Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 желтоқсан N 1369

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 137 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "1-26" деген сан "2, 4, 5, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 1, 3, 6, 7, 9, 15, 21, 25, 26-қосымшалар алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
1-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi

2002 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" 001 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 2 296 316 мың теңге (екi миллиард екi жүз тоқсан алты миллион үш жүз он алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453-1 Заңының 21-25-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128  қаулысы ; "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi N 981 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерi қызметiн қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары: ------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске ! Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру! орындау.
с!коды   !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !  шылар
N!       !лама.!бағдарла.!     іс-шара          !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
    001        Әкімшілік
               шығындар
 
            001  Орталық    250 бірлік мөлшерінде  Жыл    Қазақстан
               органның   бекітілген штат саны.  ішінде Республи.
               аппараты   ның лимитіне сәйкес           касының
                          Қазақстан Республи.           Кедендік
                          касы Кедендік бақы.           бақылау
                          лау агенттігінің              агенттігі
                          орталық аппаратын
                          ұстау

          002   Аумақтық  5582 бiрлiк мөлшерiнде        Қазақстан
                органдар. бекiтiлген штат саны.         Республикасы
                дың       ның лимитіне сәйкес           Кедендік
                аппарат.  Қазақстан Республикасы        бақылау
                тары      Кедендік бақылау              агенттігі
                          агенттiгiнiң аумақтық
                          бөлiмшелерiн ұстау
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
2-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi

2002 жылға арналған "Акциздiк және eceптік-бақылау маркаларын басу, куәлiктер және патенттер" 035 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 25 000 мың теңге (жиырма бес миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексiнiң 264, 371, 374, 549-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгеріс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы; "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысатын салық төлеушiлердi толық қамтуды қамтамасыз ету, алкоголь және темекi өнімінiң импорттерлерiн алкоголь және темекі өнiмiне акциздiк алым маркаларымен уақытылы қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: алкоголь және темекi өнiмiне акциздiк алым маркаларын басу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
    035        Акциздiк    орташа алғанда        Жыл    Қазақстан
               және есеп-  52 005,8 мың дана     ішінде Республика.
               бақылау     санында акциздік             сының
               маркала.    алым маркаларын              Кедендік
               рын,        дайындау және                бақылау
               куәлiктер   сатып алу, оның              агенттігі
               мен         ішінде: алкоголь
               патенттер.  өніміне - 6 060,8
               дi басу     мың дана; темекi
                           өнiмiне - 45 945
                           мың дана.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тұтынушыларды сапасыз алкоголь және темекi өнiмдерінен қорғау, сондай-ақ акциздердi мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне уақытылы және толық енгiзу.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
3-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi

2002 жылға арналған "Қызметтiк iздестіру иттерiн қолдана отырып кедендiк бақылауды қамтамасыз ету" 031 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 33 000 мың теңге (отыз үш миллион теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заңының 9-бабы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 395 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746 қаулысы , "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Кинологиялық орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 230 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: кедендiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігінiң Кинологиялық орталығын ұстау және дамыту, кинолог мамандарды оқыту, есiрткi құралдарын жарылғыш заттарды және қаруды iздестiру үшiн қызметтiк-iздестiру иттерiн ұдайы өсiру, малдәрiгерлiк қызмет көрсету және тиiстi дайындық.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
    031        Қызметтiк-
               iздестiру
               иттерiн
               қолдана
               отырып
               кедендiк
               бақылауды
               қамтамасыз
               ету
 
            030  Кинология.  40 адам санындағы     Жыл    Қазақстан
               лық орталық бекiтiлген штат       iшiнде Республика.
                           санының лимитіне             сының
                           сәйкес                       Кедендiк
                           Кинологиялық орталық.        бақылау
                           тық қызметкерлерiн           агенттiгi
                           ұстау. 100 адам -
                           кинологтарды оқыту.
                           40 бiрлiк иттердi,
                           180 жиынтық жабдық.
                           тарды, малдәрігерлiк
                           және медициналық
                           препараттарды,
                           иттерге apналған
                           тамақтарды, 20
                           жиынтық есiрткi
                           құралдарының
                           ауыстырғыштарын, 10
                           жиынтық жарылғыш
                           заттардың ауыстырғыш.
                           тарын сатып алу.
                           Асыл тұқымдық
                           қызметiн жүргізу
                           (төлді мемлекеттiк
                           тіркеу) қызметтiк-iз.
                           дестiру иттерiмен
                           жарыстар өткiзу, оқу     
                           сыныптары мен арнайы
                           үйрету алаңдарын
                           жабдықтау.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: даярланған кинолог-мамандар санының ұлғаюы, тартып алынған есiрткi құралдарының жарылғыш заттар мен қару санының ұлғайуы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
4-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi

2002 жылға арналған "Кеден органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз eту" 200 республикалық бюджеттiк бағдарламасының ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 254 294 мың теңге (екi жүз елу төрт миллион екi жүз тоқсан төрт мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заңы 405-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1247 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі органдарының алдына Қазақстан Республикасының Үкiметi қойған жүктелген функционалдық мiндеттердi табысты орындау үшiн тиiстi жағдайлар жасау.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
1   200        Кеден       Облыстық аумақтық     Жыл    Қазақстан
               органдарын  бөлiмше үшін 1        iшiнде Республика.
               материал.   қызметтік ғимарат            сының
               дық-техни.  және "Астана - жаңа          Кедендік
               калық       қала" ЕЭА аумағында          бақылау
               қамтамасыз  жаңадан құрылған             агенттігі
               ету         кеден органы үшiн 1
                           ғимарат сатып алу.
                           Сатып aлу орта есеп.
                           пен: автокөлiк - 4
                           бiрлiк, офистiк
                           жиhаз - 600 жиынтық,
                           кедендік бақылаудан
                           техникалық құралдары
                           - 403 жиынтық, құжат.
                           тамалау мен
                           аудио-бейне ақпарат.
                           тың техникалық құрал.
                           дары, қосалқы техни.
                           калық құралдар -
                           696 дана, радиациялық
                           бақылаудың байланыс
                           құралдары - 50 жиын.
                           тық; зертханалық
                           жабдықтар - 34
                           жиынтық офистік
                           ұйымдық және тұрмыс.
                           тық техникалар -
                           121 дана, нысанды
                           киiм-кешек - 43 000
                           зат, киiм-кешекке
                           фурнитуралар - 24000
                           бiрлiк.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi органдарының материалдық-техникалық құралдаpға қажеттілігін қамтамасыз ету, кеден органдарының ғимараттарын iшiнара жөндеудi жүзеге асыру, "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аумағында жаңадан құрылған кеден органын материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
5-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі

2002 жылға арналған "Кеден бекеттерiнiң құрылысы және қайта жаңарту" 301 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 536 000 мың теңге (бес жүз отыз алты миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасындағы кеден ісi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заңының 3, 11-баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша басымды шекаралық кеден бекеттерiн дамыту.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткiзу пункттерінiң, оның iшiнде темiржол терминалдарының құрылысы және оларды жарақтандыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
    301        Кеден       Жобалау-сметалық      Жыл    Қазақстан
               бекеттерi.  құжаттама әзiрлеу;    iшiнде Республика.
               нiң         4 кеден теміржол             сының
               құрылысы    терминалдарының,             Кедендік
               және оларды 6 бақылау-өткізу             бақылау
               қайта       пункттерінің құрылысы;       агенттігі
               жаңарту     кеден бекеттерiнiң,
                           кедендiк инфрақұры.
                           лымның құрылысы,
                           қайта жаңарту,
                           кеңейту және күрделi
                           жөндеу. 5 кеден
                           бекетiнiң құрылысын
                           аяқтау: Шығыс
                           Қазақстан облысындағы
                           "Кopдoн" бақылау-өт.
                           кiзу пункті, Қызыл.
                           орда облысындағы
                           "Қосаман" және
                           "Жұмабай" бақылау-
                           өткiзу пункттерi,
                           Маңғыстау облысын.
                           дағы "Тұрық" және
                           "Сыртанжал" бақылау-
                           өткізу пункттерi
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудан күтiлетін нәтижелер: 4 кедендік теміржол терминалдары мен 11 кеден бекеттерiн қолданысқа енгізу, кедендік бақылаудың тиімділігі мен сапасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының қауіпсiздiгі мен қорғалуын қамтамасыз ету, бақылау органдарының қызметкерлерi үшiн әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшiн сервис қызметін жасау, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жеделдету, шекара маңындағы аудандардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы, мемлекеттiң кiрiсiне түсетiн түсiмдердiң ұлғаюы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
6-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi

2002 жылға арналған "Қазақстан Республикасының кеден шекарасын қорғауды қамтамасыз ету" 056 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 40 000 мың теңге (қырық миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығ ы; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізумен байланысты қылмыстардың жолын кесу, тиiстi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының кеден шекарасында контрабандаға қарсы күреске бақылауды күшейту, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, қару-жарақтың Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiгi заттарының, зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң, жойылып кету қаупi төнiп тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң, олардың бөлшектерi мен туындыларының, басқа да тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу; Қазақстан Республикасының Оңтүстiк және Оңтүстiк-Батыс шекараларында кедендiк бақылауды күшейту жөнiнде Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi қойған мiндеттердi iске асыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
    056        Қазақстан   Қазақстан Республика. Жыл    Қазақстан
               Республи.   сының аумағына заң.   ішінде Республика.
               касының     сыз жүктердiң өтуін          сының
               кеден       болдырмау мақсатында         Кедендік
               шекарасын   теңіз кемелерінің су         бақылау
               қорғауды    асты бөлiктерiн бейне        агенттігі
               қамтамасыз  және фототүсірімдерді
               ету         пайдалана отырып,
                           тексеру жүргiзу үшiн
                           кәсiби сүңгуiрлердің
                           қызметiне ақы төлеу.
                           Тексерiлетiн теңiз
                           кемелерiнiң су асты
                           бөлiктерiнiң саны
                           30 000 шаршы метр
                           орташа тексеру
                           алаңымен 129 бiрлiк.
                           ті құрайды.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздігін нығайту, кеден шекарасы арқылы контрабандалық жүктердiң, есiрткi құралдарының, прекурсорлардың, жарылғыш заттардың, қару-жарақтың, оқ-дәрiлер мен басқа да тыйым салынған заттардың, рұқсатсыз өткiзiлуiнiң жолын кесу; республикалық бюджетке түсiмдердiң ұлғаюы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
7-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi

2002 жылға арналған "КААЖ" кедендiк ақпараттық жүйенi алып жүру" 500 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 333 443 мың теңге (үш жүз отыз үш миллион төрт жүз қырық үш мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 12 қыркүйектегi N 1112 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 472-ө өкiмi .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн жұмыс жағдайында ұстау, кеден алымдары мен бюджетке төлемдер аударымдарын көтеру мақсатында кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жүктік кедендiк декларациялардың электронды көшiрмелерiнің дерекқорын орталықтандырып жасау, жасалған қорлардың негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға беруге арналған Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң мониторингi.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының кеден қызметi ақпараттық жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердi алып жүру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
1   500        "КААЖ"      Дерекқордың 79 сер.   Жыл    Қазақстан
               кедендiк    верiне техникалық     ішінде Республика.
               ақпараттық  қызмет көрсету.              сының
               жүйенi      Дерекқордың                  Кедендік
                           серверлерiн                  бақылау
                           жүйелi техникалық            агенттігі
                           қолдауға (алып
                           жүруге) төлем,
                           дерекқорлардың
                           серверлерiне кепiл.
                           дiктi және кепiлдік.
                           тiден кейiнгi
                           жөндеудi қамтамасыз
                           ету. Дерекқор сервер.
                           лерiнiң жүйелi
                           тұғырнамасын уақытылы
                           жаңарту жөнiндегi
                           жұмыстарға төлем.
                           Кедендiк автоматтан.
                           дырылған ақпарат
                           жүйесi шеңберiнде
                           жұмыс iстейтiн
                           компьютерлiк жабдық.
                           тарды алып жүру
                           жөнiндегi жұмыстарға
                           төлем - 200 данадан
                           астам есептеуiш және
                           офистiк техникалар.
                           "Универсальный"
                           автоматтандырылған
                           жұмыс орнын қолдан.
                           балы бағдарламалық
                           қамтамасыз етуді
                           алып жүру, Қазақстан
                           Республикасының
                           заңнамалық базасына
                           сәйкес қолданбалы
                           бағдарламалық
                           қамтамасыз етудің
                           модульдерiн өңдеу
                           және жаңғырту.
                           Байланыс арналарының
                           берiлуiне ақы төлеу.
                           Республикалық дерек.
                           тер беру желiсiнiң
                           телекоммуникациялық
                           жабдықтарына техни.
                           калық қызмет көрсету.
                           Informix дерекқорының
                           басқару жүйесiн
                           қолдау жөнiндегi
                           жұмыстарды жүргізу.
                           Қазақстан
                           Республикасы кеден
                           органдарының 15
                           қызметкерiн оқыту.
                           ROLАР-орталық аппарат.
                           тық бағдарламалық
                           кешенiн алып жүру,
                           жүйенiң тұрақты жұмыс
                           iстеуiн, талдау
                           құралдарының уақытылы
                           жаңартылуын
                           қамтамасыз ету.
                           1500 қосу нүктесiнде
                           79 жергiлiктi есептеу
                           желiлерiн алып жүру
                           жөнiндегі жұмыстарды
                           жүргiзу.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджeттік бағдарламаларды орындаудан күтілетiн нәтижелер: 79 кешендiк-автоматтандырылған кеден бекеттерi мен Кеден басқармаларының кiдiрiссiз жұмысын қамтамасыз ету, жүктiк кедендiк декларациялардың электрондық көшiрмелерi дерекқорларының серверлерiн техникалық қолдауды қамтамасыз ету, есептеуiш және офистiк техникаларды техникалық алып жүру.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
8-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi

2002 жылға арналған "КААЖ" кедендiк ақпараттық жүйесiн дамыту" 600 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 78 078 мың теңге (жетпiс сегiз миллион жетпiс сегiз мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 12 қыркүйектегi N 1112 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетілдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 301 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 472-ө өкiмi.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiн одан әрi енгiзу, кеден алымдары мен бюджетке төлемдер аударымдарын көтеру мақсатында кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жүктiк кедендiк декларациялардың электронды көшiрмелерiнiң дерекқорын орталықтандырып жасау, жасалған қорлардың негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға беруге арналған Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметінiң негiзгi көрсеткiштерiнiң мониторингi.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның міндеттері: Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiне ақпараттық технологиялар енгiзу, кедендiк ақпарат жүйелерiн одан әрi дамыту.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
1   600        "КААЖ"      Сақтау орнын жобалау. Жыл    Қазақстан
               кедендiк    ға арналған техника.  ішінде Республика.
               ақпарат     лық тапсырма жасау,          сының
               жүйесін     талдамалы қолданбалы         Кедендік
               дамыту      бағдарламалық                бақылау
                           қамтамасыз етудi             агенттігі
                           жазу, оның Кедендiк
                           бақылау агенттiгiнiң
                           орталық аппаратындағы
                           инсталляциясы.
                           Кеден бекеттерiне 25
                           жергiлiктi есептеу
                           желiсiн және 4 жер.
                           үстi байланыс желі.
                           лерiн қосымша жасау.
                           Екi шекара маңындағы
                           кеден бекеттерiне
                           бейне бақылау жүйесi.
                           нiң тәжiрибелiк
                           жобасын жасау,
                           қолданбалы бағдарла.
                           малық қамтамасыз етудi
                           тәжiрибелiк пайдалану.
                           Орта есеппен 250
                           бiрлiк санындағы
                           дербес компьютерлердi
                           жаңарту және пайда.
                           ланулардан шығып
                           қалғандарын ауыстыру.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының сыртқы экономикасын дамыту болжамдарын құру кезiнде талдауды пайдалану, Қазақстан Республикасының кеден органдарын қажеттi техникалық өлшемдерi бар компьютерлiк және офистiк техникалармен жарақтандыру, Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы автокөліктік құралдарының өтуін бейнебақылау жүйесiнiң тәжірибелік жобасын жасау.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 1369 қаулысына       
9-қосымша           

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі

2002 жылға арналған "Бұрын" Еркiн кеден аймағы" режимiнде ресiмделген тауарларды қайта ресiмдеу үшiн кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу" 037 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 137 500 мың теңге (жүз отыз жетi миллион бес жүз мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 27, 72, 79-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын тарату туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 421 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қолданылып жүрген кеден заңнамасының талаптарын орындау.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласының арнайы экономикалық аймағының таратылуына байланысты бұрын мемлекеттiк мекемелер "Еркiн кеден аймағы" режимiнде ресiмдеген тауарларды мемлекеттiк бюджетке тиесiлi кеден төлемдерi мен салықтарын төлей отырып өзге кеден режимiнде қайта ресiмдеу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарла.! Бағдарламарды (кіші  !Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !малардың !   бағдарламаларды)   !асыру!орындаушылар
с! коды  !дар. !(кіші    ! іске асыру жөніндегі !мер. !
N!       !лама.!бағдарла.!       іс-шара        !зімі !
!       !ның  !малардың)!                      !     !
!       !коды !атауы    !                      !     !
------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !     4   !          5           !  6  !     7
------------------------------------------------------------------
    037        Бұрын       Кедендік ресiмдеу     Жыл    Қазақстан
               "Еркiн      жөніндегі брокерлік   ішінде Республика.
               кеден айма. қызметтер үшін ақы           сының
               ғы" режи.   төлеу, жүктік кеден.         Кедендiк
               мінде ре.   дік декларациялардың         бақылау
               сімделген   саны - 44 дана.              агенттiгi
               тауарларды  Тауарларды бағалау
               қайта       жөніндегі тәуелсіз
               ресімдегені сараптамаға қызмет.
               үшін кеден  тері үшін ақы төлеу,
               төлемдері   бағалау актілерінің
               мен салық.  саны - 20 дана.
               тарын төлеу Мемлекеттiк мекеме.
                           лердiң кеден төлемде.
                           рi мен салықтары
                           бойынша мемлекеттiк
                           бюджет алдындағы
                           қарыздарын өтеу,
                           жүктiк кедендiк
                           декларациялардың саны
                           - 44 дана.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттiк мекемелердің кеден төлемдері мен салықтары бойынша мемлекеттiк бюджет алдындағы қарыздарын өтеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады