Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 145 қаулысы

      Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жыл сайын 25 сәуiрге және 25 қазанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 6 ақпандағы 
N 145 қаулысымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасының темiр жол
көлiгiн қайта құрылымдаудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Астана, 2004 жыл

       1. Паспорты

Атауы:                 Қазақстан Республикасының темiр жол
                       көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006
                       жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшiн           "Teмip жол көлігі туралы" Қазақстан
негiздеме:             Республикасының 2001 жылғы 8
                       желтоқсандағы Заңы

Әзiрлеушi:             Қазақстан Республикасының Көлiк және
                       коммуникациялар министрлiгi

Iске асыру мерзiмi:    2004-2006 жылдар

Бағдарламаның          Темiр жол көлiгінiң мемлекет пен қоғам үшiн
мақсаты:               оңтайлы жұмыс iстеу жүйесiне қол жеткiзу

Бағдарламаның          Темiр жол көлiгiнiң нормативтiк құқықтық
мiндеттерi:            базасын жетiлдiру;
                       қамтамасыз ету қызметiн негізгі қызметтен
                       бөлу;
                       магистральдық темiр жол желiсiне қол
                       жеткiзудiң тең құқығын беру арқылы
                       тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру;
                       өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру, темiр жол
                       көлiгінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
                       жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерiн
                       шешу.

Қажетті ресурстар      Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн
мен қаржыландыру       қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға
көздерi:               арналған бағдарламасы "Қазақстан темiр жолы"
                       ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк
                       қоғамының өз қаражаты және Қазақстан
                       Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен
                       iске асырылады

Күтiлетiн нәтижелер:   Қамтамасыз ету секторы кәсiпорындарының,
                       вагон және локомотив шаруашылықтарының
                       инвестициялық тартымдылығын арттыру;
                       жүк, контейнер және жолаушылар
                       тасымалдарының тиiмдiлiгі мен сапасын
                       арттыру;
                       қамтамасыз ету қызметiнде бәсекелес ортаны
                       құру;
                       темiр жол көлiгi қызметтерi рыногын
                       қалыптастыру;
                       темiр жол көлiгiндегі тарифтiк саясатты
                       жетiлдiру;
                       жеке меншiк кәсiпкерлiк пен капиталдың қызмет
                       ету аясын кеңейту;
                       тасымалдау қызметiне байланысты емес
                       объектiлердi жекешелендiрудi және
                       коммуналдық меншiкке берудi аяқтау;
                       тасымалдау қызметiндегi бәсекелестiктi
                       дамыту;
                       тасымалдаушылардың қызметтерiне бағаны
                       нарықтық негiзде қалыптастыру;
                       жеке меншiк вагон паркiнiң магистральдық
                       темiр жол желiсiне қол жеткiзудi кеңейту
                       және вагон паркiнiң жаңа иелерiнiң пайда
                       болуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
                       Еуропа мен Азия арасындағы транзиттiк әлуеттi
                       барынша пайдалану.

       2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына сәйкес темiр жол саласы ұйымдарының қызметiн Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында әзiрленген.
      Бағдарламаны қабылдау қажеттiлiгi темiр жол саласын қайта құрылымдаудың аралық қорытындыларын шығарудан және осы Бағдарламаның шығуына байланысты күшiн жойған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының темiр жол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасымен көзделген негiзгі iс-шаралардың аяқталуынан туындап отыр.
      Бағдарламамен нарықтық қатынастарды кеңейтуге, бәсекелес ортаны дамытуға, темiр жол көлiгiне жеке меншiк инвестициялар мен кәсiпкерлiк бастамашылықты тартуға бағытталған саланы одан әрi қайта құрылымдау жөнiндегi негізгi iс-шаралар белгіленедi.
      Қазақстанда темiр жол көлігін реформалау 1997 жылы үш қазақстандық темiр жолды жаңадан құрылған "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрамына бiрiктiру және сол мезетте оның құрамында алты жол басқармасын құру арқылы басталған болатын. Құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейiн "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (бұдан әрi - "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ) кәсiпорынның қаржылық және өндiрiстiк жағдайын айтарлықтай жақсартқан iс-шаралар кешенiн жүргіздi. Алайда, кәсiпорын жұмысының тиiмдiлігін оңтайландыру және күшейту жөнiндегi резервтер, негiзгі қорларды қайта өндiруге инвестициялық ресурстар тапшылығы, активтер мен жұмыс көлемiнiң үйлеспеуi сияқты саланың құрылымдық проблемаларын шешу үшiн жеткiлiксiз. Қазiргі кезеңде темiр жол көлiгін басқару негіздерiне әсер ететiн, институционалдық өзгерiстер жүргiзу, бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер енгізу, сондай-ақ реформалар процесiн мемлекеттiк қолдау қажеттiлігіне алып келетiн бiрқатар түбегейлi шараларды қабылдау қажет. Жолаушылар тасымалын субсидиялау проблемаларын шешу сияқты мiндеттер деңгейi және олардың әлеуметтiк мәнi мемлекеттiң тiкелей қатысуын талап етедi. Бұл проблемаларды одан әрi тек жалғыз "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың күш салуы есебiнен шешу Қазақстанның темiр жол саласындағы инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемасын жоймайды. Осы инвестициялар негізгі құралдарды жаңартуға, босайтын өндiрiстiк қуаттар мен персонал, соның iшiнде күрделi-қалпына келтiрiп жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондарды жаңғырту және құрастыру жөнiндегi зауыттар негiзiнде жаңа импорт алмастыратын өндiрiстердi құруға, жаңа жолдарды салуға тарту қажет.
      Сонымен, құрылымдық реформаларды және тарифтiк саясаттың келiсiлген өзгерiстерiн жүргізу қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгі әрекет етiп отырған қазiргі экономикалық жағдайдан туындап отыр.

       3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

         3.1. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың магистральдық темiр жол желiсiнiң жай-күйі

      Қазақстан экономикасының шикiзаттық бағытта болуына байланысты темiр жол көлiгі Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнде шешушi рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерiне сәйкес соңғы жылдары барлық көлiк түрлерiнiң жүк айналымындағы оның үлесi 70%-дан артығын, жолаушылар айналымында 50%-дан артығын құрайды.
      Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгімен тасымалдауда "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ монополист болып табылады және оның бәсекелестерi жоқ.
      Қазақстан темiр жолдарының пайдалану ұзындығы 13,6 мың шақырымды құрайды, оның ішiнде қос жолды желiлер - 5,0 мың шақырымнан астам (37%), электрлендiрiлген желiлер - 3,7 мың шақырым (27%). Бас жолдардың жайма ұзындығы - 18,8 мың шақырым, станциялық және арнаулы жолдардың ұзындығы - 6,7 мың шақырым. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ темiр жол желiсiнiң негiзгі бөлiгi (97,5%) Қазақстанның аумағында орналасқан, ал қалған 2,5% Ресейдiң шекаралас аудандарының аумағында орналасқан. Республиканың солтүстiк және орталық облыстарының аумағы арқылы жолдың 5732 шақырымы өтедi, бұл "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ иелігіндегi жолдардың барлық пайдалану ұзындығының 42%-ын құрайды. Елiмiздiң оңтүстiк және шығыс аудандарында жолдардың 3992 шақырымы (29,3%), батыс аудандарында 3577 шақырымы (26,2%), ал орталық және солтүстiк аудандарда 6075 шақырымы (44,5%) орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағындағы темiр жол желiсiнiң бiр бөлiгi Ресей Федерациясы мен Қырғызстан темiр жол әкiмшiлiктерiнiң басқаруында жүp.
      Республиканың темiр жол желiсiнде 751 бөлу пунктi орналасқан. 351 станцияда жүк операциялары жүргiзiледi. 21 станцияда автоматтандырылған басқару жүйесi бар, 38 станция сұрыптау құрылғыларымен (дөңестермен, жартылай дөңестермен және көлбеу созып қою жолдарымен) жабдықталған, 6 станция жүк және поезд құжаттарын жiберуге арналған пневматикалық почтамен жабдықталған. Темiр жолдардың техникалық жарақтандырылуының (пайдалану ұзындығы, электрлендірiлген желiлердiң ұзындығы, жүк вагондарының жұмыс паркi) және тасымалдау жұмысының (жүк айналымы, жолаушылар айналымы, жүк тиеу) негiзгi көрсеткiштерi бойынша Қазақстан бұрынғы KCPO республикалары арасында Ресей мен Украинадан кейiн үшiншi орында тұр.

       3.2. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың локомотив шаруашылығының жай-күйi

      2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың локомотив паркi 1834 локомотивтi құрады, оның iшiнде 615 электровоз, 723 магистральдық тепловоз бен 496 маневрлiк тепловоз.
      Пайдаланылатын парк (1233 локомотив) мүкәммал парктiң 67%-ын құрады, тиiсiнше пайдаланылмайтын локомотив паркi (601 локомотив) мүкәммал парктiң 33%-ын құрады.
      Қазіргі кезде "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ локомотивтерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу "Темiржолмашжөндеу" ААҚ-тың, "Локомотивжөндеу" ААҚ-тың жөндеу кәсiпорындарында жүргiзiледі, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктep жүргiзедi.
      "Темiржолмашжөндеу" ААҚ-тың жөндеу кәсiпорындарында (Шу - Жамбыл, Қазалы, Құсмұрын, Орал, Шалқар, Павлодар, Ақадыр және Атбасар) КР-2, КР-1, TO-8, ТО-7, ТО-6, TO-3 циклдерiмен локомотивтердi жөндеудi жүргiзедi.
      "Локомотивжөндеу" ААҚ-тың жөндеу кәсiпорындарында (Ақтөбе, Мақат, Астана, Қарағанды, Қостанай, Защита, Аягөз, Жамбыл, Арыс, Сексеуiл) КР-1, TO-8, TO-7, ТО-6, TO-3 циклдерiмен локомотивтердi жөндеудi жүргізедi.
      Өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң негiзiнде (Атырау, Шұбарқұдық, Маңғыстау, Жем, Қызылорда, Новоишим, Бурабай курорты, Ерейментау, Жаңаарқа, Балқаш, Ақадыр, Екiбастұз, Семей, Шар, Ақтоғай, Алматы, Шу, Шымкент, Түркiстан) TO-8, ТО-7, TO-6, ТО-3 циклдерiмен жөндеулер жүргізiледi.

       3.3. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ вагон шаруашылығының жай-күйi

      "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ жүк вагондарының мүкәммал паркiнiң ағымдағы жай-күйi 76934 бiрлiк, соның iшiнде жабық вагондар 13246 бiрлiк, платформалар 10236 бiрлiк, ашық вагондар 28327 бiрлiк, цистерналар 10392 бiрлiк, өзге вагондар 14733 бiрлiк құрайды.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ пен "Вагонжөндеу" ашық акционерлiк қоғамының мүлкiн иелiктен шығару жөнiндегі 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 11-ө өкiмiне сәйкес 2003 жылғы 28 ақпанда "ТрансКом" ЖШС-мен және "Богатырь Транс" ЖШС-мен жүк вагондарын сатып алу-сату туралы N 399-ЗAО және N 400-ЗAO шарттар жасалды. Аталған шарттарға сәйкес "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ "КөлiкКом" ЖШС-ға 2004 жылғы маусымға дейiн 3563 жүк вагонын (соның iшiнде 700 хоппер-цемент тасығыш, 691 хоппер-жентек тасығыш, 2172 ашық вагон), "Богатырь Транс" ЖШС-ға 3077 ашық вагонды беруге мiндеттi.
      Жөндеудiң жоспарлы түрлерiмен қалпына келтiрiлген вагондарды және "ТрансКом" ЖШС және "Богатырь Транс" ЖШС компанияларына берiлген ұзақ тұрып қалған жүк вагондарын ескере отырып, ұзақ тұрып қалған вагондар паркi 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 18868 бiрлiктi құрайды.

       3.4. "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың жай-күйi

      Жолаушылар тасымалын құрамында үш өңiрлiк: Алматы, Батыс және Ақмола жолаушылар филиалы; жетi өңiрлiк жолаушылар вагоны филиалы: ЛВЧД Астана, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар; "АВЗ" Алматы жолаушылар вагондарын жөндеу жөнiндегі зауыт және Қала маңының тасымалдары, Багаждық тасымалдар, Вагрест мамандандырылған филиалдары бар "Жолаушылар тасымалы" ААҚ жүзеге асырады.
      Жолаушы шаруашылығының 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жылжымалы құрамы 2145 вагонды құрайды, оның iшiнде пайдалану паркi - 1504 вагон. Жолаушыларға 303 станция қызмет көрсетедi, олардың 269-ы билет сатуды жүзеге асырады.
      Жолаушылар тасымалы кәсiпорны көрсететiн жүзеге асыратын тiзбесiне бүкiл республика аумағы бойынша багаж тасымалдарын жүзеге асыру кiредi. Багаж 68 станцияда қабылданады, оларда қойма және сұрыптау үй-жайлары бар. Жолаушылар поездарының құрамында "Қазпочта" ААҚ-тың почта вагондары да жүредi.
      "Жолаушылар тасымалы" ААҚ жолаушылар вагондарын дербес жабдықтайды (төсек-орын бұйымдары, көмiр, су, шай, қант), кiр жуу қызметтерiн және вагон-мейрамханаларда жолаушыларға қызмет көрсетедi.
      Өңiрлiк жолаушылар вагоны филиалдары жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетедi (жинау, жуу), тексередi және ағымдағы жөндеудi жүргiзедi. Олардың көпшiлiгi деполық жөндеудi жүзеге асырады. Күрделi және зауыттық жөндеулердi Алматы вагон жөндеу зауыты, Қызылорда жолаушылар вагоны филиалы, сондай-ақ "Ырысты-АЭВРЗ" ААҚ жүзеге асырады.

       3.5. 2001-2003 жылдары темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау қорытындылары және одан әрi қайта құрылымдаудың қажеттігі

       Ескерту. 3.5.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310  қаулысына сәйкес iске асырылған "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ етiп қайта құрумен бiрiншi кезеңнiң аяқталуы атап өтiлдi, бұл саланы реформалаудың кейбiр қорытындыларын шығаруға мүмкiндiк бередi.
      Оларды ұстау жөнiндегі шығындарды ұзақ жылдар бойына жүк жөнелтушiлер тариф арқылы өтеп келген әлеуметтiк сала объектiлерi - мектептер, балабақшалар, медицина мекемелерi толық дерлiк жергiлiктi атқарушы органдарға берiлген және темiр жол кәсiпорындары төлейтiн салықтар құрамдас бөлiгi болып табылатын мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылуда.
      Қосалқы қамтамасыз ету қызметiмен айналысатын барлық еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар ("Жолжөндеу", "Жол жөндеушi", "Темiр жол жөндеу" - жол жөндеу бойынша, "Локомотивжөндеу" мен "Темiржолмашжөндеу" - локомотивтердi жөндеу бойынша, "Вагонжөндеу" - вагондарды жөндеу бойынша, "Темiржолсужылужабдықтау" - кәсiпорындарды сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша, "Көлiктелеком" - телефон және телеграф байланысы қызметтерiн қамтамасыз ету бойынша, "Әскерилендiрiлген темiр жол күзетi" және басқалары) жеке заңды тұлғалар - акционерлiк қоғамдар болып бөлiндi, бұл оларға өз қызметiнде акциялар пакеттерiн иеленушi "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың тарапынан жасалатын бақылау мен басқаруды сақтай отырып, икемдi, нарықтық тетiктердi қолдануға мүмкiндiк бердi.
      Жылжымалы және тартымдық құрамдарды жөндеу аясындағы қызмет көрсетулердiң бәсекелес рыногын кеңейту үшiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ" және "Локомотив жөндеу", "Вагонжөндеу", "Темiржолмашжөндеу" және "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамдары" филиалдарының мүлiктiк негізiнде өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктер құрылды.
      Жылжымалы құрамды жөндеу саласында бәсекелестікті одан әрi дамыту үшiн жөндеу ұйымдарының мамандануы талданған соң 2003 жылдың соңында мыналар бойынша іс-шаралар жүргiзілдi;
      "Темiржолмашжөндеу" акционерлiк қоғамының Шалқар, Орал, Жамбыл, Ағадыр, Құсмұрын, Павлодар, Шу, Қазалы және Атбасар станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының мүлкi негiзiнде акционерлiк қоғамдар мен жауапкершілiгi шектеулi серіктестіктер құруы;
      "Локомотивжөндеу" акционерлiк қоғамының Мақат, Защита, Жамбыл, Қостанай, Сексеуiл, Арыс, Астана, Аягөз, Ақтөбе және Қарағанды станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының мүлкi негiзiнде жауапкершілігі шектеулi серiктестiктер құруы;
      "Вагонжөндеу" акционерлiк қоғамының Ақжайық, Защита, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шымкент және Екiбастұз станцияларында орналасқан вагон жөндеу деполарының мүлкi негiзiнде жауапкершілігі шектеулi серiктестіктердi құруы.
      Сол арқылы жөндеу саласындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшiн жағдай жасалды, бұл ретте "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ барлық қызметтердi конкурстық негізде сатып алуды жүргізедi. Бұл қамтамасыз ету қызметi кәсiпорындары арасындағы бәсекелестiктi дамытуға мүмкiндiк бередi және тұтастай алғанда, олардың қызметтерiн сатып алу бойынша шығындарды азайтты.
      Басы артық активтердi шағын, орта бизнес кәсiпорындарына (өндiрiстiк кооперативтерге) пайдалануға берiп, "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестi қолдаудың стратегиялық мемлекеттiк мiндеттерiн шешуде айтарлықтай рөл ойнады.        Бiрiншi кезеңнiң маңызды шараларының бiрi магистральдық темiр жол желiсiнiң мүлiктiк кешенiн белгілеу және оны "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың меншігіне беру болды.
      Қайта құрылымдаудың бiрiншi кезеңiнiң соңы темiр жол көлiгiнiң өндiрiстік және қаржы-экономикалық көрсеткiштерiнiң әрi қарай жақсаруымен атап өтiлдi.
      2003 жылдың соңында локомотив тартымын беру қызметiнiң негiзгi түрi болып табылатын "Локомотив" акционерлiк қоғамы және жүк тасымалдарын жүзеге асыратын және жүк вагондарын басқа тасымалдаушыларға беру жөнiндегi қызметтердi көрсететiн "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамы құрылды.
      Сонымен бiрге "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ құрамында құрылымдық бөлiмшелер: қызметi магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану және күтiп-ұстау болып табылатын Магистральдық желi дирекциясы және поездардың қозғалысын диспетчерлiк басқару, тасымалдарды жоспарлау, жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру функциясын орындайтын Тасымалдау дирекциясы құрылды.
      90-шы жылдар кезеңiнде темiр жол көлiк инфрақұрылымының басты элементi бола тұра, ТМД-ның барлық елдерiне тән экономикадағы дағдарыстық процестерге душар болды. Өндiрiс көлемдерiнiң құлдырауы және кәсiпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуi 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы тасымалдау көлемдерiнiң үш еседен артық төмендеуiнен, төлем жасамау проблемасынан және тұтынылатын ресурстар құнының тоқтаусыз өсуiнен көрiндi.
      Экономиканың жүйелiк дағдарысы саланы қаржылық және өндiрiстiк құлдырауға алып келдi. Сол кезеңдегi темiр жол көлiгiне тән белгі аз пайдаланылатын желiлердiң, станциялардың, жылжымалы құрамның, пайдалану және жөндеу кәсiпорындарының, еңбек персоналының басы артық саны болды. Қор қайтарылымының және еңбек өнімдiлiгiнiң созылмалы түрде төмендеуi осының салдары болды.
      Осы жағдайда Yкiмет темiр жол көлiгiн қайта құрылымдауда алғашқы қадам жасады. Темiр жолды қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн 1997 жылғы 31 қаңтарда Yкiметтiң қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темiр жолдарын қосу арқылы "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылды.
      Қабылданған шешiмнiң дұрыстығын кейiнгi жылдардың нәтижелерi растады. Барлық қаржы ағындарын бiрiктiру, қаржылық тәртiптi қатаңдату және басқаруды орталықтандыру саланың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
      Қазақстанның темiр жолы инфрақұрылымға және жылжымалы құрамға инвестициялар жасамай-ақ қолда бар активтердiң базасында толассыздықтың қажеттi деңгейiмен тасымалдау қызметiн және тарифтердiң өсуi салыстырмалы төмен болғанда поездар қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз еттi. Сала нақты бiр деңгейде Қазақстанның iрi кәсiпорындарының қалыптасуында және нығаюында басты рөл атқарды.
      Соңғы жылдары қол жеткiзiлген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуi қамтамасыз етушi және тасымалдаушы қызметтегi бәсекелестiктi дамытуға және жеке меншiк инвестицияларды тартуға бағытталған темiр жол көлiгiн одан әрi қайта құрылымдау қажеттiлiгiн белгiлейдi.
      Осымен қатар қайта құрылымдаудың негiзгi қағидаттарының бiрi темiр жол желiсiн мемлекеттiң меншігінде сақтап қалу және оны Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыру және транзиттiк әлеуетiн кеңейту мақсатында дамыту болып табылады.
      Сонымен бiрге одан әрi қайта құрылымдау қажеттiлiгі Магистральдық желi операторының Ұлттық тасымалдаушыдан қаржылық бөлу және магистральдық желiге барлық тасымалдаушылардың бiрдей қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бөлiгiндегi оның iс-шараларын "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , сондай-ақ темiр жолдың әлеуетті-бәсекелестiк тасымалдау қызметiн табиғи-монополиялық қызметтен бөлу бөлiгiнде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес келтiрумен байланысты.
      Әлемнiң дамыған елдерiнде бiрнеше тасымалдаушылардың магистральдық желiге қол жеткiзу модельдерi қызмет ететiндігін айта кету керек, олардың пайдалану көрсеткiштерi ТМД елдерiндегiден айтарлықтай жоғары, ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген реформалаудың негiзгi бағыттарының дұрыстығын куәландырады.

