"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиістi тауар рыногында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектілерiнiң және рынок субъектiлерiнiң қызметін бақылау мен реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 567 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi тауар рыногында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерiнiң және рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополия субъектiлерiнің және тиістi тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектілерiнiң қызметін бақылау мен реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 30 қаңтардағы  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 23, 171-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2004 жылғы 17 сәуiрде және "Казахстанская правда" газетiнде 2004 жылғы 15 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуiрдегi  Заңы );
      1) 48-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында "көрсетiледi" деген сөздiң алдынан ", не монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезеңi iшiнде түскен кiрiс (ақшалай түсім) сомасының процентiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiктегі "операция сомасының процентiмен" деген сөздерден кейін "не монополистiк қызметті жүзеге асыру кезеңi iшiнде түскен кiрiс (ақшалай түсiм) сомасының процентiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 57-баптағы:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мәжбүрлеп баға белгiлеу.";
      екiншi бөлiктегi "1) және 2) тармақшаларда" деген сөздер "1), 2) және 3) тармақшаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
      "59-1-бап. Мәжбүрлеп баға белгiлеу
      1. Мәжбүрлеп баға белгiлеу рынокта елеулi бәсекелестiк болған кезде белгiлеу мүмкiн болмайтын бағаны не тауарды сатып алу немесе сатудың басқа да талаптарын белгiлеуде көрсетiлетiн рынок субъектiсi өзiнiң үстем жағдайын терiс пайдаланған жағдайда, қолданылады.
      2. Мәжбүрлеп баға белгiлеу бағаның белгiлi бiр шамасын, тауарлар табыстылығының және (немесе) бағаның жоғары (төмен) шегiнiң деңгейiн үш жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеу арқылы жүзеге асырылады.
      3. Рынок субъектiлерiнiң тауарларына мәжбүрлеп баға белгiлеу туралы шешiмдердi бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен бекiтiлген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге қабылдайды.";
      4) 69-баптың екiншi бөлiгiнде "салық салу" деген сөздерден кейiн ", табиғи монополиялар, бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "147-бап. Монополистiк қызмет және жосықсыз бәсеке
      1. Рынок субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем жағдайды терiс пайдалануы, мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-қимылдары, жосықсыз бәсеке, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде не монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде түскен кiрiстен (ақшалай түсiмнен) он процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      6) мынадай мазмұндағы 147-1, 147-2, 147-3-баптармен толықтырылсын:
      "147-1-бап. Келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) және экономикалық шоғырлану кезiнде рынок субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi
      Экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi келiсiмiн алмастан, егер мұндай рұқсаттың болуы қажет жағдайда, келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға қатысушы рынок субъектiлерi келісiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмде шарттасқан талаптар мен мiндеттемелердi орындамаса, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      147-2-бап. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлетті органның шешiмдерiн орындамау. Ақпаратты ұсыну жөнiндегi мiндеттемелердi бұзушылық және үй-жай мен аумаққа кiруге кедергi жасау
      Шешiмдi (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау не бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға ақпаратты белгiленген мерзiмдерде толық көлемде табыс етпеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпаратты табыс ету, тергеу жүргiзетiн бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кiруiне кедергi жасау, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      147-3-бап. Табиғи монополиялар туралы заңдарды бұзушылық
      Табиғи монополия субъектiсiнiң табиғи монополиялар туралы заңдарда белгiленген шектеулердi сақтамауы, табиғи монополия субъектiсiнiң мiндеттемелердi орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңын өзге де бұзушылық, -
      жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      7) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "147 (үшiншi бөлік)," деген сөздер алынып тасталсын;
      8) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "565-бап. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган
      "1. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147, 147-1, 147-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк органның Басқармасы, сондай-ақ бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың басшылары құқылы.";
      9) 565-1-баппен толықтырылсын:
      "565-1-бап. Табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган
      1. Табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы Кодекстің 147-3-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";
      10) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасындағы отыз бiрiншi абзац алынып тасталсын;
      11) 638-баптың бiрiншi бөлiгiнде "құқық бұзушылық," деген сөздерден кейiн "монополистiк қызметтi жүзеге асырған кезде - тергеудiң нәтижелерi туралы қорытынды жасағаннан кейiн," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 9 шiлдедегi Су  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат):
      134-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақ ССР-iндегi шаруашылық қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының 1990 ж. 11 желтоқсандағы Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 51, 483-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат; N 24, 597-құжат; 1993 ж., N 8, 176-құжат; 1995 ж.. N 20, 120, 121-құжаттар; N 21, 130-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат):
      21-баптың бесiншi абзацында "монополияға қарсы заң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы, бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңдары және" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 ж. 4 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат; N 19-20, 147-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағындағы ", бағалық және монополияға қарсы реттеу" деген сөздер "реттеу, бәсекелестiктi қорғау, монополистік қызметтi шектеу, табиғи монополия саласындағы қызметтi реттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 18-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 ж. 17 сәуiрдегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; 15-16, 109-құжат; N 20, 12-1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2004 жылғы 24 наурызда, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 20 наурызда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы  Заңы ):
      1) 2-баптың бесiншi абзацында "монополияға қарсы орган" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 6-бапта:
      алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиiстi тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлетті органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның алдын ала келiсiмімен тiркеушi орган жүзеге асырады.";
      3) 14-баптың төртiншi бөлiгiнде "монополияға қарсы органның" деген сөздер "табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-баптың төртiншi бөлiгiндегi екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиiстi тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiсiнiң қызметiн тоқтатуды тiркеудi бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен, ал табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметін тоқтатуды тiркеудi табиғи монополия саласындағы қызметтердi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.";
      5) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
      "19-1-бап. Өтпелi ережелер
      Осы Заңның 6-бабының алтыншы, жетiншi бөлiктерi 2005 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшiн жояды.".

      6. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 19 маусымдағы заң күшi бар N 2335  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат):
      1) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiпорындар монополиялық түрде өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағасын өсiруге жол бермеу мақсатында бәсекенi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк орган осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрден-бiр тұтынушы мемлекеттiк мекеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осындай бағаларды белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.";
      2) 40-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазыналық кәсiпорындар монополиялық түрде өндiретiн тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды көтеруге жол бермеу мақсатында бәсекенi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк орган осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрден-бiр тұтынушы мемлекеттiк мекеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осындай бағаларды белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.";
      3) 48-баптың 1) тармақшасындағы "монополияға қарсы заң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 49-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар):
      17-1-баптың 5-тармағының бесiншi абзацындағы, 61-баптың г) тармақшасында "монополияға қарсы заңның" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж. 21 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат):
      1) 19-баптың 2-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жағдайда, борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуi жөнiндегi жазбаша хабарламасы алынған кезден бастап табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның он күн iшiнде беретiн қорытындысы;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) егер борышкер тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiсi болып табылатын жағдайда, борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасы алынған кезден бастап, бәсекенi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның он күн iшiнде берiлетiн қорытындысы.".

      9. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат):
      44-баптың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 31 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "табиғи монополист кәсiпорындардың қызметiн монополияға қарсы реттеудi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 28 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат):
      10-баптың 7-тармағында "монополияға қарсы саясат саласындағы атқарушы өкiметтiң уәкiлеттi органның" деген сөздер "бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2004 жылғы 17 наурызда, "Казахстанская правда" газетiнде 2004 жылғы 16 наурызда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы):
      18-баптың 2-тармағында "монополияға қарсы органмен" деген сөздер "бәсекелестiкті қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 ж. 16 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; "Егемен Қазақстан" газетiнде 2004 жылы және "Казахстанская правда" газетiнде 2004 жылы жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiлiктi мемлекеттiк басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 мамырдағы  Заңы ):
      9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк реттеу мақсатында бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк орган мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтерге, осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрден-бiр тұтынушы мемлекеттiк мекеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, баға белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.".

      14. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 ж. 16 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат):
      68-баптың 6-тармағының екiншi бөлiгiндегi "монополияға қарсы заңның нормаларымен және ережелерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 ж. 7 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат):
      6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңдарына сәйкес мұнай өнiмдерiн өндірушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөнiндегi қызметтерiне тарифтер бекiтедi.".

      16. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 ж. 4 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат):
      6-бап алынып тасталсын.

      17. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 23, 170-құжат):
      көрсетілген Заңның 1-қосымшасындағы "монополияға қарсы заңының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы және табиғи монополиялар туралы заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады