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 001 001 Орталық 41 бiрлiк штаттық жыл Қазақстан
органның санының лимитi барысында Республика.
аппараты шегiнде Қазақстан сының
Республикасының Мемлекеттiк
Мемлекеттiк сатып сатып алу
алу жөнiндегi жөнiндегi
агенттiгiнiң агенттiгi
аппаратын ұстау
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1315 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
010 "Республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыру және қайта даярлау" республикалық бюджеттiк
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттiк бағдарламаның құны: 7 983 000 (жетi миллион тоғыз жүз сексен үш мың) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1605 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырумен тiкелей айналысатын мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң дұрыс орындауын қамтамасыз ету, сатып алу тәсiлiн таңдау және конкурстарды өткiзу жөнiндегi iс-шараларды уақытылы ұйымдастыру, сенiмдi статистикалық ақпаратты беру; мемлекеттiк сатып алудың мониторингi мен оны талдаудың электронды жүйесiн пайдалана отырып, жұмыс iстей бiлуге оқыту.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р/с!Бағ.!Кiшi! Бағдарлама. ! Бағдарламаны !Iске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! ның атауы ! іске асыру !асыру !орындаушылар
!лама!дар.! ! жөніндегі !мерзімі!
!коды!лама! ! iс-шаралар ! !
! !ның ! ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 010 005 Республикалық 1. Республикалық 2002 Қазақстан
деңгейде деңгейде мемлекет. жылдың Республика.
кадрлардың тiк қызметшiлердiң 2-шi сының Мемле.
бiлiктiлiгiн бiлiктiлiгiн арт. 4-шi кеттік сатып
арттыру және тыру жөнiнде тоқсан. алу жөнінде.
қайта даярлау курстар жүргiзу дары гі агенттігі
(мемлекеттiк және қайта даярлау
қызметшілер. (600 кiсiден кем
iнiң емес)
бiлiктiлiгiн
арттыру)
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырумен тiкелей айналысатын мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, олардың жаңа бiлiм алуы және оларды практикалық қызметте қолдану мүмкiндiгi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1315 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
033 "Мемлекеттiк сатып алудың мониторингiн жүргiзу
және ақпараттық қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттiк бағдарламаның құны: 17 792 000 (он жеті миллион жетi жүз тоқсан екi мың) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1605 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк сатып алудың мониторингі, оны талдау және ақпараттық қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу саласында қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу; мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал берушiлердi бiрдей мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк сатып алу саласындағы сауданың электронды жүйесiн құруға және енгiзуге әзiрлену мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiнде бюллетень және әдiстемелiк құралдар шығару, электрондық байланыс құралдарын пайдалану және жұмыс орындарын тиiсiнше жарақтандыру, мемлекеттiк сатып алу мониторингi есептелiгiн автоматтандырылған жүйенi құру және енгiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.! Бағдарламаның ! Бағдарламаны !Iске ! Жауапты
!дар.! атауы ! іске асыру !асыру !орындаушылар
!лама! ! жөніндегі !мерзімі!
!ның ! ! iс-шаралар ! !
!коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
------------------------------------------------------------------
1 033 Мемлекеттiк 1. "Мемлекеттiк 2002
сатып алудың сатып алудың жылдың
мониторингiн мониторингi" 1-шi
жүргiзу және ақпараттық жүйенi жарты
ақпараттық 55 пайдаланушылар жылдығы
қамтамасыз ету үшін жетiлдiру,
кейiнгi
инсталляциялау
2. Мемлекеттiк жыл Қазақстан
сатып алу барысында Республика.
мәселелер бойынша сының
әдiстемелiк Мемлекеттік
құралдарды сатып алу
әзiрлеу және жөніндегі
жариялау агенттігі
3. "Мемлекеттiк Жыл
сатып алу барысында
жөнiндегi
бюллетень"
шығаруды
ұйымдастыру (4-шi
нөмірiн)
4. Қазақстан 2002
Республикасындағы жылдың
мемлекеттiк сатып 2-ші
алу туралы бейне жарты
роликтер жасау жылдығы
және оларды
теледидарда
орналастыру (5
минуттық 12 бейне
ролик)
5. "Мемлекеттiк 2002
сатып алудың жылдың
мониторингі" 4-ші
ақпараттық тоқсаны
жүйенiң
пайдаланушыларын
оқыту және жұмыс
орындарды
жабдықтау
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бюджеттiк бағдарламаны қабылдау мемлекеттiк сатып алу процесiнiң барлық кезеңдерiнiң айқындылығы, барлық ықтимал берушiлерi үшiн мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң ашықтығы және қол жетімдiлiгi деңгейiн көтеруге, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң мұқтаждары үшiн сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 5-10%-ы мөлшерiндегi мемлекеттiң ақша қаражатын үнемдеудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1315 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
500 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу
жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн
қамтамасыз ету және электрондық поштаны пайдаланғаны
үшiн ақы төлеу" республикалық бюджеттiк
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттiк бағдарламаның құны: 20 780 000 (жиырма миллион жетi жүз сексен мың) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1605 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiн телекоммуникациялық қамтамасыз ету "Мемлекеттiк сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдау мен сүйемелдеу және байланыс арналарын ұйымдастыру, сондай-ақ компьютер жабдықтарын қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық ресурстарына қашықтан реттелген және көпшiлiк қатынауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi сүйемелдеу, әкiмшiлендiру және қолдау, есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының, телекоммуникациялық желiнiң, агенттiк жүйесiнiң жергiлiктi есептеу желiлерiнiң жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, есептеу желiсiнiң ақпараттық қауiпсiздiгiн және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезiнде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң Web-серверiн сүйемелдеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң есептеу құралдарын және жабдықтарын қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi үшiн ақпаратты берудiң телекоммуникациялық қызмет көрсетудi, электрондық поштаны, Интернет желiсi мен телекоммуникациялық жабдықтаудың сатып алуды сапалы және уақытылы алу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.! Бағдарламаның ! Бағдарламаны !Iске ! Жауапты
!дар.! атауы ! іске асыру !асыру !орындаушылар
!лама! ! жөніндегі !мерзімі!
!ның ! ! iс-шаралар ! !
!коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
------------------------------------------------------------------
1 500 Қазақстан 1. Интернет жыл
Pecпубликасының желiсiнде барысында
Мемлекеттiк сатып Мемлекеттiк сатып
алу жөнiндегi алу жөнiндегi
агенттiгiнiң агенттiгiнiң Web-
ақпараттық серверiн сүйемелдеу
жүйелерін жөнiндегi қызмет.
қамтамасыз ету тердi сатып алу
2. Агенттiгiнiң жыл
ақпараттық барысында
жүйелерiн
сүйемелдеу
жөнiндегi
ақпараттық-есептеу
қызметтердi сатып
алу
3. Ақпараттық жыл
жүйелерiн барысында
комплекстiк енгiзу
үшiн консультация.
лық қызметтердi
сатып алу
4. Агенттiктiң жыл Қазақстан
ақпараттық барысында Республика.
жүйелерін сының
ақпараттық Мемлекеттік
қауiпсiздігiн сатып алу
қамтамасыз ету жөніндегі
агенттігі
5. "Мемлекеттiк 2002
сатып алудың жылдың
мониторингi" 4-ші
ақпараттық тоқсан
жүйесiнiң
локальдық-есептеу
және телекоммуни.
кациялық
желiстерiн жетiлдiру
6. Есеп құралдарын жыл
және жабдықтарын барысында
қосалқы
бөлшектермен, шығыс
материалдармен
қамтамасыз ету
7. Интернет желiсi 2002
мен VPDN желiсiнiң жылдың
қызметтен сатып алу 4-шi
тоқсан
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн қолданбалы және жүйелi қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмысы, агенттiк Wеb-сайттың жұмыс iстеуiн, мемлекеттiк сатып алу мониторингi жүйесiнде ақпаратты берудiң сапалы қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1315 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
600 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу
жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру"
республикалық бюджеттiк бағдарламасының
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттiк бағдарламаның құны: 23 389 000 (жиырма үш миллион үш жүз сексен тоғыз мың) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1605 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк сатып алу мониторингiнiң қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған ақпараттандыруды жүргізу; сондай-ақ есептеу, коммуникациялық, желiлiк жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi құралдармен уақытылы жаңғыртуды және жарақтандыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мониторингiнiң автоматтандырылған жүйелерiн және мемлекеттiк сатып алу есебiн әзiрлеу және дамыту; лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпаратты қорғаудың және оларды техникалық қолдаудың бағдарламалық құралдарын сатып алу, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың есептеу, жүйелiк жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және ақпараттық-бағдарламалық құралдарын сатып алу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.! Бағдарламаның ! Бағдарламаны !Iске ! Жауапты
!дар.! атауы ! іске асыру !асыру !орындаушылар
!лама! ! жөніндегі !мерзімі!
!ның ! ! iс-шаралар ! !
!коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
------------------------------------------------------------------
1 600 Қазақстан 1. "Мемлекеттiк 2002 Қазақстан
Республикасының сатып алудың жылдың Республикасы.
Мемлекеттiк мониторингi" 4-ші ның Мемлекеттік
сатып алу ақпараттық жүйесi тоқсан сатып алу
жөнiндегi үшiн есептеу, жөніндегі
агенттiгiнiң серверлiк агенттігі
ақпараттық жабдықтарды сатып
жүйелерін құру алу
оның iшiнде:
мәлiмет базасының
серверi - 1 дана,
почта серверi - 1
дана, Web серверi
- 1 дана,
серверлiк шкаф - 2
дана, серверлiк
жабдықтар - 1
комплект,
маршрутизатор - 1
дана, свитч - 3
дана, прецизиондық
кондиционерлер - 2
дана.
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сатып алудың мониторингiнiң ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейiн қамтамасыз ету.