       4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Темiр жол көлiгiнiң мемлекет пен қоғам үшiн оңтайлы қызмет ету жүйесiне қол жеткiзу қайта құрылымдаудың мақсаты болып табылады.
      Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн осы Бағдарлама мына мiндеттердi шешудi көздейдi:
      темiр жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      қамтамасыз ету қызметiн негізгі қызметтен бөлу;
      магистральдық темiр жол желiсiн тең пайдалану құқығын беру арқылы тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру;
      өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру, темiр жол көлігінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
      жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерiн шешу.

       5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен
        тетiгі

       5.1. Қамтамасыз ету қызметiн қайта құрылымдау

       Ескерту. 5.1.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 , 2006.06.30. N  606 қаулыларымен.

      Локомотив жөндеу және вагон жөндеу деполарының негiзiнде заңды тұлғаларды құрғаннан кейiн олардағы қатысу үлестерi мен акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатуды жүзеге асыру.
      Бұдан басқа мыналар бойынша iс-шаралар жүргiзіледі:
      жол жөндеуге мамандандырылған "Жолжөндеу" акционерлiк қоғамының, "Жол жөндеушi" акционерлiк қоғамы мен "Темiржолжөндеу" акционерлiк қоғамының акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ iске асырады;
      бұрын шағын бизнес субъектiлерiне жалға берiлген мүлiктiк кешендердi қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ iске асырады.
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметке байланысты емес қызмет түрлерiн жүзеге асыруына жол бермейтiн талаптарына сәйкес "Темiржолсужылужабдықтау" ашық акционерлiк қоғамы бөлу арқылы қайта құрылып, сумен жабдықтау қызметiне маманданатын "Темiржолсу" және жылумен жабдықтау қызметтерiн көрсететiн "Темiржолжылу" жаңа акционерлiк қоғамдар құрылады. 
      Жылу және сумен жабдықтаудың жекелеген объектiлерiн жергiлiктi атқарушы билiк органдарына кейiнгi беру жүзеге асырылады.
      Поездардың электр тартымына байланысты емес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншігінде тұрған энергиямен жабдықтау объектiлерi 2006 жылдың соңына дейiн ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бiрге жергiлiктi атқарушы органдарға берiледi.
      "Темiржолсу", "Темiржолжылу" акционерлiк қоғамдарының бiрден бiр акционерi "ҚТЖ" ҰК" АҚ болады.
      2006 жылдың соңына дейiн "Темiржолсу" және "Темiржолжылу" акционерлiк қоғамдарының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерi ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бiрге жергiлiктi атқарушы органдарға берiледi.
      2004-2005 жылдар бойына жергілiктi бюджеттерден субсидиялау мәселелерiнiң шешiлуiне қарай "Темiржолсу", "Темiржолжылу" және "Темiржолэнерго" акционерлiк қоғамдарының сумен, жылумен және энергиямен жабдықтау объектiлерi ағымдық жылға арналған айналым қаражатымен бiрге жергілiктi билiк органдарына берiледi.
      Темiржол байланысы жабдықтары базасының негізiнде толыққанды байланыс операторын құру үшiн "Көлiктелеком" акционерлiк қоғамы құрылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ оның меншігіне (жарғылық қорына) технологиялық емес байланыс беруде қолданылатын барлық жабдықты бередi. Бұдан басқа, "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Көлiктелеком" АҚ-қа технологиялық емес байланыс көрсету үшiн бөлiнген магистральдық байланыс кабелiнiң жекелеген талсымдарын ұзақ мерзiмдi жалға (10-15 жыл) бередi. Аталған талсымдарды "Көлiктелеком" АҚ меншігіне беру мүмкiн емес, себебi олар технологиялық талсымдармен бiрге магистральдық байланыс кабелiнiң iшiнде орналасқан және сатуға жатпайтын магистральдық желiнiң бөлiгi болып табылады. "Көлiктелеком" АҚ технологиялық емес байланысты беруде ғана қолданылатын жабдықтың меншiк иесi болып табылады.
      "Көлiктелеком" АҚ-тың акциялар пакетінiң 26%-ы "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншiгiнде сақталатын болады, акциялар пакетiнiң қалған 74%-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады;
      "Әскерилендiрілген темiр жол күзетi" акционерлiк қоғамы акциялар пакетінiң 100%-ы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiнде сақталатын болады және сатуға жатпайды.
      ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың Ақжайық, Павлодар және Қазықұрт жуу-булау станциялары - филиалдарының теңгерімiнде тұрған мүлiктiң негiзiнде кейiннен қатысу үлестерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатып, заңды тұлғалар құру болжанып отыр.
      Қорғағыш екпе ағаштарды күту және қалпына келтiру жөнiндегi бейiндiк емес қызметті бөлiп шығару мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың филиалдарының теңгерiмiнде тұрған мүлiктiң негiзiнде - Алматы, Астана және Ақтөбе станцияларында орналасқан қорғағыш екпе ағаштар дистанциялары кейiннен қатысу үлесiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатып, "Орманқорғау" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігiн құру ұсынылып отыр.
      Негізгі қызмет кәсiпорындарының қамтамасыз ету секторымен қарым-қатынасында дәстүрлi нарықтық тетiк қолданылады, бұл қамтамасыз ету секторының өнiмдiлігін арттыру көрсететiн қызметтерiнiң өзiндiк құнын төмендету үшiн қосымша ынтаны туғызады. Басы артық қуаттылықтар бiртiндеп экономиканың басқа секторларына қайта бағдарланады.

       5.2. Негізгі қызметтi қайта құрылымдау

       Ескерту. 5.2.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 , 2006.06.30. N  606 қаулыларымен.

      "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық темiр жол компаниясы (Магистральдық желi операторы) барлық тасымалдаушылардың магистральдық темiр жол желiсiн пайдаланудың тең құқығын қамтамасыз етедi. Тасымалдау қызметiнде бәсекелестiктi дамыту өз (жалданған) жылжымалы құрамы бар жаңа тасымалдаушылардың пайда болуы есебiнен қамтамасыз етiледi.
      Тасымалдаушыларды қалыптастыру процесi Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгiнiң қызмет ету ерекшелiктерiн, жүк айналымының барынша жоғары болатын кезеңдерде тасымалдарды үздiксiз қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жүргізiледi.
      "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық темiр жол компаниясының қызметтерiн жүзеге асырады.
      Бұдан басқа, темiр жол жүйесiн пайдаланудың тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдық желiнiң қызметтерiн көрсетуге технологиялық байланысты табиғи монополиялық қызметтердi көрсетумен айналысады. 
      Көлiктiк сервис орталығы" АҚ бiрнеше жүк жөнелтушi пайдаланатын кiрме жолдарды беру жөнiндегi қызметтердi тең жағдайда көрсете отырып, кiрме жолдардың операторы функцияларын жүзеге асыратын болады. Ол үшiн "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-қа магистральды темiр жол желiсiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың "Магистральды желi дирекциясы" филиалының теңгерiмiндегi кiрме жолдар берiлетiн болады.
      "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-на тиесiлi және бiр жүк жөнелтушiмен пайдаланылатын кiрме жолдар заңнамада белгiленген тәртiп бойынша сатылады.
      2003 жылы Компанияның құрамында құрылған қызметi магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану және күтiп-ұстау болып табылатын Магистральдық желi дирекциясы және поездар қозғалысын басқару мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету функцияларын орындайтын Тасымалдау дирекциясы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың құрылымдық бөлiмшелерi болып қалады.
      Сонымен бiрге 2003 жылғы қазанда пайдалану локомотив деполары мен пайдаланылатын локомотив паркi негiзiнде "Локомотив" акционерлiк қоғамы құрылды, оның бiрден бiр құрылтайшысы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ болып табылады.
      "Локомотив" акционерлiк қоғамының негiзгi қызметi тасымалдаушылар мен магистральдық темiр жол желiсiнiң операторына тең құқықты жағдайда локомотив тартымы қызметiн көрсету және тартымдық жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету болып табылады.
      2005 жылғы 1 қаңтарға қарай барлық локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерi, локомотивтiк бригадалардың демалыс үйлерiмен қоса, дербес "Локомотивтiк сервис орталығы" акционерлiк қоғамы болып бөлiнедi, оның бiрден бiр акционерi "ҚТЖ" ҰК" АҚ болып табылады. 
      "Локомотив" акционерлiк қоғамы магистральдық және маневрлiк локомотивтер паркiн күтiп-ұстайды. Маневрлiк локомотивтер паркi Магистральдық желi операторына ("ҚТЖ" ҰК" АҚ) станциялық жұмысты жүргiзу үшiн жалға берiледi. Магистральдық желi операторына шаруашылық тасымалдарын жүзеге асыру үшiн сондай-ақ магистральдық локомотивтер паркi жалға берiледi.
      "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамы жүк тасымалын дербес жүзеге асыратын болады. Жылжымалы құрамға ағымдағы қызмет көрсетуге және тоқтатып қоюға арналған жөндеу базасымен қамтамасыз ету мақсатында оған "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалдарының теңгерiмiнде тұрған жөндеу базаларының, Арыс, Балқаш, Құсмұрын және Орал станцияларындағы, бұрын өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулi серiктестiктерде жалда болған пайдалану деполарының мүлкi берілетiн болады.
       Қазкөлiксервис" АҚ-тың акциялары пакетiнiң 100%-ы темiр жол көлiгiнiң контейнерлiк тасымалдарын, iшкi және транзиттiк қатынастардағы мультимодальдық тасымалдарды дамыту үшiн "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың жарғылық капиталында сақталатын болады. Бұл ретте 2006 жылы "Қазкөлiксервис" АҚ "Қазтемiржолкөлiк" АҚ-тан фитингтiк тұғырнамалардың бүкiл мүкәммал паркiн қабылдайды
      "Каскоркөлiксервис" АҚ-тың акциялары пакетiнiң "Қазкөлiксервис" АҚ-қа тиесiлi 12,69%-ы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне берiлетiн болады.
      "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-қа тиесiлi "Кеденкөлiксервис" АҚ акциялары (33%), контейнерлiк аулалардың және терминалдық шаруашылықтың жұмысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету үшiн 2006 жылға дейiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың жарғылық капиталында сақталады. 2006 жылдың үшiншi тоқсанында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға тиесілi "Кеденкөлiксервис" АҚ акциялар пакетiнің 33%-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады.
      2006 жылдың соңында темiр жол көлiгiнiң құрылымы мынадай болады:

Қайта құрылымдаудан кейiнгi темiр жол
көлiгiнiң құрылымы

     Нарық секторын қалыптастырғаннан кейiнгi темiр жол саласының
                                құрылымы 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі                           |                          |
           _______________|_____________             |
Бәсекелес |     "ҚТЖ" ҰК" АҚ            |         "Лизингтік    Бәсекелес
  нарық   |   (табиғи монополия)        |          жолаушылар     нарық
          |_____________________________|           вагон
           Магистралды желі    Тасымалдау         компаниясы"  
              дирекциясы       дирекциясы             АҚ      
  Жеке                       (МТЖ операторы)                 Локомотивтерді
меншік жүк                      |                           жөндеу жөніндегі
тасымалдау-                _____|________                      АҚ мен ЖШС   
  шылар                   | "Қазтемір-   | "Жолаушы-       
              "Локомотив" |  жолкөлік" АҚ|  лар тасы-         
Жеке меншік   АҚ (100%) __|  (100%)      |  малын              Вагондарды  
локомотив                 |              |  басқару-        жөндеу жөніндегі
компания-     "Локомо-    | "Қазкөлік-   |__дың опе-              ЖШС
лары          тив сер-    |  сервис" АҚ  |  ративтік            
Жеке меншік   вистік    __|  (100%)      |  техноло-           Жолаушылар 
вагондар мен  орталығы"   |              |  гиялық             вагондарды
контейнер-    (100%)      |              |  орталығы"       жөндеу жөніндегі
лер опера-                |              |  ЖШС                АҚ және ЖШС
торлары                   |              |                        
                          |_ "Каскор-    |                    "Кеденкөлік-
              "Әскери-    |   көлік-     | "Жолаушы-           сервис" АҚ
"Көлік-       лендірілген |  сервис" АҚ  |  лар тасы-            (100%)
телеком" АҚ   темір жол   |  (12,69 %)   |__малы"
(74%)        күзеті" АҚ__|_             |    АҚ               Жол жөндеу
              (100%)      |  "Көліктік   |  (100%)            жөніндегі АҚ
                          |  сервис      |
                          |  орталығы" АҚ|  "Багаж            "Орманқорғау"
"Жолаушылар               |  (100 %)     | тасымалдары"            ЖШС
транс"                    |              |    АҚ
компаниясы"               |              |  (100%)
  ЖШС         "Көлік-     |  "Вокзал-    |
(жекеменшік   телеком" АҚ |  сервис"     |__"Вагон-             "ЖБС" ЖШС
жолаушылар    (26%)     __|_ сыныптан тыс|  сервис"
тасымалдаушы)               станциялар АҚ|  (100%)
                             (Алматы-1,  |
                             2, Астана,  |  "Қала маңы
                             Ақтөбе,     |__тасымалдары
                             Қарағанды)        АҚ"
                                             (100%) Бейінді емес сала Вагон-мейрамха-  Вокзалдар  Сумен жабдықтау  Жылумен жабдықтау   Энергиямен
наларда қызмет      (1-5     объектілері       объектілері        жабдықтау
көрсету           сынып)                                        объектілері

      "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұсынатын магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне ақыны табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. "ҚТЖ" ҰК" АҚ барлық тасымалдаушылардың магистральдық темiр жол желiсiне бiрдей және тең құқықты қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Клиенттер үшiн тасымалдарға ақы төлеу магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi үшiн ақыдан және темiр жол көлігінiң өзге де қызмет түрлерiне арналған бағадан тұратын болады.
      Тәуелсiз тасымалдаушылар "ҚТЖ" ҰҚ" ЖАҚ-мен келiсiлген тасымалдау жоспарлары бойынша жұмыс iстейдi.
      Қайта құрылымдаудың аталған iс-шараларын iске асырудың нәтижесiнде тасымалдау рыногында жеке тасымалдаушылар қызмет ететiн болады. Темiр жол көлiгiнiң мемлекеттiк реттеу жүйесiнде 5.4. "Teмір жол көлiгiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi күшейту" iшкi бөлiмiнде жан-жақты баяндалған өзгерiстер болады.

       5.3. Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау

      Жалпы экономикалық тиiмдiлiктi арттыруға бағдарланған жолаушылар тасымалын реформалаудың мiндеттерi:
      жолаушылар тасымалын жүк тасымалынан қаржылық және ұйымдық бөлу;
      қаржы ағындарының толық айқындылығына қол жеткiзу, шығындарды қысқарту және демеуқаржыны азайту, жеке меншiк сектордың рөлiн күшейту;
      жолаушылар тасымалында бәсекелестiктi енгізуден тұрады.
      Жолаушылар тасымалы қызметiн функционалдық белгілерi бойынша екi блокка бөлуге болады:
      негізгі қызмет - жолаушылар тасымалы, багаж тасымалы;
      қамтамасыз ету және сервистiк қызметi - жолаушылар вагондарын жөндеу (Алматы вагон жөндеу зауыты - ABЗ), пайдалану жолаушылар вагоны деполары (ЛВЧД) жүзеге асыратын жолаушы вагондарға техникалық қызмет көрсету, ЛВЧД теңгерiмiндегі кiр жуу комбинаттарының көрсететiн қызметтерi және жолаушыларға вагон-мейрамханаларда қызмет көрсету, вокзалдар.

       5.3.1. Жолаушылар тасымалдарының қамтамасыз ету
             және сервистiк қызметiн қайта құрылымдау

       Ескерту. 5.3.1.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 , 2006.06.30. N  606 қаулыларымен.

      Қамтамасыз ету және сервистiк қызметтi қайта құрылымдау жолаушылар тасымалындағы шығыстардың айқындылығын және республикалық және жергілiктi бюджеттерден мақсатты субсидиялануын қамтамасыз ету үшiн оны негізгіден бөлуге бағытталған және мынадай iс-шаралардан тұрады:
      Алматы вагон жөндеу зауыты жолаушылар вагондарына күрделi жөндеудi орындай отырып, қамтамасыз ету қызметiнiң субъектiсi болып табылады және қайта құрылымдау қағидаттарына сәйкес бөлiнiп шығарылуға жатады. Жеке "Алматы вагон жөндау зауыты" АҚ құру көзделiп отыр, оның акциялар пакетi 2006 жылдың 4-тоқсанында қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сатылады, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ iске асырады.
      Әлеуеттi сатып алушылар тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда кредиттiк мiндеттемелер сомасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-та сақталып, онымен магистральдық желi қызметтерiнiң төлемiне (тарифке) енгiзу есебiнен өтелуi тиiс.
      Кiр жуу комбинаттарының қызмет көрсету рыногы "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың ЛВЧД-лары орналасқан барлық қалаларда дамыған, бұл рынокқа кiру айтарлықтай инвестицияларды талап етпейдi.
      "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың кiр жуу комбинаттарын жеке меншiк компанияларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату ұсынылады.
      Негiзгi қызметке бәсекелестіктi енгiзгенге дейiн жолаушыларға вагон-мейрамханаларда қызмет көрсету құқығын жеке кәсiпкерлерге беруге конкурс өткiзiлетiн болады. Жаңа жолаушы тасымалдаушылар пайда болғаннан кейiн олардың әрқайсысы өз құрамында вагон-мейрамханалардың жүру қажеттiлiгi мәселесiн дербес шешетiн болады. Бұл жағдайда оларды азық-түлiкпен орталықтандырылған қамтамасыз етуден босату және ассортименттi кеңейтумен баға белгiлеуде еркiндiк беру қажет.
      2004 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың вокзал шаруашылығының негiзiнде "Вокзалсервис" АҚ құрылатын болады, "Жолаушылар тасымалы" АҚ оның жалғыз акционерi болып табылады.
      "Вокзалсервис" АҚ 2006 жылдың аяғына дейiн 1, 2, 3, 4, және 5-сыныпты вокзалдарды жергiлiктi атқарушы органдарға берудi жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте перрондар және платформалар берiлмеуге тиiс. "Вокзалсервис" АҚ-тың теңгерiмiнде кластан тыс Астана, Алматы - I, Алматы - II, Ақтөбе және Қарағанды вокзалдары қалады, оның акциялар пакетi "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншiгiне берiледi.
      Вокзалдарды "Вокзалсервис" АҚ-қа және жергiлiктi атқарушы органдарға беру сауда алаңын жалға берудi ғана емес, жолаушылар мен жергiлiктi тұрғындарға қосымша сервис ұйымдастыруға, атап айтқанда, авиа және авто көлiкке билет сату үшiн алаңды жалға беруге, сұранысы бар өзге де қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бередi, бұл олардың күтiп ұстауға жұмсалатын шығындарын өтейдi. Бұл ретте вокзалдардың мүлкi жолаушылар мен тасымалдаушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн мақсатты тағайындалуы мен технологиялық процесiн сақтауды ескере отырып, тиiстi жағдайда ұсталуға тиiс.
      Жолаушылар вагондарын жөндеу қызметiнде бәсекелестiктi енгізу мақсатында "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың барлық филиалдары - жолаушылар вагон деполарын (ЛВЧД) бiрден бiр акционерi "Жолаушылар тасымалы" АҚ болып табылатын дербес "Вагонсервис" АҚ-қа бөлу көзделедi.
      Құрылған "Вагонсервис" АҚ-қа барлық жөндеу базалары берiледi және тиiсiнше ол шарттық негiзде барлық жолаушылар тасымалдаушыларға вагондарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жөнiнде қызмет көрсететiн болады. 2005 жылы "Вагонсервис" АҚ акциялар пакетiнiң 100 %-ы заңнамада белгіленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншігiне берілетiн болады.
      Қызылорда және Ақтөбе станцияларында орналасқан жолаушы вагондарын жөндеу жөнiндегі мүлiктің негізiнде кейiннен қатысу үлестерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатып, жауапкершілігi шектеулi серiктестiк құру ұсынылып отыр.

       5.3.2. Жолаушылар тасымалдарының негiзгi қызметiн
                       қайта құрылымдау

       Ескерту. 5.3.2.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 , 2006.06.30. N  606 қаулыларымен.

      Негiзгi қызметтi қайта құрылымдау мына iс-шаралардан тұрады:
      "Қала маңындағы тасымалдар" филиалы мүлкiнiң базасында, оларға филиалдың өзiнiң және "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың активтерiн (электр- және дизель поездар) берiп, өңiрлiк деңгейде бiрқатар акционерлiк қоғамдар құру ұсынылады.
      Қала маңындағы тасымалдар "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергiлiктi бюджеттен субсидиялануы тиiс, сондықтан құрылған АҚ-тардың әрқайсысы субсидия беру мәселесi бойынша өз өңiрiнде жергiлiктi органдармен өзара iс-қимыл жасайтын болады.
      Бұл қадам қала маңындағы тасымалдар жөнiндегi бiр жалпыреспубликалық компания құруға қарағанда, екi жақты қатынастарды неғұрлым тиiмдi түрде құруға мүмкiндiк бередi.
      Қала маңындағы жолаушылар тасымалын жергілiкті бюджеттерден субсидиялау туралы мәселелер шешілгеннен кейiн өңiрлерде құрылған заңды тұлғалардың акциялар пакеттepi (қатысу үлестepi) тиісті атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiне берілетiн немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықтарда сатылатын болады. Қала маңындағы жолаушылар тасымалын толыққанды субсидиялау мәселелерiн шешкенге дейін "Қала маңындағы тасымал" АҚ акциялар пакетінiң 100%-ы заңнамада белгіленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншігіне берілетiн болады.
      Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың тасымалдау қызметiне бәсекелестiк енгiзу мақсатында уәкілеттi орган өткiзетiн әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау жөнінде ашық конкурсқа қатысатын облысаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшiн өңiрлiк филиалдарымен "Жолсерiк-Алматы" жауапкершілігі шектеулi серiктестігін құру. 2006 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-қа тиесiлi серiктестiкке қатысу үлесiнiң 100%-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыруды Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады. 
      Рынокта жеке тасымалдаушылардың пайда болуына байланысты "Экспресс" автоматтандырылған басқару жүйесiнiң автоматтандырылған жұмыс орындарына және бiрлескен жол бюросы жүзеге асыратын жолаушылар тасымалы процесiн үйлестiру қызметтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшін 2006 жылғы екiншi тоқсанда құрылтайшысы "Жолаушылар тасымалы" АҚ болатын "Жолаушылар тасымалын басқару жедел-технологиялық орталығы" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi құрылатын болады. 2006 жылы оның қызметiне барлық тасымалдаушылардың тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн құрылған жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктің қатысу үлесiнiң 100 %-ы заңнамада белгiленген тәртіппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне берілетiн болады.      
      Халыққа багажды тасымалдау, қабылдау және жөнелту жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету үшiн багажды қабылдау және жөнелту жөнiндегі агенттiк пункттер желiсiнiң базасында, бiрден бiр акционерi "Жолаушылар тасымалы" АҚ болып табылатын, дербес "Багаж тасымалдары" АҚ құру ұсынылады.
      Құрылған "Багаж тасымалы" АҚ шарттық негiзде багаж вагондарын жалға алатын, оларды поездар құрамына тiркеу жөнiндегi қызметтердi сатып алатын және клиенттерге "есiктен есiкке дейiн" сияқты талап етілетiн нысандағы қызметтердi көрсететiн болады. 2006 жылы "Багаж тасымалы" АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы заңнамада белгіленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне берiлетiн болады.
      Халықаралық тасымалдарға қатысатын және бұрын тартылған кредиттiк қаражат есебiнен сатып алынғандардан басқа, барлық жолаушылар вагондарының базасында жолаушылар және багаждық вагондарды барлық жолаушылар тасымалдаушыларға жалға (лизингке) беру үшiн дербес "Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" АҚ-ын құру ұсынылады. "Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" АҚ-тың жаңа жылжымалы құрамды сатып алуы коммерциялық негiзде жүзеге асырылатын болады. "Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" АҚ-тың мүлiктiк кешенiн толық қалыптастырғаннан кейiн, оның акциялар пакетiнiң 100%-ы кейiннен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне беру арқылы мемлекеттiк меншiкке берiледi.
      Талго" испан фирмасының кредиттік қаражат есебiнен сатып алынған вагондар паркi "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың меншiгiнде қалады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ сервистiк деңгейi жоғарылатылған халықаралық және фирмалық республикаiшiлiк тасымалды жүзеге асыратын болады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау басталған сәттен соң басқа маршруттар мен жолаушылар вагондары конкурстық негiзде жеке меншiк тасымалдаушыларға берiлетiн болады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiгiмен жолаушылар вагондарын сатып алуға бөлiнген германдық және испандық кредиттiк желiлерi бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың кредиттiк мiндеттемелерiн тасымалдаушыларға конкурстық негiзде берiлетiн франшиз құнына енгiзу ұсынылып отыр.
      Тиiстi маршруттарға франшиз тендерiнiң жеңiмпаздары мемлекеттiк субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын бiлiктi тасымалдаушы компаниялар болып танылады.
      Жолаушылар тасымалдарының негiзгi қызметiне бәсекелестiктi енгiзу оларды республикалық бюджеттен субсидиялау мәселесiн шешкеннен кейiн ғана мүмкiн болады. Субсидиялау тетiгiн әзiрлегенде мына принциптердi басшылыққа алу ұсынылады:
      халықтың әл-аухаты деңгейiнiң төмендігін және темiр жол көлігінiң көптеген бағыттар бойынша баламасыздығын ескере отырып, темiр жол желiсi бойында орналасқан республиканың барлық елдi мекендерiн (қалаларын) бiр-бiрiмен және көршiлес мемлекеттердiң негізгі iрi қалаларымен қосатын нақты маршруттардың тiзiмiн белгілеу керек;
      әр маршруттағы қызметтiң сапалық және сандық стандартын белгілеу керек (багаждық вагондардың және вагон-мейрамханалардың болуы, сервиске талап, сондай-ақ маршруттағы жолаушылар вагондарының саны);
      "франшизды" кезеңдегi плацкарт пен жалпы вагондарда жол жүрудiң шектi құнын уәкiлетті мемлекеттiк орган реттеуi тиiс, мұның өзiнде жайлы вагондарда жол жүрудiң құны мемлекет тарапынан реттеуге жатпайды;
      жолаушылар тасымалдарына қызмет көрсетумен және жолаушы тасымалдарының тиiмдi қызмет етуiне қажеттi кiрiстер деңгейiн қамтамасыз етпейтiн шығыстар заң жобасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен аталған қызметтердi көрсететiн жолаушылар тасымалдаушысына тiкелей субсидияланады.
      Барлық қатысты министрлiктермен және ведомстволармен жолаушылар тасымалдарын субсидиялау тетігін әзiрлеудi ұйымдастыру керек.
      Оң шешiлген жағдайда жолаушылар тасымалдарына бәсекелестiктi енгізудiң мынадай тетiгі ұсынылады:
      Жолаушылар поездарының маршруттары базасында жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөнiндегі конкурстың лоттары қалыптастырылады. Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
      Конкурсқа лицензиялау рәсiмiнен өткен жеке компаниялар - тасымалдаушылар жiберiледi.
      Компаниялар арасындағы бәсекелестiк маршруттарда жолаушылар тасымалдары бойынша қызметтер көрсету құқығын иелену үшiн жүзеге асырылады.
      Бұл ретте "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның және франшиздерге ие өзге тасымалдаушылардың маршруттарын субсидиялау республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын болады.

       5.4. Темiр жол көлiгiн мемлекеттiк реттеудi күшейту

       5.4.1. Уәкiлеттi органның рөлiн күшейту

       Ескерту. 5.4.1.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.

      Көлiк саясаты саланың күрделенген iшкi ұйымдастырылуына және темiр жол көлiгiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң функциялары мен жауапкершiлiктерiн айқын шектеуге барабар жаңа сапалы деңгейге көтерiлуi тиiс.
      "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамына қатысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылады, бұдан басқа мемлекеттiк басқарудың қолданыстағы жүйесiне орай уәкiлеттi орган функцияларының бiр бөлiгiн тарифтiк реттеу саласында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгі және мемлекеттiк мүлiкке иелiк ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi атқарады.
      Темiр жол көлiгiнде тереңдетiлген реформаларды жүзеге асыру уәкiлеттi мемлекеттiк органның саланы мемлекеттiк реттеудi күшейтудi табанды түрде талап етедi. Тек сол орган темiр жол көлiгi саласындағы мемлекетаралық келiсiмдер мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру, көлiк саясатын iске асыру және қауiпсiздiктi, лицензиялауды инспекциялау және бақылау, техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды әзiрлеу мен бекiту мәселелерiмен қоса, темiр жол саласындағы мемлекеттiң құзыреттi реттеушi органының функцияларын жүзеге асыру үшiн жауапты болуы тиiс.
      Уәкiлеттi орган Темiр жол көлiгiнiң орталық кеңесiнде (TКОК) және Темiр жолдар ынтымақтастығы ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасының темiр жол көлігін танытатын, лицензиялауды және қауiпсiздiктi бақылауды, локомотив пен вагон жасаудың жоғары технологиялық салаларындағы импорт алмастыруды дамытуды жүзеге асыратын болады.

       5.4.2. Тарифтiк реттеудi өзгерту

      Тасымалдауға арналған тарифтi мемлекеттiк реттеудi өзгерту қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
      Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн пайдаланғаны үшiн тасымалдаушылар енгізетiн төлем бағалық мемлекеттік реттеуге жатады. Оны табиғи монополия аясында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган анықтайтын болады.
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес локомотивтiк тартым мен темiр жол тасымалдарын ұсыну жөнiндегі қызметтерi табиғи-монополиялық қызмет түрлерiне жатпайды. Локомотивтiк тартым мен темiр жол тасымалдарын ұсыну жөнiндегі қызметтерiне арналған бағалар қажет болған жағдайда монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетiн болады.
      Осылайша, темiр жол көлігінде бiрнеше тасымалдаушылардың тең құқықты қызмет етуiн қамтамасыз ету үшiн қолданыстағы жүрген 10-01 баға көрсеткiшiнiң орнына тәжiрибеге магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметiне ғана тариф белгiлейтiн жаңа тарифтiк басшылықты қабылдау және енгiзу қажет етiледi.

       5.5. Құқықтық қамтамасыз ету

       5.5.1. Заңнамалық базаны реформалау қажеттiлiгi

      1994-2003 жылдар аралығында темiр жол саласының қызметiнде 50-ден астам нормативтiк құқықтық кесiм қабылданған.
      Қолданыстағы заңнамада жүргiзiлiп жатқан темiр жол саласын қайта құрылымдау, атап айтқанда темiр жол көлiгi субъектiлерiн және табиғи монополия субъектiлерiн реттеу, ескерiлген.
      Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау процесiн көрсететiн мынадай нормативтiк құқықтық актiлердi атап өту қажет:
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық  кодексi (Жалпы бөлiм);
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық   кодексi (Айрықша бөлiм);
      "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi  Заңы ;
      "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы ;
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы ;
      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңы .

       5.5.2. "Teмiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      Бүгiнгi күнi темiр жол көлiгi саласындағы қолданыстағы заңнамада кездесетiн елеулi кемшiлiктердi толтыруға арналған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне темiр жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзiрленген. Заң жобасы темiр жол көлiгiн қайта құрылымдауды ескеретiн қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" және "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерiстер енгiзудi көздейдi.
      Осы Заң жобасын қабылдау:
      бәсекелестiктiң дамуын, көлiк нарығының барлық субъектiлерiнiң темiр жол көлiгiнiң қызметтерiн алуға еркiн және ұтымды қол жеткiзудi;
      магистральдық темiр жол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтауды;
      ұлттық нарық субъектiлерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғауды;
      Ұлттық темiр жол компаниясы мен Ұлттық темiр жол тасымалдаушысының мәртебесiн анықтауды қамтамасыз етедi.
      Қолданыстағы Заңда жолаушы тасымалдарын республикалық бюджеттен субсидиялау тетiгi көзделмеген. Осыған орай Заңға заң жобасымен тиiстi толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлiп отыр.
      Сонымен қатар, "Teмір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзумен қатар темiр жол көлiгiндегi нарықтық қатынастардың дамуын қамтамасыз ететiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленуi және қабылдануы тиiс.

       5.5.3. Халықаралық темiр жол жүк (ХТЖҚ) және жолаушылар (ХТЖТ) қатынастары туралы келiсiмдер және ТЖЫҚ TКOК шеңберiндегi басқа келiсiмдер

      Қазiргi уақытта Темiр жолдар ынтымақтастығы ұйымына (ТЖЫҰ) қатысушы мемлекеттер қол қойған ХТЖҚ және ХТЖТ-ға және ТМД-ға қатысушы елдер темiр жолдарының ынтымақтастығы ТЖЫҰ шеңберiнде қол қойылған вагон паркi, поездарды құрастыру жоспары, өзара есеп айырысулар тәртiбi және т.б. жөнiндегi бiрқатар келiсiмдерге өзгерiстер енгiзу қажет етiледi.
      ХТЖҚ және ХТЖТ-ға негiзгi өзгерiстер:
      келiсiмдерде тасымалдауды жүзеге асыратын және тiкелей халықаралық қатынаста басқа елдер аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын темiр жол көлiгiнiң клиенттерiмен және темiр жол көлiгi субъектiлерiмен құқықтық қатынасқа түсетiн темiр жол көлігінің субъектiсiнiң анықтамасы ретiнде қолданылатын "темiр жол" терминiн қайта қарау;
      тасымалдауды жүзеге асыратын темiр жол көлiгі субъектiлерiнiң жауапкершiлiгі тiкелей халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асырушы клиентпен және темiр жол көлiгiнiң басқа субъектiлерiмен есеп айырысу;
      қазақстандық жүк және жолаушы тасымалдаушылардың тiкелей халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі есеп айырысу мәселелерiн қамтиды.
      ТЖЫҰ шеңберiндегі келiсiмдер бойынша жалпы вагондар паркiн, Поездарды құрастыру жоспарының негіздерiн, тасымалдаушылардың магистральдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн төлемдерiн, вагондарды жөндеудi сертификаттауды, темiр жол көлiгі субъектiлерi арасындағы есеп айырысуларды және т.б. пайдалану қағидаттары қайта қаралатын болады.

       6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi

       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген iс-шаралар "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың өз қаражаты және мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады. Бұл ретте мемлекеттiк бюджет қаражаттары жолаушы тасымалдарын субсидиялауға бағытталатын болады.

       7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

       Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.

      Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау мынадай оңтайлы қорытындыларға жеткiзедi:
      қамтамасыз етушi сектор кәсiпорындарының, вагон және локоматив шаруашылықтарының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
      жүк, контейнерлiк және жолаушылар тасымалдарының тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
      қамтамасыз етушi қызметте бәсекелестiк ортаны қалыптастыру;
      темiр жол көлiгі қызметтері рыногын қалыптастыру;
      темiр жол көлігіндегі тарифтiк саясатты жетілдiру;
      жеке кәсiпкерлiк қызмет пен капиталдың аясын кеңейту;
      тасымалдау қызметімен байланысты емес объектілерді жекешелендіруді және коммуналдық меншікке беруді аяқтау;
      тасымалдау қызметiндегi бәсекелестiктi дамыту;
      тасымалдаушылар қызметiнiң бағасын нарықтық негiзде қалыптастыру;
      жеке вагон паркiнiң магистральдық темiр жол желiсiне қол жеткiзуiн кеңейту және вагон паркiнiң жаңа меншiк иелерiнiң пайда болуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      Еуропа мен Азия арасындағы транзиттiк әлеуеттi барынша пайдалану.
      Бағдарламаны енгiзуден бағалау бойынша бәсекелес секторға бөлiп шығарылған вагон және локомотив паркiне 10 жыл бойы 200-300 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде жеке инвестициялар ағыны, сондай-ақ шығындарды қысқарту және жолаушылар тасымалдарына демеу қаржыны азайту есебiнен экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзiледi, бұл "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың қаржылық нәтижелерiн жыл сайын 100 млн. АҚШ долларына жақсартады. Бұл жүк тасымалдарына тариф белгiлеудi жақсартуға айтарлықтай әсер етедi және республикалық бюджетке темiр жол көлiгi қызметтерiн пайдаланушылардан қаржылай қаражаттың түсуiн арттырады.
      Бұдан басқа, темiр жол көлiгiнiң барлық субъектiлерi қызмет қаржылық тұрғыдан айқын болуына қол жеткiзiледi.
      Қайта құрылымдаудың ұсынылып отырған жолы темiр жол көлiгi кәсiпорындарына табыстарын молайтуға және сонымен Қазақстанның дамуы мен гүлденуiне лайықты үлес қосуына мүмкiндiк бередi.
      "ҚТЖ" ҰК" АҚ бойынша 2004-2006 жылға болжанып отырған негiзгi көрсеткiштер:

___________________________________________________________________
    Көрсеткiштер    |  Өлшем бiрлiгi |  2004   |  2005   |  2006
                    |                |  жылға  |  жылға  |  жылға
___________________________________________________________________
Жүк айналымы         млн. Т-км       152 754   156 075   160 300
Экспорт              млн. Т-км        61 620    62 138    62 660
Импорт               млн. Т-км         9 570    10 126    10 715
Жолаушы айналымы     млн. жолаушы-км  10 384    11 380    14 400
Табыстар             млн. теңге      208 361   234 270   259 442
Шығыстар,
оның iшiнде:         млн. теңге      195 346   214 625   238 026
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың
шығыстары            млн. теңге      106 659   117 185   129 962
"Қазтемiржолкөлiк"
АҚ-тың шығыстары     млн. теңге       23 637    25 970   28 801
"Локомотив" АҚ-тың
шығыстары            млн. теңге       65 050    71 470    79 263
Сатылған өнiмнiң
тауарлар, жұмыстар,
қызметтер) өзiндiк
құны                 млн. теңге       177 010   196 373   217 907
___________________________________________________________________

8. Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта
құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 , 2006.06.30. N  606 қаулыларымен.

___________________________________________________________________
Р/с|    Iс-шаралар    |Аяқталу|Орындауға |Орындалу|Болжанып|Қаржы.
N |                  |нысаны |  (iске   |мерзiмi |отырған |ландыру
   |                  |       |асыруға)  | (iске  |шығыстар|көзi
   |                  |       |жауаптылар| асыру) |        |
___________________________________________________________________
1          2             3         4        5         6       7
___________________________________________________________________
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.
4  Локомотив және      Сатып   "ҚТЖ"      2005     Мемле.   Меншік-
   вагон жөндеу        алу-    ҰК" АҚ     жылғы    кеттiк   ті қара-
   деполарының         сату               3-тоқсан бюд.     жат
   негізінде           шарт.                       жеттен
   құрылған заңды      тары                        қаржы.
   тұлғалардың қатысу                              ланды.
   үлестерiн және                                  руды
   акциялар                                        талап
   пакеттерiн                                      етпейдi
   қолданыстағы
   заңнамаға сәйкес
   сауда-саттықта сату
5  Жол жөндеуде        Сатып   "ҚТЖ"      2006     Мемле.   Меншік-
   маманданатын        алу-    ҰК" АҚ     жылғы    кеттік   ті қара-
   "Жолжөндеу" АҚ,     сату               3-тоқсан бюд.     жат
   "Жолжөндеушi" АҚ    шарт.                       жеттен
   және "Темiржол.     тары                        қаржы.
   жөндеу" АҚ акциялар                             ланды.
   пакеттерiн                                      руды
   қолданыстағы                                    талап
   заңнамаға сәйкес                                етпейдi
   сауда-саттықта сату
6  ЖШС-тар мен         Сатып   "ҚТЖ"      2006     Мемле.   Мен.
   ӨК-терге жалға      алу-    ҰК" АҚ     жылғы    кеттiк   шiктi
   берiлген "ҚТЖ" ҰК"  сату               3-тоқсан бюд.     қаражат
   АҚ мүлiктiк        шарт.                       жеттен
   кешендерiн          тары                        қаржы.
   қолданыстағы                                    ланды.
   заңнамаға сәйкес                                руды
   сауда-саттықта                                  талап
   сату                                            етпейдi
7  "Темiржолсужылу.    Тiркеу  "ҚТЖ" ҰК"  2004     Мемле.   Мен.
   жабдықтау" ААҚ-ты   туралы   АҚ,       жылғы    кеттiк   шiктi
   бөлу арқылы қайта   куәлiк  "ТЖСЖЖ"    1-тоқсан бюд.     қаражат
   ұйымдастыру, жаңа           AAҚ                 жеттен
   сумен жабдықтауда                               қаржы.
   маманданатын                                    ланды.
   "Темiржолсу" АҚ                                 руды
   және жылумен                                    талап
   жабдықтауда                                     етпейдi
   маманданатын
   "Темiржолжылу"
   АҚ-ты құру
8   Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.30. N  606 қаулысымен.
9  "Темiржолжылу" АҚ,  Қабыл.  "ҚТЖ" ҰК"  2006     Мемле.   Мен.
   "Темiржолсу" АҚ     дау-     АҚ,       жылғы    кеттiк   шiктi
   және энергиямен     тапсыру "Темiржол. 3-тоқсан бюд.     қаражат
   жабдықтау объектi-  актiсi  жылу"               жеттен
   лерi объектiлерiн           ААҚ,                қаржы.
   жергiлiктi                  "Темiр.             ланды.
   атқарушы органдарға         жолсу" АҚ,          руды
                                                   талап
                                                   етпейдi

9-1   "ҚТЖ" ҰК" АҚ      Тiркеу  "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншiктi
      филиалдары -      туралы   ҰК"    жылғы   тiк бюджет-  қаражат
      Ақжайық, Павлодар куәлiк   АҚ     3-тоқ-  тен қаржы-
      және Қазықұрт                      сан    ландыруды
      жуу-булау стан-                           талап
      цияларынын тең-                           етпейдi
      герiмiнде тұрған
      мүлiк негiзiнде
      заңды тұлғалар
      құру

9-2   "ҚТЖ" ҰК" АҚ     Сатып    "ҚТЖ"   2006    Мемлекет-   Меншiктi
      филиалдары - Ақ- алу-сату  ҰК"    жылғы   тiк бюджет-  қаражат
      жайық, Павлодар  шарты     АҚ     3-тоқ-  тен қаржы-
      және Қазықұрт                     сан     ландыруды
      жуу-булау стан-                           талап
      цияларының мүлкі                          етпейдi
      негiзiнде құрыл-
      ған заңды
      тұлғалардағы
      қатысу үлестерiн
      қолданыстағы заң-
      намаға сәйкес сау-
      да-саттықтарда
      сату

9-3   "ҚҰЖ" ҰК" АҚ     Тiркеу   "ҚТЖ"    2005   Мемлекет-   Меншiктi
      филиалдары -     туралы    ҰК"     жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      қорғағыш екпе    куәлiк    АҚ      3-тоқ- тен қаржы-
      ағаштар дистан-                    сан    ландыруды
      цияларының                                талап
      теңгерiмiнде                              етпейдi
      тұрған мүлiк
      негiзiнде "Орман-
      қорғау" жауапкер-
      шiлiгi шектеулi
      серiктестiгiн
      құру

9-4   Құрылған "Орман- Сатып    "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншiктi
      қорғау" жауап-   алу-сату   ҰК"    жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      кершiлiгi        шарты      АҚ     3-тоқ- тен қаржы-
      шектеулi серiк-                    сан    ландыруды 
      тестігiндегі                              талап
      қатысу үлесiн                             етпейдi
      қолданыстағы
      заңнамаға сәйкес
      сауда-саттық-
      тарда сату      
10 "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың   Қабыл.  "ҚТЖ" ҰК"   2006     Мемле.   Мен.
   технологиялық емес  дау-     АҚ,       жылғы    кеттiк   шiктi
   байланысын беруге   тапсыру "Көлiк.    3-тоқсан бюд.     қаражат
   жұмылдырылған       актiсi, телеком"            жеттен
   барлық жабдықты     жалға   АҚ                  қаржы.
   "Көлiктелеком" АҚ   алу                         ланды.
   меншігіне беру және шарты                       руды
   байланыстың                                     талап
   магистральдық                                   етпейдi
   кабелiнiң жекелеген
   тiндерiн
   пайдалануды жалға
   алу шартын жасасу
10-1 "Көлiктелеком"    Сатып    "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншікті
      АҚ-тың "ҚТЖ"     алу-сату  ҰК"     жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      ҰК" АҚ-қа тиесілi шарты    АҚ      3-тоқ- тен қаржы-
      акциялар пакетi-                   сан    ландыруды
      нiң 74 %-ын                               талап
      қолданыстағы заң-                         етпейдi
      намаға сәйкес
      сауда-саттық-
      тарда сату      
11  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.
12  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.30. N  606 қаулысымен.
12-1  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.30. N  606 қаулысымен.
13 Заңнамада           Сатып   "КCO" АҚ   2006     Мемле.   Мен.
   белгiленген         алу-               жылғы    кеттiк   шiктi
   тәртiппен "Көлiктiк сату               3-тоқсан бюд.     қаражат
   сервис орталығы"    шарты                       жеттен
   АҚ-қа тиесiлi және                              қаржы.
   бiр жүк жөнелтушi                               ланды.
   пайдаланатын кiрме                              руды
   жолдарды осы                                    талап
   тұтынушыға сату                                 етпейдi

13-1 Негiзгi қызметке    Қабылдау-   "ҚТЖ   2006  Мемле-   Меншiктi
     жатпайтын,          тапсыру     "ҰК"   жыл-  кеттiк   қаражат
     "ҚТЖ" ҰК" АҚ-       актiсi      АҚ,    ғы    бюджеттен
     тың                            "КСО"  3-тоқ- қаржылан-
     теңгерiмiндегi                  АҚ     сан   дыруды
     кiрме жолдарды                               талап
     "Көлiктiк сервис                             етпейдi
     орталығы" АҚ-қа
     тапсыру      
14 Локомотивтерге      Тiркеу  "ҚТЖ" ҰК"  2004     Мемле.   Мен.
   техникалық қызмет   туралы   АҚ        жылғы    кеттiк   шiктi
   көрсету және        куәлiк             4-тоқсан бюд.     қаражат
   локомотивтiк                                    жеттен
   бригадалардың                                   қаржы.
   демалыс үйлерi мен                              ланды.
   жабдықтау                                       руды
   пункттерiнiң                                    талап
   негiзiнде бiрден                                етпейдi
   бiр акционерi
   "ҚТЖ" ҰК" АҚ
   болатын
   "Локомотивтiк
   сервистiк орталық"
   акционерлiк қоғамын
   құру
15  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.
16   "ҚТЖ" ҰК" АҚ     Қабыл-   "ҚТЖ"    2005   Мемлекет-   Меншiкті
      филиалдарының    дау-      ҰК"     жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      теңгерiмiнде     тапсыру   АҚ      3-тоқ- тен қаржы-
      тұрған жөндеу    актісi   "Қаз-    сан    ландыруды
      базаларының,              темiр-          талап
      Арыс, Балқаш,             жол-            етпейдi
      Құсмұрын және             көлiк"
      Орал станция-               АҚ
      ларындағы пайда-
      лану деполарының
      мүлкін
      "Қазтемiржолкө-
      лік" АҚ-тың мен-
      шiгiне беру

17  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.30. N  606 қаулысымен.
17-1  "ҚТЖ" ҰК" АҚ-    Сатып    "ҚТЖ"    2005   Мемлекет-   Меншiктi
      тың "Каскоркөл-  алу-сату  ҰК"     жылғы  тiк бюджет- қаражат
      лік-cepвиc"      шарты     АҚ      3-тоқ- тен қаржы-
      АҚ-тың акциялар           "Қаз-    сан    ландыруды
      пакетiнiң 25,5            көлiк-          талап
      %-ын сатып                сер-            етпейдi 
      алуы                      вис"
                                АҚ
18  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.30. N  606 қаулысымен.

19    "Кеденкөлiксер-  Сатып    "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншiктi
      вис" АҚ-тың      алу-сату  ҰК"     жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      акциялар пакетi- шарты     АҚ      3-тоқ- тен қаржы-
      нің "ҚТЖ" ҰК"                      сан    ландыруды
      АҚ-қа тиесілi                             талап
      33 %-ын қолда-                            етпейдi
      ныстағы заңна-
      маға сәйкес
      сауда-саттықтар-
      да сату
20 Магистральдық       Норма.  ТМРжБҚА    2004     Мемле.   Мен.
   темiр жол желiсiнiң тивтiк  (келiсiм   жылғы    кеттiк   шiкті
   қызметтерiн         құқық.  бойынша)   4-тоқсан бюд.     қаражат
   пайдаланғаны үшiн   тық                         жеттен
   арналған тариф      кесім                       қаржы.
   енгiзу                                          ланды.
                                                   руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
21 Оның құрылтайшылары Тiркеу  "ҚТЖ" ҰК"  2004     Мемле.   Мен.
   "ҚТЖ" ҰК" АҚ,      туралы   АҚ,       жылғы    кеттiк   шiкті
   "Жолаушылар         куәлiк  "Жолау.    1-тоқсан бюд.     қаражат
   тасымалы" ААҚ               шылар               жеттен
   болатын "Алматы             тасымалы"           қаржы
   вагон жөндеу                ААҚ                 ланды.
   зауыты" АҚ-ты құру                              руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
22    "Алматы вагон    Сатып    "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншікті
      жөндеу зауыты"   алу-сату  ҰК"     жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      АҚ акциялар      шарты     АҚ      4-тоқ- тен қаржы-
      пакетiнiң                          сан    ландыруды
      100 %-ын                                  талап
      қолданыстағы                              етпейдi
      заңнамаға сәйкес
      сауда-саттық-
      тарда сату
23 "Жолаушылар         Сатып   "ҚТЖ" ҰК"  2006     Мемле.   Мен.
   тасымалы" АҚ-тың    алу-    АҚ         жылғы    кеттiк   шiкті
   кiр жуу             сату               3-тоқсан бюд.     қаражат
   комбинаттарын       шарты                       жеттен
   қолданыстағы                                    қаржы.
   заңнамаға сәйкес                                ланды.
   сауда-саттықта сату                             руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
24 Жолаушыларға        Жалға   "Жолаушы.  2004     Мемле.   Мен.
   вагон-ресторандарда алу     лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiкті
   қызмет көрсету      шарты   малы" АҚ   1-тоқсан бюд.     қаражат
   құқығын жеке                                    жеттен
   кәсiпкерлерге                                   қаржы.
   конкурстық негізде                              ланды.
   жалға беру                                      руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
24-1 "Жолаушылар та-  Тiркеу   "Жолау-   2006   Мемлекет-   Меншiктi
      сымалын басқару  туралы   шылар    жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      жедел-техно-     куәлiк   тасы-    2-тоқ- тен қаржы-
      логиялық                  малы"    сан    ландыруды
      орталығы"                 АҚ,             талап
      жауапкершілiгі            "ҚТЖ"           етпейдi
      шектеулi                  ҰК" АҚ
      серiктестігiн
      құру
25 Акционерi бiр ғана  Тiркеу  "Жолаушы.  2004     Мемле.   Мен.
   "Жолаушылар         туралы  лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiкті
   тасымалы" ААҚ       куәлiк  малы" ААҚ  1-тоқсан бюд.     қаражат
   болатын                                         жеттен
   "Вокзалсервис"                                  қаржы.
   АҚ-ты құру                                      ланды.
                                                   руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
25-1 Қызылорда және    Тiркеу   "Жолау-  2005   Мемлекет-   Меншiкті
      Ақтөбе станция-  туралы   шылар    жылғы  тік бюджет-  қаражат
      ларында орналас- куәлiк   тасы-    3-тоқ- тен қаржы-
      қан жолаушы               малы"    сан    ландыруды
      вагондарын жөн-           АҚ              талап
      деу жөнiндегi                             етпейдi
      мүлiктің негізiнде
      жауапкершілiгi
      шектеулi
      cepiкcтeстік
      құру
25-2  Қызылорда және   Сатып    "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншікті
      Ақтөбе станция-  алу-сату  ҰК"     жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      ларындағы         шарты    АҚ      3-тоқ- тен қаржы-
      жолаушы                            сан    ландыруды
      вагондарын жөн-                           талап
      деу жөнiндегi                             етпейдi
      мүлiктің негiзiнде
      құрылған
      жауапкершілiгi
      шектеулi
      серiктестіктер-
      дегі қатысу
      үлестерінің 100
      %-ын қолданыстағы
      заңнамаға сәйкес
      сауда-саттықтарда
      сату 
26 1, 2, 3, 4 және     Қабыл.  "Жолаушы.  2006     Мемле.   Мен.
   5 сыныпты           дау-    лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiкті
   вокзалдарды, "Қала  тапсыру малы" АҚ,  3-тоқсан бюд.     қаражат
   маңындағы           актiсi  "ҚТЖ" ҰК"           жеттен
   тасымалдар" АҚ-ты            АҚ, жер.           қаржы.
   жергілiктi                  гiлiктi             ланды.
   атқарушы                    атқарушы            руды
   органдарға беру             органдар            талап
                                                   етпейдi
27 Барлық жолаушылар   Тiркеу  "Жолаушы.  2004     Мемле.   Мен.
   вагондары деполарын туралы  лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiктi
   (ЛВЧД) берiп        куәлiк  малы" ААҚ  2-тоқсан бюд.     қаражат
   "Вагонсервис"                                   жеттен
   АҚ-ты құру                                      қаржы.
                                                   ланды.
                                                   руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
28 "Қала маңындағы     Тiркеу  "Жолаушы.  2004     Мемле.   Мен.
   тасымалдар" және    туралы  лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiктi
   "ҚТЖ" ҰК" АҚ       куәлiк  малы" ААҚ  1-тоқсан бюд.     қаражат
   (электр және                                    жеттен
   дизель поездары)                                қаржы.
   филиалдарының мүлкi                             ланды.
   негiзiнде "Қала                                 руды
   маңындағы                                       талап
   тасымалдар"                                     етпейдi
   AҚ-ты құру
29 "Жолаушылар         Тiркеу  "Жолаушы.  2004     Мемле.   Мен.
   тасымалы" ААҚ-тың   туралы  лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiктi
   багажды қабылдау    куәлiк  малы" ААҚ  2-тоқсан бюд.     қаражат
   мен жөнелту                                     жеттен
   агенттiк пункттерi                              қаржы.
   желiсiнiң негiзiнде                             ланды.
   "Багаж тасымалдары"                             руды
   АҚ-ты құру                                      талап
                                                   етпейдi
30 Халықаралық         Тiркеу  "Жолаушы.  2004     Мемле.   Мен.
   тасымалда           туралы  лар тасы.  жылғы    кеттiк   шiктi
   пайдаланылатын және куәлiк  малы" ААҚ  2-тоқсан бюд.     қаражат
   бұрын тартылған                                 жеттен
   кредиттiк қаражат                               қаржы.
   есебiнен сатып                                  ланды.
   алынған вагондардан                             руды
   басқа, жолаушылар                               талап
   және багаж                                      етпейдi
   вагондарын берiп
   "Жолаушы лизингтік
   вагон компаниясы"
   АҚ-ты құру
31 Жолаушылар тасымалы Конкурс ККM, "Жо.  2004     Мемле.   Мен.
   бойынша қызметтер           лаушылар   жылғы    кеттiк   шiктi
   көрсетуге                   тасымалы"  4-тоқсан бюд.     қаражат
   франшиздарды                АҚ                  жеттен
   қолданыстағы                                    қаржы.
   заңнамаға сәйкес                                ланды.
   сауда-саттықта сату                             руды
                                                   талап
                                                   етпейді
32    Акциялар пакетiн Қабылдау- "Жолау- 2006   Мемлекет-   Меншiкті
      иелену және      тапсыру   шылар   жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      пайдалану құқық- актісi    тасы-   3-тоқ- тен қаржы-
      тарын Көлiк және           малы"   сан    ландыруды
      коммуникация               АҚ,            талап
      министрлiгiне              Қаржы-         етпейдi
      кейiннен беру              минiнің
      арқылы "Жолаушы            ММЖК,
      лизингілік вагон           ККM
      компаниясы" АҚ-
      тың акциялар
      пакетiнiң 100%-ын
      мемлекеттiк
      меншiкке беру
32-1  "Вокзалсервис"   Қабылдау- "Жолау- 2006   Мемлекет-   Меншiктi
      АҚ, "Вагонсер-   тапсыру   шылар   жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      вис" АҚ, "Қала   актісi    тасы-   3-тоқ- тен қаржы-
      маңындағы тасы-            малы"   сан    ландыруды
      мал" АҚ; "Багаж             АҚ,           талап
      тасымалы" АҚ,              "ҚТЖ"          етпейдi
      акциялар пакет-             ҰК" АҚ
      терiнiң 100 %-ын
      сондай-ақ
      "Жолаушылар та-
      сымалын басқару
      жедел-
      технологиялық
      орталығы" ЖШС
      қатысу үлесiнiң
      100 %-ын "ҚTЖ" 
      ҰК" АҚ-тың
      меншiгiне беру

32-2  "ЖолаушыларТранс" Сатып    "ҚТЖ"    2006   Мемлекет-   Меншікті
      компаниясы" ЖШС-  алу-сату ҰК" АҚ   жылғы  тiк бюджет-  қаражат
      ға қатысу         шарты             4-тоқ- тен қаржы-
      үлестерiн                           сан    ландыруды
      100 %-ын қолда-                            талап
      ныстағы заңнамаға                          етпейдi
      сәйкес сауда-сат-
      тықтарда сату 
33  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N  920 қаулысымен.
34 Жолаушылар          "Рес.   ЭБЖМ, ККM  2004     РБК ше.  Респу.
   тасымалын           публи.             жылғы    шiмiмен  бли.
   субсидиялау         калық              4-тоқсан анық.    калық
                       бюджет                      талады   бюд.
                       туралы"                              жеттен
                       Қазақ.
                       стан
                       Респу.
                       бликасы
                       Заңының
                       жобасы
35 Қала маңындағы      Жергі.  Жергi.     2004     Жергі.   Жергі.
   тасымалдарды        лiктi   лiктi      жылғы    лiкті    лiкті
   субсидиялау         атқа.   органдар   4-тоқсан атқарушы бюджет.
                       рушы                        орган.   терден
                       орган.                      дардың
                       дардың                      шешi.
                       шешiмi                      мiмен
                                                   анық.
                                                   талады
36 Жолаушылар          "Рес.   ЭБЖМ, ККM  2005     РБК ше.  Респу.
   тасымалын           публи.             жылғы    шiмiмен  бли.
   субсидиялау         калық              4-тоқсан анық.    калық
                       бюджет                      талады   бюд.
                       туралы"                              жеттен
                       Қазақ.
                       стан
                       Респу.
                       бликасы
                       Заңының
                       жобасы
37 Қала маңындағы      Жергі.  Жергi.     2005     Жергі.   Жергі.
   тасымалдарды        лiктi   лiктi      жылғы    лiкті    лiкті
   субсидиялау         атқа.   органдар   4-тоқсан атқарушы бюджет.
                       рушы                        орган.   терден
                       орган.                      дардың
                       дардың                      шешi.
                       шешiмi                      мiмен
                                                   анық.
                                                   талады
38 "Қазақстан          Қазақ.  ККМ, "ҚТЖ" 2004     Мемле.   Мен.
   Республикасының     стан    ҰК" ЖАҚ    жылғы    кеттiк   шiктi
   кейбiр заң          Респу.             1-тоқсан бюд.     қаражат
   актiлерiне темiр    бликасы                     жеттен
   жол көлiгiнiң       Заңының                     қаржы.
   мәселелерi бойынша  жобасы                      ланды.
   өзгерiстер мен                                  руды
   толықтырулар                                    талап
   енгiзу туралы"                                  етпейдi
   Қазақстан
   Республикасының
   Заңын әзiрлеу
39 Темiр жол көлiгi    Үкi.    ККM, "ҚТЖ" 2005     Мемле.   Мен.
   кәсiпорындарында    метке   ҰК"  АҚ    жылғы    кеттiк   шiктi
   импортты            есеп               4-тоқсан бюд.     және
   алмастырушы                                     жеттен   қарызға
   өндiрiстердi                                    қаржы.   алынған
   дамыту                                          ланды.   қаражат
                                                   руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
40 Темiр жол көлiгi    Норма.  ККM, "ҚТЖ" 2006     Мемле.   Мен.
   саласындағы         тивтiк  ҰК"  АҚ    жылғы    кеттiк   шiктi
   нормативтiк         құқық.             4-тоқсан бюд.     қаражат
   құқықтық            тық ке.                     жеттен
   кесiмдердi          сiмдер                      қаржы.
   жетiлдiру                                       ланды.
                                                   руды
                                                   талап
                                                   етпейдi
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады