Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 789 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қарағанды облысының әкіміне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100000000 (бір жүз миллион) теңге Приозерск қаласында 2002-2003 жылдардағы жылу маусымының кредиторлық берешегін өтеуге, оның ішінде мазут тасымалдау қызметіне ақы төлеуге 26108000 (жиырма алты миллион бір жүз сегіз мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады