"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мынадай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушi болып белгiленсiн:
1) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң әлемдiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық pecуpcтарға бiрiгуi мақсатында олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен шлюзiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және мемлекеттiк органдардың веб-сайттарын құру мен техникалық сүйемелдеу;
3) Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтің" ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрiлетiн мемлекеттiк органдардың бағдарламалық-ақпараттық құралдарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету, ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерi мен дерекқорларын құру, енгізу мен сүйемелдеу, сондай-ақ осы мақсаттар үшiн персоналды оқыту;
4) мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыру, дамыту, сүйемелдеу кезiнде жобаларды ұйымдық-техникалық қолдау және басқару;
5) бiрыңғай коммуникациялық ортаны және мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимыл жүйесiн құру мен техникалық қолдау;
6) Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және ақпараттық жүйелер депозитарийiн құру, сүйемелдеу және олардың жай-күйiнiң мониторингi;
7) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрiлетiн ақпараттық жобаларға техникалық талдау жүргiзу;
8) мемлекеттiк органдар үшiн типтiк бағдарламалық қамтамасыз етудi құру және сүйемелдеу;
9) Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде консалтингтiк қызметтер және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
10) Мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.03. N 421 қаулысымен.
2. "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мынадай:
1) радиожиілік спектр мен радиоэлектронды құралдар мониторингі жүйесіне инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі;
2) телекоммуникациялық спутникті, ғарыш аппараттарын жерден ілеспе басқару кешенін және байланыс мониторингі жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді беруші болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.01. N 81 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі