Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 150ат қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 759-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Қазақстан Республикасының қазiргi телекоммуникациялық желiлерi мен ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына зерттеу жүргiзе отырып, мультисервистiк (көлiктiк) ортасын құруға арналған техникалық тапсырма әзiрлеу ("Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi бiр көзден "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-тан сатып алуды жүргiзсiн).";
      7-тармақтағы "Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының қазiргi телекоммуникациялық желiлерi мен ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына зерттеу жүргiзе отырып, мультисервистiк (көлiктiк) ортасын құруға арналған техникалық тапсырма";
      2) көрсетiлген қаулыға 760-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      мынадай мазмұндағы 4.4-тармақпен толықтырылсын:
      "4.4. Хабарламаларды кепiлдiк берiп жеткiзу үшiн базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 1 жиынтық.";
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Мемлекеттiк органдар үшін техникалық құралдар мен лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 4 жиынтық.
      8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеудiң кiрiктiрiлген жүйелерiн, оның ішінде телекоммуникациялық қызметтер көрсетудi құpу.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік органдар үшін техникалық құралдар мен лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу - 4 жиынтық, хабарламаларды кепілдік беріп жеткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу - 1 жиынтық. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеудiң кiрiктiрiлген жүйелерiн, оның ішінде телекоммуникациялық қызметтер көрсетудi құpу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады